Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі

Баспасөз орталығы

17.05.2024

Барлық бонус бір қосымшада: Halyk бонус бағдарламасының агрегаторын іске қосты

Бонустар сауда жасаған кезде клиенттер үшін негізгі ынталандыру құралдарының бірі болып саналады. Күн сайын біз максималды бонус алу үшін қандай дүкендерде сауда жасау және қызметтердің ақысын төлеу туралы ойланамыз. Сонымен қатар түрлі дүкендер немесе мекемелер ұсынатын арнайы бағдарламалар туралы да ұмытпаймыз.

Олар өз клиенттеріне бонустар алуға және үнемдеуге, содан кейін жеке қаражатын үнемдей отырып, сауда ақысы үшін төлеуге мүмкіндік беретін әртүрлі жинақтау нұсқаларын ұсынады.

Дегенмен, әрбір жасалған сауда сізге бонустар әкелетін әлемде қосымшалардың, адалдық карталары мен ұсыныстардың көптігінен адасуға болады. Біз бақылау үшін әртүрлі қосымшаларды, құпия сөздерді және логиндерді пайдалансақ та, қай жерде және қанша бонус жинағанымызды есте сақтау қажеттілігіне жиі тап боламыз. Бұл – ыңғайсыз, солай емес пе?

SuperApp Halyk-та өз бонустарыңды ыңғайлы қолдану мен барынша пайдасын алу үшін «Серіктестердегі менің бонустарым» жаңа қызметі іске қосылды. Енді SuperApp Halyk пайдаланушылары Қазақстанда банктік және банктік емес қызметтер арасында баламасы жоқ бонус бағдарламаларының агрегаторын қолдана отырып, банк серіктестерінен алған бонустарын оңай, қарапайым және кез келген ыңғайлы уақытта қадағалай алады. Бір рет басу арқылы барлық бонустарыңыз телефондағы бір экранда көрінеді.

Ол үшін SuperApp Halyk қосымшасына кіріп, негізгі экранда Банктен алынған бонустарыңызды басу жеткілікті. Әрі қарай HalykСlub бетіне өтесіз, онда «Серіктестердегі менің бонустарым» бөлімін көре аласыз. Жаңа қызмет Visa консалтинг тобының сарапшыларының қолдауымен іске қосылғанын атап өткіміз келеді.

Halyk Bank Басқарма Төрағасының орынбасары Жұмабек Мамутов: «Halyk-та біз клиенттерге нақты құндылық әкелетін ыңғайлы әрі пайдалы қызметтерді жасауға тырысамыз. Біз клиенттер әртүрлі адалдық бағдарламалары бойынша өздерінің бонус қалдықтарын білгісі келгенде қиындықтарға тап болатынын байқадық. Әртүрлі қосымшаларды пайдалану үшін көптеген құпия сөздерді, логиндерді есте сақтау қажет. Бұл мәселені шешу үшін біз бірегей қызмет – бонус бағдарламаларының агрегаторын әзірледік, оның бүгінде нарықта баламасы жоқ. Бұл қызметті енгізу – бұл инновацияға деген ұмтылысымыздың кезекті қадамы. Біз бұл өнімді одан әрі дамыту жөнінде батыл жоспарлар қойып отырмыз және өз мақсаттарымызға, яғни қызметтерді жақсарту, оларды клиенттеріміз үшін жетілдіре түсу әрі ыңғайлы ету мақсатына жетуге ұмтыламыз», – деп түсіндірді.

Бонустарыңыз дұрыс көрсетілу үшін Halyk-та тіркелген телефон нөмірі серіктестің адалдық бағдарламасындағы телефон нөмірімен сәйкес келуі керек. Бұл деректердің қауіпсіздігі мен құпиялылығын қамтамасыз етеді және бонустарды басқару процесін жеңілдетеді.

Visa аға вице-президенті және Украина, Грузия, ТМД және Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы аймақтық менеджері Кристина Дорош: «Visa-да біз инновациялық шешімдерді енгізуге және Қазақстанның қолма-қол ақшасыз экономикасын дамытуға ұмтыламыз. Біз бұл жобаның елдегі ең көне және сонымен бірге ең инновациялық банктердің бірі – Halyk Bank-пен бірлесіп іске асырылғанына қуаныштымыз. Visa консалтингтік тобы идеяны әзірлеуден бастап оны іске асыруға дейін жан-жақты қолдау көрсетті. Енді Halyk қосымшасының миллиондаған пайдаланушылары түрлі серіктестердегі өз бонустарын ыңғайлы, қарапайым әрі қауіпсіз қадағалай алады» – деп атап өтті.

Halyk клиенттердің күнделікті қажеттіліктерін шешетін өнімдерді ұсына отырып, қаржылық қызметтер нарығындағы көшбасшы беделін растап келеді. «Серіктестердегі менің бонустарым» бонус бағдарламаларының агрегаторы – ыңғайлылық пен қарапайымдылық сәттіліктің негізгі факторларына айналатын бірегей қызмет.