Баспасөз орталығы
12.01.2022
Мемлекеттік жаңалықтар. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға келді
"Президент Алматыға келді. Қаладағы жедел штаб отырысына қатысты. Сондай-ақ, қаза тапқан полиция қызметкерлерінің, әскери қызметшілердің туыстары мен жақындарымен кездесу өтті. Президент көңіл айтып, наградалар тапсырды", - деді Берік Уәли.
Сондай-ақ, баспасөз хатшысының айтуынша, Мемлекет басшысы жедел басқару орталығында болып, шұғыл көмек алып жатқан зардап шеккендерге барып, олардың хал-жағдайын біліп қайтты.