Fora.kz дүкенінде онлайн бөліп төлеу
Артықшылықтары
Сатып алу талаптары
| Бөліп төлеу мерзімі, аймен
|
3, 12
|
| Кредит мерзімі, аймен
|
6, 12, 24, 36, 48, 60
|
| Бөліп төлеу бойынша сомасы
|
2 000 000 теңгеге дейін
|
| Кредит бойынша сомасы
|
6 000 000 теңгеге дейін
|
| Комиссия
|
жоқ |
| Мерзімінен бұрын ішінара өтеу
|
1 төлемнен кем болмайтын мөлшерде:
- Halyk қосымшасында комиссиясыз (мерзімінен бұрын ішінара өтеу мерзімі бойынша шектеусіз) |
| Мерзімінен бұрын толық өтеу
|
- Halyk қосымшасында комиссиясыз (мерзімінен бұрын толық өтеу мерзімі бойынша шектеусіз) |
Тауарды бөліп төлеу арқылы немесе кредитке сатып алуды санаулы минутта ресімдеңіз
Интернет-дүкеннен тауарды Halyk арқылы қалай бөліп төлеумен сатып алуға болады?
- www.fora.kz интернет-дүкеніне өтіңіз және тауарды таңдаңыз
- Таңдалған тауарды себетке қосыңыз
- Байланыс деректеріңізді толтырып, тауарды алу тәсілін (жеткізу немесе өз бетінше алып кету) таңдаңыз
- «Төлеу тәсілі» тармағында Halyk Bank-тегі кредитке немесе бөліп төлеуді таңдап, кредиттеудің немесе бөліп төлеудің қалаған мерзімін көрсетіңіз
- Тапсырысты растап, тапсырыс нөмірін SMS арқылы алыңыз
- Halyk*-ты ашып, бастапқы бетінен «Бөліп төлеу» таңдаңыз
- «Fora» дүкенін таңдаңыз және SMS арқылы келген тапсырыс нөмірін енгізіңіз
- Таңдалған тауарларды, сомасын, мерзімін тексеріп, «Ары қарай» батырмасын басыңыз
- Талаптармен танысып, Банктің шығарған ЭЦҚ-мен қол қойыңыз
Дайын! Тауарды алған кезде жеке куәлігіңізді көрсетіңіз
Бөлшек дүкенде тауарды Halyk арқылы қалай бөліп төлеумен сатып алуға болады?
- «Fora.kz» дүкенінде тауарды таңдаңыз және консультанттан тапсырыс нөмірін алыңыз
- Halyk-ты* ашып, бастапқы бетінен «Бөліп төлеу» таңдаңыз
- «Fora» таңдап, тапсырыс нөмірін енгізіңіз
- Таңдалған тауарларды, сомасын, мерзімін тексеріп, «Ары қарай» батырмасын басыңыз
- Талаптармен танысып, Банктің шығарған ЭЦҚ-мен қол қойыңыз
Дайын! Тауарды алған кезде жеке куәлігіңізді көрсетіңіз
* бөліп төлеу немесе кредитті ресімдеу үшін, бөлімшеге бармай-ақ жеке басты видеорастаумен Halyk-та онлайн тіркеуден өту қажет
Бөліп төлеу/кредит бойынша берешекті қалай білуге болады?
Берешек пен өтеу кестесі бойынша ақпаратқа Halyk қосымшасында қол жеткізуге болады
- Кредит бойынша борыш қалдығының сомасы: «Шоттар» бөлімі, «Кредиттер» бөлігі
- Өтеу кестесі: Бөліп төлеу/кредит батырмасын басқан кезде тиісті мәртебедегі ақпаратқа қол жеткізуге болады
Бөліп төлеуді/кредитті қалай өтеуге болады?
Кредит тарихын бұзбау үшін кредитті Halyk мобильді қосымшасында уақтылы немесе жоспарлы кредит басталғанға дейін төлеңіз. Ол үшін сіз:
- Halyk ашып
- Басты бетте «Төлемді төлеу» батырмасын басыңыз
- Төлемін өтеймін деген бөліп төлеуді/ кредитті таңдаңыз
- Төлем жасау үшін картаны немесе шотты таңдап, төлем сомасын енгізіңіз
- Төлемді растаңыз
Назар аударыңыз! Halyk Homebank-те кредитті 09: 00-ден 18: 00-ге дейін төлеуге болады.
Бөліп төлеуді/кредитті өтеу үшін Homebank Wallet электронды әмиянын қалай толықтыруға болады?
Аудару жолымен:
- Halyk арқылы картадан Homebank Wallet электронды әмиянының нөміріне
- басқа банктердің картасынан Homebank Wallet электронды әмиянының нөміріне аудару жолымен
АТМ арқылы толықтыру жолымен:
- «төлем картасына ақша салу» батырмасын таңдаңыз
- Homebank Wallet электронды әмиянының нөмірін енгізіңіз және қажетті сомаға толықтырыңыз
Төлем терминалы арқылы толықтыру жолымен:
- «Банктік қызметтер» - «Шотты/картаны толықтыру» - «картаны толықтыру» функцияларын таңдаңыз
- ары қарай ЖСН және Homebank Wallet электронды әмиянының нөмірін енгізіңіз
Halyk қосымшасында Homebank Wallet электронды әмиянының деректемелерін біліңіз:
- басты бетте «Homebank Wallet» батырмасын таңдаңыз
- «Баптаулар» батырмасын ашып, «Сұрату» батырмасын таңдаңыз
Бөліп төлеуді/кредитті өтеу үшін Halyk шотын немесе картасын қалай толықтыруға болады?
Аудару жолымен:
- Halyk-та Halyk Bank шотынан немесе картасынан комиссиясыз
- басқа банктің картасынан аудару арқылы
Толықтыру жолымен:
- Cash-In функциясы бар банкоматтарда
- төлем терминалдарында
- бөлімшелерде касса арқылы