Кредит бойынша Сбербанк клиенттеріне арналған ақпарат
Halyk Bank-ке менің кредитім берілді ме?
Құрметті клиенттер!
Біз сіздерді клиенттеріміздің арасынан көргенімізге қуаныштымыз және ынтымақтастық ұзақ әрі өзара тиімді болады деп үміттенеміз. Біз сіздің уақытыңызды үнемдеуге мүмкіндік беретін жоғары сапалы қызмет көрсету мен ыңғайлы цифрлы сервистерді ұсынамыз.
2022 жылғы 13 сәуірде "Сбербанк" АҚ ЕБ мен Halyk Bank арасында заңды тұлғалардың қарыздарын беру туралы мәміле жасалды.
Қарыз алушы мен "Сбербанк" АҚ ЕБ арасында жасалған банктік қарыз шарты қарыз алушының келісімінсіз қарыз бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру мүмкіндігін көздейді.
Қарыз бойынша - өтеу күні, төлемдер кестесі, сома және пайыздық мөлшерлеме - өзгеріссіз қалатынын хабарлаймыз. Halyk Bank бөлімшелеріне хабарласу арқылы сіз жаңа несиелер/транштар ала аласыз.
Егер сіз Halyk Bank клиенті болмасаңыз, кредитті өтеу үшін сізге шот ашу қажет.
Сбербанк клиенттері үшін сұрақтар бойынша бөлек желі: +7 (727) 258-51-42.
Егер сізде Halyk Bank-те шот болмаса
Несие бойынша ай сайынғы төлем жасау үшін сізге Halyk Bank-те шот ашу қажет. Ағымдағы шотты Halyk Bank-тің кез келген бөлімшесінде аша аласыз.
Шот ашуға арналған құжаттар тізімі "Шот ашуға арналған құжаттар тізімі" сілтемесі бойынша берілген.
Несие бойынша ай сайынғы төлем жасау үшін сізге тіркеуден өтіп, Onlinebank-те шот ашу қажет
Егер сізде Halyk Bank шот бар болса
Егер сізде Halyk Bank-те шотыңыз болса: толықтыру үшін ағымдағы шоттың нөмірін Onlinebank-тегі, "шоттар бойынша деректемелер" қойындысы арқылы біле аласыз.
Егер сізде Onlinebank орнатылмаған болса немесе кілттің ЭЦҚ мерзімі өтіп кетсе, Halyk Bank бөлімшесіне жүгінуіңізді сұраймыз.
Шоттың мәртебесін тексеру үшін Onlinebank қосымшасын жүктеп алыңыз, тіркеуден өтіп, "шоттың мәртебесін тексеру" батырмасын басыңыз. Тыйым салынған немесе жылжымайтын шот мәртебесі болған жағдайда, Сізге Halyk Bank бөлімшесіне жүгіну қажет
Шот ашуға арналған құжаттар тізімі
Жиі қойылатын сұрақтар
Ия, кредитті өтеу үшін шот ашу керек.
ЖК үшін: шотты Onlinebank қосымшасында онлайн ашуға болады.
ЖШС үшін: шотты сіз бөлімшеде аша аласыз, бөлімшелердің мекенжайлары сілтеме бойынша көрсетілген. Сілтеме бойынша шот ашуға арналған құжаттар тізімі
Несие бойынша Сіздің талаптарыңыз – өтеу күні, төлем кестесі, сомасы және пайыздық мөлшерлемесі – өзгеріссіз қалады.
Halyk Bank-те несиені аудару негізгі қарыздың қалдығы бойынша жүзеге асырылды.
Halyk Bank бөлімшелеріне хабарласу арқылы сіз жаңа несиелер/транштар ала аласыз.
Ағымдағы шотты Halyk Bank-тің кез келген бөлімшесінде аша аласыз.
Өтеу кестесі "Сбербанк"АҚ ЕБ шарттарына сәйкес өзгеріссіз қалады. Сізге сәуірден мамырға дейін жеңілдік кезеңі беріледі. Осылайша, сәуір мен мамыр айларындағы төлемдер 2022 12 маусымында төленуі керек.
Өтеу күні сіздің кестеңізге сәйкес сақталады. Несие үшін алғашқы төлем 2022 жылдың 12 маусымында болады, өйткені сізге жеңілдік кезеңінің 2 айы беріледі. 2022 жылғы 12 маусымда кесте бойынша төлемдерді 2 айға (сәуір, мамыр) төлеу қажет.
Бұл ретте көрсетілген кезең үшін жоспарлы төлемдер мерзімін өтпейді, айыппұлдар/өсімпұлдар 2022 жылғы 13 сәуір мен 11 маусым аралығындағы кезеңде қосылмайды.
Өтеудің бірінші күні 2022 жылғы 12 маусымда сәуір-мамыр кезеңінде, бұдан әрі сіздің кестеңізге сәйкес.
Кредит бойынша ай сайынғы төлем жасау үшін Сіздің компанияңыздың Halyk Bank-тегі ағымдағы шотын толықтыру қажет.
Ағымдағы шотты толтыруға болады:
- Halyk Bank бөлімшелерінде
- заңды тұлғалар мен ЖК үшін төлем терминалдары арқылы
- қолма-қол ақшасыз аударым
Толықтыру үшін шот нөмірін Onlinebank, "Шоттар бойынша деректемелер" операциясы арқылы немесе бөлімшелерден біле аласыз.
Қазіргі уақытта мерзімінен бұрын өтеу мүмкін емес. Несиені мерзімінен бұрын өтеу 2022 жылғы 12 маусымнан кейін қолжетімді болады.