Мүлікті жария ету

Құрметті клиенттер!

Сіздерге «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңға мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілгендігі туралы хабарлаймыз:

  • Мүлікті жария ету мерзімі 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылды. 
  • Жинақ шотты ашу және ақшаны 5 жыл бойы сақтау талабы жойылды.
  • Ақшаны жария ету рәсімі айтарлықтай оңайлатылған, ол төмендегілерді болжамдайды:
    • бөлек ағымдағы банк шотын ашу/ жария ету субъектісінің жария етуге жататын ақша қаражатын ұлттық және/немесе шетел валютасында аударуы. Бұл жағдайда жария ету алымы төленбейді. Алымды төлеу бойынша талапты алып тастау бұрын ашылған жинақ шоттарға да қолданылады;
    • банк шотына есепке алмай. Бұл жағдайда жария ету алымын төлеуді жария етілетін ақша сомасынан 10% мөлшерінде Қаржы министрлігі бұрын көрсеткен деректемелер бойынша жүргізу керек.
  • Мемлекеттік кірістер органы ақшаны ағымдағы шотқа салуды/аударуды растайтын анықтаманың көшірмесі немесе алымды төлеу туралы түбіртектің көшірмесі қоса берілген арнайы декларацияны қабылдаған күннен бастап ақша жария етілді деп саналады.
  • Жария ету субъектілерін конфиденциалды мәліметтерді жариялаудан және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің тарапынан заңсыз іс-әрекеттерден қосымша қорғау қамтамасыз етілген.
  • Заңда берілген шарттар бойынша жария ету субъектілері қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

Мүлікті жария ету туралы ақпаратпен Ұлттық Банкі сайтының (www.nationalbank.kz) «Мүлікті жария ету» бөлімінде толық танысуға болады.

Жадынама

Жария етү үшін сату арналары бойынша мәліметтер

Интернет-банкинг

Байланыс мәліметі

Звонок из Алматы

8-727-259-07-77

Бесплатный звонок из регионов

8-8000-8000-59

Халық банкі картада

барлық бөлімшелердің адресі мен телефондары, банкоматтар мне терминалдардың мекен жайы

адрес головного офиса

050008, г. Алматы, пр. Абая 109 В

Сайттағы барлық бөлімдер картасы

Тендерлер

Halyk Group