Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
Қаз
Onlinebank-іне өту Halyk Club-қа өту Halyk-қа өту

Баспасөз орталығы

22.06.2022

Halyk Bank Қазақстаннан Өзбекстанға жылдам ақша аудару қызметін енгізді

Halyk Homebank қосымшасында Өзбекстан Республикасы азаматтарының Uzcard және Humo карталарына ақша аудару сервисі іске қосылды.

Енді Өзбекстан азаматтарының барлық карталарына – Uzcard және Humo карталарына Halyk Homebank мобильді қосымшасының көмегімен небәрі 150 теңгеге ақша аударуға болады.

Бұл үшін Halyk Homebank пайдаланушысы «Аударымдар» қосымша бетіне кіріп, «Шетелдік картаға» бөлімін таңдап, содан кейін аударымды қай картадан жіберу керектігін белгілеу керек. Әрі қарай алушының карта нөмірін және аударым сомасын көрсету керек. Ақшаны тек теңгемен аударуға болатынына байланысты, ақша алушының картасына өзбек сумында аударылады. Айырбастау автоматты түрде жүреді. Аударымнан кейін алушының картасын сақтауға болады, содан кейін келесі аударымдарды картаның көп санды нөмірін енгізбей-ақ оңай жасауға болады.

Комиссия аударым сомасына қарамастан небәрі 150 теңгені құрайды, бұл аударымды жөнелтуші үшін өте тиімді. Тәулігіне 100-ге дейін аударма жасауға болады, бұл ақшаны бірнеше адамға жолдайтындар үшін аса маңызды.

Қазіргі уақытта Halyk Bank-те клиенттерге қажетті аударымдардың барлық түрлері бар. Бірақ Банк командасы қол жеткізген жетістіктерімен тоқтап қалмай, қолданыстағы сервистерді жетілдіруді және жаңа сервистерді құруды жалғастыруда. «Өзбекстанға аударымдардың танымалдылығы артқанын назарға ала отырып, біз клиенттеріміз үшін барынша ыңғайлы, қарапайым және ең бастысы өте тиімді сервис әзірледік. Енді бөлімшелерге барудың, қандай да бір басқа қосымшаларды пайдаланудың қажеті жоқ - тез, қарапайым және барынша аз шығынмен Өзбекстан азаматтарының карталарына ақшаны бірнеше рет шертіп аударуға болады. Бұл стратегия өзін толық ақтады: төрт айдың ішінде Өзбекстанға Halyk Homebank қосымшасындағы аударымдар саны 4 есеге өсті және осы қызметті пайдаланушылар саны сияқты ай сайын артып келеді. Біз өз клиенттеріміз үшін пайдалы және тиімді өнімдер жасауды жалғастыратынымызды мақтан тұтамыз», - деп түсіндірді Halyk Bank Басқарма төрағасының орынбасары Жұмабек Мамутов.


Құрметпен,

Halyk Bank

ҚНРДА Банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензия (Әмбебап банктік лицензия) №1.1.601.130 берілген күні 13.07.2026. ҚНРДА Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия №1.2.47/230/38/1 берілген күні 23.06.2023.

Сайт пен мобильді қосымша материалдарында жасанды интеллект көмегімен жасалған суреттер мен мәтіндер қолданылады.

powered by amphibia
Біз әлеуметтік желілерде