Halyk Bonus картасы туралы барлық ақпарат
Сұрақтар мен жауаптар
Келесі әдістердің бірімен жаңа PIN-код орнату/өзгерту арқылы картаңызды іске қосыңыз:
1. Halyk мобильді қосымшасы арқылы:
- Halyk ашып, қажетті картаны таңдаңыз;
- «PIN-кодқа» өтіңіз;
- «PIN-код орнату/өзгерту» тармағын таңдап, нұсқауларды орындаңыз;
- PIN-кодтың өзгергенін SMS-пен келген кодпен растаңыз.
2. Банкомат арқылы:
- Мәтінмен SMS жіберіңіз: EPIN**** (**** – картаның соңғы 4 саны) 7111 нөміріне. Мысалы, EPIN1234;
- Сіздің нөміріңізге 2 сағат бойы жарамды EPIN коды бар SMS келеді;
- Картаны кез келген Halyk Bank банкоматына салыңыз және келген ePIN-ді енгізіңіз;
- Банкоматта "PIN-кодты орнату|өзгерту» бөлімін таңдап, өз PIN-кодыңызды орнатыңыз.
Картаны кез келген Halyk Bank банкоматына салыңыз, уақытша келген ePIN-ді* немесе сіз орнатқан жаңа PIN-кодты енгізіңіз және банкоматта кез келген операцияны орындаңыз.
* Сіздің сенімді нөміріңізге уақытша EPIN жіберіледі. Уақытша EPIN 2 сағат қана жарамды.
- қосымшаны Play Market, Android үшін AppGallery немесе iOS (iPhone) үшін App Store дүкенінен жүктеп алыңыз;
- қосымшаны ашып, «Кіру/Тіркелу» түймесін басыңыз.
PIN-кодты дұрыс енгізуге 5 рет әрекет жасауға мүмкіндік беріледі, 6-шы әрекетте қате енгізген жағдайда карта автоматты түрде бұғатталады.
PIN-кодты енгізу әрекеттерін қалпына келтіруге болады:
1. Halyk қосымшасы арқылы:
• Картаны таңдап, «PIN-код» бөліміне өтіп, «PIN енгізу әрекеттерін қалпына келтіру» тармағын таңдаңыз;
2. Байланыс орталығы арқылы:
• Ұялы телефоннан 7111 нөміріне қоңырау шалыңыз және картаның соңғы 4 санын атаңыз.
Картаны толықтыру* сіз үшін:
- Cash-In функциясы бар Halyk Bank банкоматтарында;
- Halyk Bank төлем терминалдарында;
- Halyk қосымшасы арқылы картадан картаға аударымдар;
- депозиттен картаға аудару;
- картадан картаға аударымдарды қолдайтын басқа банктер;
- Halyk Bank бөлімшелеріндегі кассалар арқылы қолжетімді.
* Ерекшелік: жәрдемақы/алимент үшін картаны қолма-қол ақшамен немесе картаға басқа да аударымдармен толтыру мүмкін емес.
- Halyk қосымшасының «Аударымдар» бөлімінде «Картасыз ақша алу» қызметі бойынша*, кез келген Halyk Bank банкоматында;
- Halyk Bank банкоматтары арқылы;
- QR-code сканерлеу арқылы.
* Ақша алу үшін код 24 сағат ішінде белсенді, 24 сағат өткеннен кейін қаражат автоматты түрде картаға қайтарылады.
- Halyk қосымшасында төлемдер жасау;
- Halyk Bank және басқа да екінші деңгейдегі банктердің POS-терминалдарында;
- QR-code сканерлеу арқылы Halyk Bank-тің POS-терминалдарында;
- интернетсіз смартфонмен байланыссыз төлем (картаны Apple Pay, Samsung Pay, Google Pay-ге байланыстыру арқылы).
Жалақыны, зейнетақыны, жәрдемақыларды және әлеуметтік төлемдерді алу кезінде - 0 теңге.
Айына 300 000 теңгеге дейін басқа ақша түсімдерін алу кезінде - 0 теңге, 300 000 теңгеден жоғары – транзакциялар сомасынан 1%.
Банкоматтар арқылы ақша алудың тәуліктік лимиті 700 000 (жеті жүз мың) теңгені құрайды. Halyk қосымшасында 5 000 000 теңгеге дейін ұлғайтылуы мүмкін. Банк бөлімшесінде 5 000 000 теңгеден астам.
- Бірінші жылы 0 теңге;
- келесі жылдары ай сайын 150 теңге.
* Зейнетақы/жәрдемақы/алимент карталары бойынша комиссия - барлық жылдарға 0 теңге.
Шығарылған карталар саны - 3 белсенді картадан аспауы тиіс.
Карта 3 валютада шығарылады – KZT*, USD, EUR.
* Жәрдемақы/алимент картасының валютасы - KZT.
Егер сіз картаңызды Halyk Bank банкоматында ұмытып кетсеңіз, ол уақытша автоматты түрде бұғатталады. 5 жұмыс күні ішінде Сізге бөлімшенің мекенжайы жазылған SMS келеді.
* Егер карта басқа банктің банкоматында ұмытылған болса, сол банктің байланыс орталығына хабарласыңыз.
- Halyk қосымшасына өтіңіз > карталар > барлық шоттар > бұғатталған картаны таңдаңыз > бұғатты алып тастаңыз.
- Ұялы телефоннан 7111 қоңырау шалыңыз.
1. Halyk Easy картасын сіз Halyk қосымшасы арқылы аша аласыз, ол үшін:
Ата-ана:
- Halyk қосымшасына кіруі керек;
- Halyk Easy-ді таңдауы керек;
- Баланың ЖСН мен оның ұялы телефонының нөмірін көрсетуі керек;
- Балаңыздың телефонына Halyk қосымшасына кіру үшін уақытша паролі бар SMS келеді.
Сіздің балаңыз:
Halyk қосымшасын орнатуы керек;
Уақытша құпия сөзді енгізіп, қосымшаға кіру үшін жаңа құпия сөзді/кодты орнатуы керек.
2. Halyk Easy картасының артықшылықтары:
- 6 жастан 16 жасқа дейін;
- Halyk Bank POS-терминалдарында Halyk QR сканерлеу арқылы картамен сатып алу;
- Интернетсіз смартфонмен байланыссыз төлем (картаны Apple Pay, Samsung Pay, Google Pay-ге байланыстыру арқылы);
- Тегін жылдық қызмет;
- Сүйікті санаттарға бонустар * (кино, кафе және т.б.).
* Акция аясында әрекет етеді, өзекті шарттармен сіз Halykbank.kz сайтында таныса аласыз.
Банк акция шарттарын біржақты тәртіппен өзгертуге, оның ішінде клиенттерге ескертусіз акция мерзімін тоқтата тұруға немесе ұзартуға құқылы.
3. Жеткізуі бар Halyk Еasy пластикалық картасын алғыңыз келе ме?
Ата-ана:
- Halyk қосымшасында «Шоттар» бөлімінде Halyk Easy Digital-ды таңдап, «Картаға тапсырыс беру» түймесін басуы керек;
- Тапсырыс беру үшін қажетті деректерді толтыруы керек;
- Картаны алу әдісін - «Жеткізу» таңдауы керек;
- Деректерді растап, SMS-пен келген кодты енгізуі керек. Картаны курьер ата-анасына жеткізеді.
! 16 жасқа толғаннан кейін сіздің балаңыз Halyk-тың барлық қызметтеріне қол жеткізу үшін қосымшада толық тіркеуден өтуі керек.




