Size is font:
A A A
Site color:
Ц Ц Ц
Voice Assistant
Go to Onlinebank Go to Halyk Club Go to Halyk

Press room

05.03.2019

Жеке тұлғалардың карталық шоттарындағы берешекті өтеу процесінің қайта басталуы туралы

Құрметті Банк клиенттері!

2019 жылғы 6 наурыздан бастап Банк жеке тұлғалардың карталық шоттары бойынша берешектерді басқа карталық шоттардан ақшаны есептен шығару жолымен (шотта ақша қалдығы болған жағдайда) өтеу процесін қайта бастайтынын хабарлайды.

Сіздің карталық шоттағы/төлем картаңыздағы берешектер (төменде көрсетілген) басқа карталық шоттарыңыздағы қалдықтар есебінен өтелетін болады:

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ шығарған төлем картасына қызмет көрсетілгені үшін жылдық комиссия бойынша берешекті клиенттің басқа шотынан есептен шығару процесі осы берешек пайда болғаннан кейінгі келесі күннен бастап жүргізілетін болады.

Техникалық овердрафт бойынша (клиенттің карталық шотында қалған ақшасынан және (немесе) шектелген кредит сомасынан (белгіленген жағдайда) артық жұмсалған ақша сомасы бойынша берешекті клиенттің басқа шотынан есептен шығару процесі техникалық овердрафт туындаған күннің 5-ші күнінен бастап жүргізілетін болады.

«Казкоммерцбанк» АҚ шығарған кредит картасы бойынша ағымдағы берешекті (ең аз төлемнің сомасы) клиенттің басқа шотынан есептен шығару процесі төлем кезеңі аяқталғанға дейін 5 күн бұрын жүргізілетін болады.

Берешек туындаған жағдайда оны басқа шоттарыңыздан есептен шығаруға тура келеді. Осыған байланысты, Сіздерден тиісті карталық шоттарыңызды қалдық қаражатпен қамтамасыз етуіңізді сұраймыз.

Құрметпен,
Halyk Bank

Banking and Other Operations License (Universal Banking License) No.1.1.601.130 dated 13.07.2026 issued by AFMRD. Securities Market License No.1.2.47/230/38/1 dated 23.06.2023 issued by AFMRD.

The website and mobile app materials use images and texts created with artificial intelligence.

powered by amphibia