Баспасөз орталығы
Барлық карталар бойынша 1% бонус және жаңартылған тарифтер
2019 жылғы 16 қыркүйек, Алматы - Halyk Bank карталары бойынша әр төлемге 1% бонус
2019 жылғы 1 қазаннан бастап Halyk Bank- тің миллиондаған карта ұстаушылары әр төлемге 1% бонус алатын болады.
1% бонус Қазақстанда және шетелде жүргізілген әр төлемге, сондай-ақ Homebank.kz порталы мен жеке тұлғалардың Halyk Bank және Qazkom-ның дебеттік және кредиттік карталары бойынша орындалған барлық онлайн төлемдеріне де есептелетін болады.
Жинақталған бонустарды Homebank.kz порталында және қосымшасында, сонымен қатар Gо бонустық бағдарламасы серіктестерінің желісіндегі POS-терминалдары арқылы қызметтерді өтеу үшін қолдануға болады.
Сонымен қатар, 1 қазаннан бастап SMS-хабарламалары үшін алынған комиссия жойылады, барлық жеке тұлғалар үшін комиссия 0 теңгені құрайды. Зейнетақылық карталар бойынша да жылдық комиссия жойылады, сондай-ақ осы күннен бастап, дебеттік төлем карталарға қызмет көрсету бойынша жаңарған тарифтер өз күшіне енеді. Толығырақ мекенжайы бойынша таныса аласыз.
Жаңа шарттар 2019 жылғы 1 қазаннан бастап өз күшіне енеді.
Жаңа тарифтермен Сіз 2019 жылғы 1 қазан күні https://halykbank.kz/tariffs мекенжайы бойынша таныса аласыз.