Press room
""Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі"" АҚ кредитін өтеуді және депозитін толтыруды төлем терминалдарында комиссиясыз жүргізіңіз!
Құрметті Банк клиенттері!
2017 жылдың 4 мамырдан бастап Сіз тіпті карточка ұстаушы болмасаңыз да, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ кредитін өтеуді және депозитін толтыруды Банктің барлық төлем терминалдарынан* мүлдем тегін, комиссиясыз жүргізіңіз!
Кредитті қалай өтеу керек/депозитті қалай толтыру керек?
- төлем терминалы мәзірінен «Қаржы қызметтері» бөлімін таңдаңыз;
- бұдан әрі - «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ;
- соманы енгізіңіз, аударымды растаңыз.
Нені білу керек?
- алушының ЖСН;
- шоттың альтернативті коды (12 символ);
- аударым валютасы: KZT
- аударым төлем карточкасынсыз, қолма-қол ақшамен жүргізіледі.
*төлем терминалдары Халық Банкінің барлық бөлімшелерінде бар
Төлем терминалдарындағы барлық қолжетімді қызметтер тізбесімен танысу
Құрметпен,
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ