Chocomart-та онлайн-бөліп төлеу
Артықшылықтары
Сатып алу талаптары
| Бөліп төлеу мерзімі, аймен | 3 |
| Кредит мерзімі, аймен | 6, 12, 24, 36, 48, 60 |
| Бөліп төлеу бойынша сомасы | 2 000 000 теңгеге дейін |
| Кредит бойынша сомасы | 6 000 000 теңгеге дейін |
| Комиссия | жоқ |
| Мерзімінен бұрын ішінара өтеу | 1 төлемнен кем болмайтын мөлшерде: - Halyk қосымшасында комиссиясыз (мерзімінен бұрын ішінара өтеу мерзімі бойынша шектеусіз) |
| Мерзімінен бұрын толық өтеу | - Halyk қосымшасында комиссиясыз (мерзімінен бұрын толық өтеу мерзімі бойынша шектеусіз) |
Тауарды бөліп төлеу арқылы немесе кредитке сатып алуды санаулы минутта ресімдеңіз
- www.chocomart.kz онлайн-дүкеніне өтіп, тауарды/қызметті таңдаңыз
- Таңдаған тауарды/қызметті себетке қосыңыз
- Байланыс деректеріңізді толтырып, тауарды/қызметті алу тәсілін (жеткізу немесе өз бетінше алып кету) таңдаңыз
- «Төлеу тәсілі» тармағында Halyk Bank-тегі кредитті немесе бөліп төлеуді таңдап, кредиттеудің немесе бөліп төлеудің қалаған мерзімін көрсетіңіз
- Тапсырысты растап, тапсырыс нөмірін SMS арқылы алыңыз
- Halyk*-ті ашып, бастапқы бетінен «Бөліп төлеу арқылы сатып алуды» таңдаңыз
- «Chocomart» дүкенін таңдаңыз, SMS-тегі тапсырыс нөмірін теріңіз
- Таңдалған тауарларды, сомасын, мерзімін тексеріп, «Ары қарай» батырмасын басыңыз
- Талаптарымен танысып, Банк шығарған ЭЦҚ-мен қол қойыңыз
Дайын! Сіздің тапсырысыңыз жасақтау сәтінен бастап 3 күннің ішінде жарамды. Тауарды/қызметті алу үшін жеке куәлікті көрсетуіңіз қажет.
* бөліп төлеу немесе кредитті ресімдеу үшін, бөлімшеге бармай-ақ жеке басты видеорастаумен Halyk-та онлайн тіркеуден өту қажет
Бөліп төлеу/кредит бойынша берешекті қалай білуге болады?
Берешек пен өтеу кестесі бойынша ақпаратқа Halyk қосымшасында қол жеткізуге болады
Кредит бойынша борыш қалдығының сомасы: «Шоттар» бөлімі, «Кредиттер» бөлігі
Өтеу кестесі: Бөліп төлеу/кредит батырмасын басқан кезде тиісті мәртебедегі ақпаратқа қол жеткізуге болады
Бөліп төлеуді/кредитті өтеу үшін Homebank Wallet электронды әмиянын қалай толықтыруға болады?
Аудару жолымен:
- Halyk арқылы картадан Homebank Wallet электронды әмиянының нөміріне
- Басқа банктердің картасынан Homebank Wallet электронды әмиянының нөміріне аудару жолымен
АТМ арқылы толықтыру жолымен:
- «Төлем картасына ақша салу» батырмасын таңдаңыз
- Homebank Wallet электронды әмиянының нөмірін енгізіңіз және қажетті сомаға толықтырыңыз
Төлем терминалы арқылы толықтыру жолымен:
- «Банктік қызметтер» - «Шотты/картаны толықтыру» - «Картаны толықтыру» функцияларын таңдаңыз
- Ары қарай ЖСН және Homebank Wallet электронды әмиянының нөмірін енгізіңіз
Halyk қосымшасында Homebank Wallet электронды әмиянының деректемелерін біліңіз:
- Басты бетте «Homebank Wallet» батырмасын таңдаңыз
- «Баптаулар» батырмасын ашып, «Сұрату» батырмасын таңдаңыз
Бөліп төлеуді/кредитті өтеу үшін Halyk шотын немесе картасын қалай толықтыруға болады?
Аудару жолымен:
- Halyk-та Halyk Bank шотынан немесе картасынан комиссиясыз
- басқа банктің картасынан аудару арқылы
Толықтыру жолымен:
- Cash-In функциясы бар банкоматтарда
- төлем терминалдарында
- бөлімшелерде касса арқылы