Halyk Tour
Артықшылықтары
Сатып алу талаптары
| Бөліп төлеу мерзімі, аймен |
3, 6
|
| Кредит мерзімі, аймен |
6, 12, 24, 36, 48, 60
|
| Бөліп төлеу бойынша сомасы |
2 000 000 теңгеге дейін
|
| Кредит бойынша сомасы |
6 000 000 теңгеге дейін
|
| Комиссия |
Жоқ
|
| Мерзімінен бұрын ішінара өтеу |
1 төлемнен кем болмайтын мөлшерде:
|
| Мерзімінен бұрын толық өтеу |
- Halyk Homebank қосымшасында комиссиясыз
|
Halyk Tour көмегімен Сіз барлық бағыт бойынша тур таңдай аласыз
- Қазақстан туроператорларының турларына үздік бағаны іздеу
- Турды 6 айға дейін бөліп төлеу арқылы ресімдеу
- Төмен баға кепілдігі – турларға үстеме бағасыз ең төмен бағамен бронь жасауға кепілдік береміз
- Клиенттерге +7 (700) 500 90 00 нөмірлері бойынша саяхатқа дейін және саяхат уақытында кеңес беру
Турларды бөліп төлеу арқылы немесе кредитке 5 минуттың ішінде ресімдеңіз
1. Halyk Homebank-ті ашыңыз*, басты бетте «Travel»-ді таңдаңыз
2. Әрі қарай «Halyk Tour» блогында «Өту»-ге басыңыз
3. Ашылған бетте іздеу жолына тур параметрлерін енгізіңіз
4. Ұсынылған нұсқалардың біреуін таңдаңыз
5. Туристер туралы мәліметтерді енгізіп, ұнаған турды брондаңыз
6. «Кредит немесе бөліп төлеуді ресімдеу»-ді таңдаңыз және бөліп төлеудің немесе кредиттің қалаулы мерзімін көрсетіңіз
7. Төлем сомасын, мерзімін, күнін тексеріңіз
8. Кредит құжаттамасымен танысып, құжаттарға Банк шығарған ЭСҚ-ның көмегімен қол қойыңыз
9. Келісетініңізді SMS-пен келген кодпен растаңыз
Дайын! Halyk Tour консультантынан ақпарат күтіңіз
* бөліп төлеу немесе кредитті ресімдеу үшін, бөлімшеге бармай-ақ жеке басты видеорастаумен Halyk Homebank-те онлайн тіркеуден өту қажет
Бөліп төлеу/кредит бойынша берешекті қалай білуге болады?
Берешек пен өтеу кестесі бойынша ақпаратқа Halyk Homebank қосымшасында қолжетімді болады
- Кредит бойынша борыш қалдығының сомасы: «Шоттар» бөлімі, «Кредиттер» бөлігі
- Өтеу кестесі: Кредит батырмасын басқан кезде тиісті мәртебедегі ақпаратқа қол жетімді болады
Бөліп төлеу жоспарын / кредиттi қалай өтеуге болады?
Мерзімінің кешіктірілмеуі және кредит тарихын бұзбау үшін бөліп төлеуді/ кредитті Halyk Homebank-те уақтылы немесе жоспарлы күн басталғанға дейін төлеңіз. Ол үшін мыналарды орындау қажет:
- Halyk Homebank-ті ашып
- Басты экранда «Төлемді өтеу» батырмасын басыңыз
- Төлемді өтегіңіз келетін бөліп төлеуді немесе кредитті таңдаңыз
- Төлем жасау үшін картаны немесе шотты таңдап, төлем сомасын енгізіңіз
- Төлемді растау
Назар аударыңыз! Halyk Homebank-те кредитті өтеу сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін қолжетімді.
Бөліп төлеуді/кредитті өтеу үшін Homebank Wallet электронды әмиянын қалай толықтыруға болады?
Аудару жолымен:
- Halyk Homebank арқылы картадан Homebank Wallet электронды әмиянының нөміріне
- басқа банктердің картасынан Homebank Wallet электронды әмиянының нөміріне аудару жолымен
АТМ арқылы толықтыру жолымен:
- «төлем картасына ақша салу» батырмасын таңдаңыз
- Homebank Wallet электронды әмиянының нөмірін енгізіңіз және қажетті сомаға толықтырыңыз
Төлем терминалы арқылы толықтыру жолымен:
- «Банктік қызметтер» - «Шотты/картаны толықтыру» - «картаны толықтыру» функцияларын таңдаңыз
- ары қарай ЖСН және Homebank Wallet электронды әмиянының нөмірін енгізіңіз
Halyk Homebank қосымшасында Homebank Wallet электронды әмиянының деректемелерін біліңіз:
- басты бетте «Homebank Wallet» батырмасын таңдаңыз
- «Баптаулар» батырмасын ашып, «Сұрату» батырмасын таңдаңыз
Бөліп төлеуді/кредитті өтеу үшін Halyk Bank шотын немесе картасын қалай толықтыруға болады?
Аудару жолымен:
- Halyk Homebank-те Halyk Bank шотынан немесе картасынан комиссиясыз
- басқа банктің картасынан аудару арқылы
Толықтыру жолымен:
- Cash-In функциясы бар банкоматтарда
- төлем терминалдарында
- бөлімшелерде касса арқылы