Баспасөз орталығы
Төлем картасын шығару және оған қызмет көрсету туралы Қосылу шартына өзгертулер енгізу туралы
Құрметті Банк клиенттері!
Төлем картасын шығару және оған қызмет көрсету туралы Қосылу шартына, сонымен қатар Картаны қолдану қағидасына өзгертулер енгізілгені жөнінде хабарлаймыз. Негізгі өзгертулер:
1. Шарт алименттерді есепке қосуға арналған арнайы шотқа (бұдан әрі – Алимент алуға арналған шот) қызмет көрсету талаптарымен толықтырылды, атап айтқанда:
1) Алимент алуға арналған шотты ашу тек қана теңгемен жүзеге асырылады;
2) Алимент алуға арналған шот бойынша Банктің жеке тұлғаларға шығарылатын төлем карталары үшін қарастырылған барлық шығыс операциялары (қолма-қол ақша беру, сатып алуларға төлем, шоттан төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізу) жүзеге асырылады;
3) Алимент алуға арналған шотқа келесі түсімдердің ғана есепке қосылуына жол беріледі:
- алимент төлеушіден қолма-қол ақшалай түскен, сол сияқты алимент төлеушіден немесе оның жұмыс берушісі тарапынан ақша аударымы арқылы түскен алименттерді есепке қосу (алименттерді өндіріп алу туралы сот актісі немесе кәмелеттік жасқа толмаған тұлғаның ата-анасы арасында жасалған алимент төлеу туралы келісімнің негізінде ғана жүргізіледі);
- Алимент алуға арналған шотта Банк комиссиялары бойынша туындаған берешекті өтеу мақсатында Банк кассасы арқылы қолма-қол ақша салу;
- Алимент алуға арналған шот бойынша барлық басқа кіріс операцияларына тыйым салынған. Клиент немесе өзге үшінші тұлғалар тарапынан алимент болып табылмайтын ақша түскен жағдайда, аталған ақша сомалары шот есебіне қосылмайды және бастартумен бірге жіберушіге қайтарылады.
Қосымша келесіні мәлімдейміз:
1) Алимент алуға арналған шот ашу үшін Банкке алименттерді өндіріп алу туралы сот актісін немесе кәмелеттік жасқа толмаған тұлғаның ата-анасы арасында жасалған алимент төлеу туралы нотариуспен куәландырылған келісімді ұсыну қажет;
2) алимент алуға арналған шоттарды ашу қызметі 2019 жылғы 27 шілдеден бастап іске қосылады.
2. Шарт Клиенттің Priority Pass, Dragon Pass, Lounge Key бағдарламалары бойынша Visa немесе MasterCard төлем картасымен, сондай-ақ Priority Pass немесе Dragon Pass клубтық картасымен жүргізілген әуежайлардың VIP-залдары қызметтерін пайдаланғаны үшін төлем бойынша толық көлемде есеп айырысу міндетімен толықтырылды. Карт-шотта ақша жеткіліксіз болған жағдайда, Клиент дереу өтеуі тиіс Овердрафт туындайды.
3. Шарт Банктің келесі құқықтарымен толықтырылды:
1) Қазақстан Республикасындағы шетелдік дипломатиялық өкілдіктерге және консулдық мекемелерге олардың сұрауы бойынша шоттың ашылғаны жөнінде ұсынылған анықтамаларды растау мақсатында клиент туралы мәліметтерді (Аты-жөні, туған жылы, ЖСН, Шарт бойынша ашылған шоттың нөмірі бойынша мәліметтерді) беру.
2) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ тарапынан хат алғаннан кейін зейнетақы немесе жәрдемақы алушы қайтыс болғанда немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға көшіп кеткеннен кейін артық аударылған ақшаны қайтаруды жүзеге асыру.
Шартқа және Қағидаға өзгертулер 2019 жылғы «29» мамырдан бастап күшіне енеді.
Шартқа және Қағидаға енгізілген өзгертулермен келіспеген жағдайда, Сіздің өзгертулер күшіне енген уақытқа дейін Банк бөлімшесінде жазбаша өтініш беру арқылы Шартты бұзуға құқығыңыз бар.
Шарттың өзгертілген нұсқасымен 2019 жылғы «29» мамырда танысуға болады.