Press room
ҚР кез келген банктерінің карточкалары арасында Card2Card-аударымдары сервисін іске қосу туралы
Жақындарыңыз бен достарыңыз Сіздің қамқорлығыңызды сезінуі үшін үнемі ақша аударымдарын жіберіп тұрасыз ба? Онда мына ақпарат Сізге арналған!
Біз тікелей өз сайтымызда ҚР кез келген банктерінің карточкалары арасында Card2Card аударымдары сервисін іске қостық. Әп-сәтте! Тіркелместен!
Аударым жасау үшін не қажет?
-Алушы карточкасының №-ін білу
- Жіберуші карточкасы Интернет-төлемдер үшін ашық болуы және 3D Secure*-ге қосылған болуы тиіс.
Қанша тұрады?**
Халық банктегі бір клиенттің карточкалары арасында | 0 теңге |
Халық банк пен Казкоммерцбанк карточкалары арасында | 95 теңге |
Халық банктегі әртүрлі клиенттердің карточкалары арасында | 95 теңге |
Кез келген қазақстандық банк карточкасынан қазақстандық банктің кез келген карточкасына | 0,85% (min 250тг., max 700тг.)
|
Кез келген қазақстандық банк карточкасынан Халық банк/Казкоммерцбанк/агент Банк карточкасына | 0 теңге |
*егер жіберуші карточкасы 3D Secure қызметіне қосылмаған болса, аударым қауіпсіздігі үшін жүйе кездейсоқ соманы бұғаттайды, оны бұғаттан шығару үшін өз банкіңізге хабарласып, ары қарай бұғаттан шығару үшін және тиісті алаңға енгізу үшін код алу қажет.
** тарифтер Халық банкінің кредиттік карталарына таралмайды. Кредиттік карталар бойынша тарифтермен осында таныса аласыздар.
Бұл оңай әрі ыңғайлы, байқап көріңіз! Өтіңіз