Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
ШОБ кредиттеу
Қаз
Onlinebank-іне өту Halyk Club-қа өту Halyk-қа өту

Tumar CSP баптау бойынша нұсқаулық

Tumar CSP орнату және баптау үшін келесі нұсқаулықты қолданыңыз

Onlinebank Business-ті орнату

halyk.onlinebank.kz сілтемесіне өтіңіз

 «Орнату» бөлімін таңдаңыз:

  • Tumar CSP бағдарламасын жүктеп алыңыз және орнатыңыз, міндетті түрде Crypto Socket орнатыңыз
  • Tumar CSP-ді нұсқаулыққа сәйкес баптаңыз, сұрату болған жағдайда компьютерді қайта қосыңыз
  • Halyk Bank-тің ЭЦҚ құрылғысын / кілтін және бастапқы PIN кодын пайдаланып, жүйеге кіріңіз

Tumar CSP баптау

Алынған ЭЦҚ құрылғысына/кілтіне байланысты Tumar CSP ішінен параметрді таңдаңыз.

Құрылғы параметрі Бастапқы PIN-код
ACS CCID USB Reader 0 12345678
Safenet Token JC0 1234567890
DigiFlow LLP. KAZTOKEN 0 12345678


Onlinebank-ке кіру

  • Құрылғыны / кілтті компьютердің USB портына қосыңыз
  • Onlinebank-тің басты бетіндегі «Кіру» батырмасын басыңыз
  • TUMAR қойындысын таңдаңыз
  • ЭЦҚ кілтінің PIN-кодын енгізіңіз және «Кіру» батырмасын басыңыз
  • Жүйеге бірінші кіру кезінде PIN-кодты өзгерту қажет


Дайын! Енді сіз онлайн төлемдер мен аударымдарды жолдай аласыз

Onlinebank-те жұмыс істеу бойынша толық нұсқаулық: halyk.onlinebank.kz/wiki/

ЭЦҚ жарамдылық мерзімі

ЭЦҚ сертификаты 1 жылға жарамды.

Мерзім аяқталғанға дейін 30 күн бұрын Onlinebank-ке кірген кезде сізден сертификатты ұзарту сұралады, келісім бойынша ұзарту автоматты түрде жүзеге асырылады.


Егер ЭЦҚ-ның мерзімі өтсе немесе жоғалса

Егер сіз ЭЦҚ-ны ұзартпаған болсаңыз, Halyk Bank бөлімшесіне жүгініңіз және ЭЦҚ-ны қайта шығаруды ресімдеңіз. Мерзім аяқталған кезде қайта шығару Банктің тарифтеріне сәйкес жүргізіледі.

Егер ЭЦҚ жоғалса, кілтті міндетті түрде бұғаттаңыз, ол үшін Банктің байланыс орталығына хабарласыңыз.


Қолдау қызметі

Halyk Bank мамандары кез келген сұрақтарға жауап береді:

  • Onlinebank жүйесіндегі және мобильді қосымшадағы онлайн-чат
  • Байланыс орталығы 9595 (ұялы телефоннан), 259-72-27 (Алматы қ.), 8 8000 8000 59 (Қазақстан)

Қауіпсіздік ережелері

  • Құрылғыларды қараусыз қалдырмаңыз және ешқашан үшінші тұлғаларға бермеңіз
  • PIN-кодта 8-ден 10 таңбаға дейін болуы керек (сандар мен латын әріптері, арнайы белгілерді қолданбаған жөн)
  • Ешқашан PIN-кодты үшінші тарапқа бермеңіз. Оны жұмыс компьютерінен бөлек жерге жасырыңыз немесе есіңізге сақтаңыз
  • Құрылғыларды механикалық, температуралық және электромагниттік әсерлерге ұшыратпаңыз, сонымен қатар ылғалдан аулақ болыңыз. Зақымданған жағдайда ауыстыру Банктің тарифтеріне сәйкес жүзеге асырылады
  • Уәкілетті тұлға ауысқан жағдайда, сертификатты қайтарып алу және Onlinebank-ті пайдаланушының құқықтарын жою туралы өтінішпен Банк филиалына жүгініңіз

Onlinebank мобильді қосымшасы

Қалай орнатуға және қолдануға болады
Сіздің смартфоныңызды қалай растауға болады

Onlinebank-ті жүктеп, кез келген жерде, кез келген уақытта бизнесті басқарыңыз

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі берген бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа операциялар мен қызметті жүргізуге 2023 жылғы 23 маусымда № 1.2.47/230/38/1.

Сайтта жасанды интеллект көмегімен жасалған суреттер мен мәтіндер қолданылады.

powered by amphibia
Байланыс орталығы
9595
Біз әлеуметтік желілерде