Баспасөз орталығы
Төлем карталарды шығару және қызмет көрсету Шартына қосылған өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені туралы хабарлаймыз
Құрметті Банк клиенттері!
Сіздерге Төлем картасын шығару және оған қызмет көрсету туралы қосылу шартына, сондай-ақ Картаны пайдалану ережелеріне толықтырулар мен өзгерсітер енгізілетіні туралы хабарлаймыз. Негізгі өзгерістер:
- Жәрдемақы алу үшін шығарылған төлем карталары бойынша тауарларға, жұмыстарға және/немесе қызметтерге төлеу бойынша транзакциялар, сондай-ақ Банкте клиенттің атына ашылған ағымдағы шотқа/карталық базадағы ағымдағы шотқа ақша аударымдары жүргізіледі. Жәрдемақы алу үшін арнайы шотты қолма-қол ақшамен толтыруға болмайды.
- Клиент мобильдік телефонын «All» (хабарламалармен) пакетіне қосқан және Банктің Тарифтеріне сәйкес «SMS-банкинг» қызметтерін көрсету үшін комиссиялық сыйақыны төлеген шартта картаны пайдаланып жүргізілген әрбір операция бойынша мобильдік телефон нөміріне SMS-хабарлама алып тұруға құқылы.
- Клиент өзінің қуаттау параметрлері (пайдаланушының аты, пароль) туралы ақпаратты, Токен құрылғысын, SMS-хабар ретінде ұсынылатын бір реттік парольді, Токен құрылғысы құрастырған парольді басқа адамдарға жария тпеуге және табыстамауға міндеттенеді.
- Verified by Visa/MasterCard SecureCode бағдарламаларына қатыспайтын кәсіпкерде жүргізілген карталық операцияларды есепке алмай, Клиент, 3D Secure/SecureCode паролін теру арқылы расталатын интернет желісіндегі карталық операциялардың жасалуы үшін, және де 3D Secure/ SecureCode қызметінен ажыратылғаны үшін жауапкершілік көтереді.
- Банк шотта бір жылдан аса ақша болмаған кезде клиенттің шотты жабуға өтінішін талап етпей, клиентке оның жабылуы туралы хабарлама жолдамай, шотты жабуға құқылы.
- Банк Бонустық клуб жұмысының ережелерін белгілеуге құқылы. Бонустық клуб жұмысының ережелері Банктің корпоративтік сайтында орналастырылады. Бұл ретте клиент бонустық клубтың қатысушылары болып табылатын кәсіпкерлерде тауарларға, жұмыстарға және/немесе қызметтерге төлеген кезде Бонустық клуб жұмысының шарттарын қабылдауға және орындауға міндеттенеді.
- Клиентте «Интернет-банкинг» жүйесінде операцияларды қуаттау үшін қосымша сәйкестендіру әдісіне қосылуы (Токен құрылғысы мен электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланумен) болмаса, Банк аударымдар мен төлемдерді жүргізуге белгілеген лимиттер асырылған жағдайда Банк операцияны орындауды тоқтата тұруға құқылы.
- Қолма-қол ақшаны банкоматта ұстап қалудың себебін Банк картаны иеленуші жазбаша өтінішпен хабарласқан күннен кейін күнтізбелік 15 күн ішінде анықтайды.
- Барлық даулар бойынша картаны иеленуші жазбаша сұраумен Банкке хабарласады. Банк жазбаша өтінішті қабылдаған күннен кейін күнтізбелік 15 күн ішінде картаны иеленішуге алдын ала жүргізілген тексерудің нәтижелері туралы хабарлайды. Тексеру аяқталғаннан кейін Банк, ақшаны өтеп беру туралы шешім қабылданған жағдайда, картаны иеленушінің карталық базадағы ағымдағы шотына өтеп беруді жүргізеді, немесе себебін көрсетіп, санкцияланбаған операцияны өтеп беруден бас тарту туралы хабарлама жолдайды. Үшінші тұлғалардан ақпарат алу жолымен қосымша зерттеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайда Банк өтінішті қарап, Қазақстан Республикасы ішіндегі операциялар бойынша шешімді күнтізбелік 30 күн ішінде немесе шетелде жүргізілген операциялар бойынша шешімді күнтізбелік 60 күн ішінде қабылдайды. Оң шешім қабылданғанда жазбаша жауаптар жолданбайды.
- Картаны пайдалану ережелері карта иеленушісі картаны пайдаланған кезде орындауға міндетті болатын қауіпсізідк шаралары туралы толықтырылды.
Шартқа және Ережеге енгізілген өзгерістер және толықтырулар осы хабарлама орналастырылған күннен 15 күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Шартқа және Ережеге енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен келіспеген жағдайда, өзгерістер қолданысқа енгізілгенге дейін Банк бөлімшесінде шартты бұзу және шотты жабу туралы жазбаша өтініш беріп, Шарттан бас тартуыңызға болады. Осы хабарлама орналастырылған күннен 15 күнтізбелік күн өткеннен кейін Шарт Шартқа енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды есепке ала отырып қолданысын жалғастырады.
Шартпен толығырақ мына мекенжай бойынша танысуыңызға болады