Баспасөз орталығы
Құрметті Halyk Invest клиенттері, Solidcore Resources иелері!
Сізге Solidcore Resources Plc компаниясының жай акцияларын кері өтеп алу бойынша корпоративтік оқиғаның жарияланғаны туралы хабарлаймыз (сауда коды: CORE, ISIN: JE00B6T5S470).
Корпоративтік оқиғаның егжей-тегжейлері:
Параметр | Мәні |
Оқиға түрі | Акцияларды кері өтеп алу туралы ұсыныс |
Міндеттілік белгісі | Ерікті |
Өтеп алу бағасы | 1 акция үшін 11,66 USD |
Өтінімдерді қабылдаудың басталу күні | 2026 жылғы 9 қыркүйек сағат 11:00-ден бастап (Астана уақытымен) |
Өтінімдерді қайтарып алудың соңғы мерзімі | 2026 жылғы 8 қазан сағат 17:00-ге дейін (Астана уақытымен) |
Өтінім берудің соңғы мерзімі | 2026 жылғы 12 қазан сағат 17:00-ге дейін (Астана уақытымен) |
Нәтижелерді жариялау күні | 2026 жылғы 14 қазан |
Өтеп алуға қойылған акциялардың максималды саны | 102 915 952 акция |
Өтеп алу тек 2026 жылғы 30 қыркүйекте өтетін акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысында (АКТЖЖ) тиісті шешімдер мақұлданған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Бұл ретте клиенттер АКТЖЖ-ға қатысуына және дауыс беруіне қарамастан өтінім бере алады.
Неғұрлым толық ақпарат компанияның корпоративтік интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://www.solidcore-resources.com/ru/investors-and-media/news/press-releases/08-09-2026-b/?search_type=all
Өтінім беру рәсімі:
Корпоративтік оқиғаға қатысу үшін қағаз тасығышта бұйрық беру үшін Қазақстан Халық Банкі АҚ бөлімшесіне хабарласу қажет.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, төменде көрсетілген байланыс дерегі бойынша хабарласыңыз:
7111
Құрметпен, Halyk