Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
ШОБ кредиттеу
Қаз
Onlinebank-іне өту Halyk Club-қа өту Halyk-қа өту

Су тасқынынан зардап шеккендерге көмек

Қалай көмектесуге болады

Құрметті клиенттер!

Егер сіздер табиғи апаттан зардап шеккендерге көмек көрсеткілеріңіз келсе, «Халық қайырымдылық қоры» жеке қорына ақша аударымын жасай аласыздар.

Заңды тұлға атынан ақша аударымын Onlinebank қосымшасында және web-нұсқасында жіберуге болады.

Қолдауды қажет ететіндерге қол ұшын беруге дайын болғаныңыз үшін рахмет.

Onlinebank қосымшасында аудару үшін

1. Операциялар бөлімінде «Контрагент шотына» батырмасын таңдаңыз;
2. Қор деректерін және шот нөмірін көрсетіңіз;
3. «Төлем деректерінде» ТМК – 119 деп көрсетіңіз;
4. «Төлем мақсатында» ақпаратты және аударым жіберілетін аймақты көрсетіңіз. Алайда ақшаны қалай тарататынын қор өзі шешеді.
5. Шотты таңдаңыз, сомасын енгізіңіз және аударымға қол қойыңыз.

Onlinebank web-нұсқасы арқылы аудару үшін

Onlinebank web-версиясында https://halyk.onlinebank.kz/:

1. Теңгемен төлемдер бөлімінде: «Құру» – «Әдепкі төлемді» таңдаңыз
2. Төлем тапсырмасының нөмірін, сомасын және жөнелтуші шотының нөмірін көрсетіңіз;
3. «Бенефициар» бөлімінде қордың аты мен шот нөмірін көрсетіңіз;
4. Ұйымның БСН, БеК және ТМК – 119 деп көрсетіңіз;
5. «Төлем мақсатында» қажетті ақпаратты және ақша жіберілетін аймақты көрсетіңіз. Алайда ақшаны қалай тарататынын қор өзі шешеді.
6. Аударымды қол қоюға жіберіңіз және оған «Қол қойылмағандар» бөлімінде қол қойыңыз.

Onlinebank-тің жаңа web-нұсқасында аудару үшін

Onlinebank жаңа web-версиясында – https://onlinebank.kz/:

1. Операциялар бөлімінде «Серіктеске аударым» батырмасын таңдаңыз;
2. Қайырымдылық қорының БСН, атауын, шот нөмірін және БеК көрсетіңіз;
3. Ақша алынатын шотты таңдап, аударым сомасын көрсетіңіз;
4. ТМК – 119 деп таңдаңыз және төлем мақсатын көрсетіңіз;
5. «Төлем мақсатында» қажетті ақпаратты және аударым жібергіңіз келген аймақты көрсетіңіз, алайда ақшаны қалай тарататынын қор өзі шешеді.
6. Деректемелерді тексеріп, төлемге қол қойыңыз.

Аударымдар үшін реквизиттер

«Халық қайырымдылық қоры» жеке қоры
БСН 160340018272
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-дағы шот нөмірі (IBAN) KZ076010131000269771
БЕК 18
БСК HSBKKZKX
 
Алматы қ., Әзірбаев көш., 58
Нақты мекенжайы: Алматы қ., Әл-Фараби даңғ., 7, 5а к., 335-кеңсе

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі берген бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа операциялар мен қызметті жүргізуге 2023 жылғы 23 маусымда № 1.2.47/230/38/1.

Сайтта жасанды интеллект көмегімен жасалған суреттер мен мәтіндер қолданылады.

powered by amphibia
Байланыс орталығы
9595
Біз әлеуметтік желілерде