Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
Қаз
Onlinebank-іне өту Halyk Club-қа өту Halyk-қа өту

Баспасөз орталығы

12.01.2022

ШОБ арналған онлайн-кредит Halyk Bank клиенттеріне қайта қолжетімді

Halyk Bank Onlinebank қосымшасында кәсіпкерлер үшін онлайн-кредит беруді қайта бастады, кредит беру шарттары өзгерген жоқ. Кредит шарттарымен мына сілтеме арқылы өтіп, таныса аласыз https://onlinecredit.halykbank.kz

Естеріңізге сала кетейік, 30 млн. теңгеге дейінгі онлайн-кредитті кәсіпкерлер Onlinebank қосымшасында ресімдей алады. Ол үшін:

  1. Onlinebank қосымшасын ашыңыз
  2. "Кредит" бөлімін таңдаңыз
  3. Қажетті соманы және кредит мерзімін көрсетіңіз
  4. Тексеру және мақұлдаудан өткеннен кейін ақша сіздің шотыңызға түседі.

Halyk Bank - төтенше жағдай кезінде елдің бірқатар өңірлерінде жұмысын жалғастырған және ШОБ клиенттеріне кредит беруді тоқтатпаған жалғыз банк. Осылайша, біз осы қиын-қыстау кезеңде серіктестігіміз бен ынтымақтастығымызды көрсеттік.

Айта кетейік, банк төтенше жағдай режимі 5-19 қаңтар аралығында шағын және микро бизнес үшін айыппұл және өсімпұл есептемейді.

Өзекті ақпаратты Halyk Bank-тің ресми www.halykbank.kz сайтынан білуге болады.


Құрметпен,

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ

ҚНРДА Банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензия (Әмбебап банктік лицензия) №1.1.601.130 берілген күні 13.07.2026. ҚНРДА Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия №1.2.47/230/38/1 берілген күні 23.06.2023.

Сайт пен мобильді қосымша материалдарында жасанды интеллект көмегімен жасалған суреттер мен мәтіндер қолданылады.

powered by amphibia
Біз әлеуметтік желілерде