РАЗМЕР ШРИФТА:
A A A
ЦВЕТ САЙТА:
Ц Ц Ц
Голосовой помощник
Рус
Перейти в Onlinebank Перейти в Halyk Club Перейти в Halyk

Пресс-центр

15.01.2018

Төлем картасын шығару және қызмет көрсету туралы қосылу шартына өзгерістердің енгізілетіні туралы

Төлем карточкасын шығару және оған қызмет көрсету туралы қосылу шартына өзгерістердің енгізілгені туралы хабарлаймыз.

Негізгі өзгерістер:

1)      Овердрафтқа жол берілген жағдайда Клиент жол берілген Овердрафт сомасын дереу өтеуге және жол берілген Овердрафт үшін тұрақсыздық айыбын Банк Овердрафтқа жол берілген күнге белгілеген мөлшерде Банкке төлеуге міндеттенеді. Жол берілген Овердрафт үшін тұрақсыздық айыбы Овердрафтқа жол берілген сәттен күнтізбелік 5-ші күннен бастап толығымен өтелген күнге дейін есептеледі;

2)      Банк Клиенттің қосымша келісімінсіз, сондай-ақ Шотты бұғаттау кезінде пайда болған овердрафттың сомасын және күнтізбелік 5-ші күннен бастап белгіленген мөлшерлеме бойынша есептелген тұрақсыздық айыбының сомасын Шоттан тікелей дебеттеу жолымен алып алуға құқылы.

3)      Клиент Банктің банкоматтарында және «Интернет-банкинг» жүйесінде мультивалюталық карточка бойынша «Конвертация» (бір мультивалюталық карточканың Шоттары арасында ақша аудару) операциясын жүргізгенде, Банк операциялар бойынша валютаны қолма-қол ақшасыз сатып алуға/сатуға Банктің белгілеген бағамы бойынша айырбастауды банкоматтарда - төлем құжаты өңделетін сәтте, «Интернет-банкинг» жүйесінде – авторизациялау сәтінде іске асырады.

Шартқа өзгерістер 2018 жылдың 01 ақпанынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Шартқа енгізілетін өзгерістермен және толықтырулармен келіспеген жағдайда, өзгерістер қолданысқа енгізілгенге дейін, шартты бұзу және шотты жабу туралы жазбаша өтінішті беру арқылы Шарттан бас тартуға құқығыңыз бар.

Жоғарыда көрсетілген өзгерістерді ескере отырып, Шартпен толығырақ 2018 жылғы 1 ақпаннан бастап таныса аласыз.

Лицензия (Универсальная банковская лицензия) на осуществление банковских и иных операций №1.1.601.130 от 13.07.2026 выдана АРРФР. Лицензия на осуществление деятельности на рынке ценных бумаг №1.2.47/230/38/1 от 23.06.2023 выдана АРРФР.

В материалах сайта и мобильного приложения используются изображения и тексты, созданные с применением искусственного интеллекта.

powered by amphibia