Баспасөз орталығы
Halyk Bank-тің Faster аударымдар қызметінің желісі кеңейтілуде
Halyk Bank-тің Faster ақша аударымдары желісінің бүгінгі таңда Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Моңғолия, Ресей және Тәжікстан аймағындағы сату орындары қатарына «Халық Банк Қырғызстан» ААҚ бөлімшелері де қосылды.
Halyk Bank-тің Faster халықаралық экспресс-аударымдар жүйесі дегеніміз:
- теңгемен, Ресей рублімен, АҚШ долларымен және еуромен
- банктік шот ашпай жүргізілетін жедел аударымдар,
- аударым сомасының ең жоғары көлемі – 10 000 АҚШ долларына дейін (теңгедегі/еуродағы/Ресей рубліндегі баламасы).
Ыңғайлы қызметті Ыстық Көл жағалауына демалысқа аттанған қазақстандық туристер де пайдалана алады.
Faster ақша аударымдары «Халық Банк Қырғызстан» ААҚ-тың Бішкек, Ош, Жалал-Абад, Қара-Су, Қара-Балта, Шолпан Ата, Қаракөл, Үзген және Ноқат қалаларында орналасқан бөлімшелерінде қолжетімді.
Faster орындары жөніндегі толық ақпарат
Қазақстанда: https://halykbank.kz/money_transfers/faster
Қырғызстанда: http://halykbank.kg/ru/press-tsentr/483-denezhnye-perevody-faster.html