Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі

Баспасөз орталығы

25.04.2024

Төлем картасын шығару және қызмет көрсету туралы қосылу шартына толықтырулар енгізу туралы

Құрметті Банк клиенттері!

Сіздерге Төлем картасын шығару және қызмет көрсету туралы қосылу шартына (бұдан әрі – Шарт) толықтырулар мен өзгерістер енгізілетіні жөнінде хабарлаймыз:

Банктің өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғыларында қолма-қол ақшаны пайдалана отырып жасалған операция бойынша даулы жағдайды қарау туралы клиенттің өтініші бойынша Банк оң шешім қабылдаған жағдайда, Банк осындай операцияның сомасын Банктегі клиенттің шотына аудару жолымен қалпына келтіруге құқылы.

Интернет желісіндегі төлемдерді төлеу үшін шотта 30 күннен артық ақша жеткіліксіз болған жағдайда, Банк интернет-дүкендерде/қызметтерді жеткізушілердің веб-сайттарында тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу үшін клиент орнатқан автоматты төлемдерді өз бетінше өшіруге құқылы.

Клиент овердрафтқа жол берген жағдайда (шоттағы өз ақшасының сомасынан тыс ақша жұмсау) Банк овердрафтқа жол берілген сәттен күнтізбелік 8-ші күннен бастап оны толық өтеген күнге дейін жіберілген овердрафт үшін жылдық 10 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын есептейді.

Шартқа енгізілген өзгерістер 2024 жылғы 10 мамырдан бастап күшіне енеді.

Шартқа енгізілген толықтырулармен келіспеген жағдайда сіз Банк бөлімшесінде жазбаша өтініш беру арқылы Шарттан бас тартуға құқылысыз.