Баспасөз орталығы
Төлем картасын шығару және қызмет көрсету туралы қосылу шартына өзгерістердің енгізілетіні туралы
Құрметті Банк клиенттері!
Төлем картасын шығару және қызмет көрсету туралы қосылу шартына, сондай-ақ Картаны қолдану қағидаларына келесі өзгерістер енгізілгені туралы хабарлаймыз:
Төлем картасын шығару және қызмет көрсету туралы қосылу шартының 7.6.3-тармақшасында «Банкке қайтару» сөздері «жою» сөзімен алмастырылды;
Картаны қолдану қағидаларының 4-тармағында, 17.1.8-тармақшасында «5959» цифрлары «7111» цифрларына алмастырылды.
Шартқа және Қағидаларға өзгерістер 2018 жылғы 11 желтоқсанда қолданысқа енеді.
Шартқа және Қағидаларға өзгерістермен келіспеген жағдайда, өзгерістер қолданысқа енгенге дейін Сіз шартты бұзу және Банк бөлімшесіндегі шотты жабу туралы жазбаша өтініш беру арқылы Шарттан бас тартуға құқылысыз.
Шартпен толығырақ 2018 жылғы 11 желтоқсанда таныса аласыз.
Құрметпен,
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ