Жиі қойылатын сауалдарға жауаптар

Қосымша

1. «Интернет-Банкинг» жүйесі неге арналған?

 «Интернет-Банкинг» жүйесі — бұл жеке тұлғаларға өз банк шоттарын Интернет желісі арқылы нақты уақыт (online) режимінде банктің арнайы www.myhalyk.kz веб-сайтында тәулік бойы басқаруға мүмкіндік беретін замануи банктік қызмет.

2. Сіздің жүйеңізді пайдалану маған қандай артықшылықтар береді?

«Интернет-банкинг» жүйесін пайдалану маңызды артықшылықтар ұсынады:

-  өзіңіз үшін кез келген ыңғайлы уақытта банкке келмей-ақ төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізу;

-  дүние жүзінің кез келген жерінен Халық банкінде ашылған өз шоттарыңыз бойынша ақша қозғалысын бақылап отыру, және де толық мәліметтер бар көшірмелер алу;

-  ағымдағы шотқа ақша аудару арқылы кредиттерді өтеу;

-  қажетті болған кезде карточканы оқшаулау;

-  Банкке алдағы күндерде жүйелі түрде төлемдер жүргізу туралы тапсырма беру;

-  Интернет желісінде, шетелде карточкалық операцияларды жүргізуге шектеулерді және банкоматта қолма-қол ақшаны алуға шектеулерді басқару;

-  Интернетте қауіпсіз төлеу үшін Visa виртуалды карточкасын рәсімдеу және басқалар.

3. «Интернет-Банкинг» жүйесі кімдерге арналған?

«Интернет-Банкинг» жүйесі банктің барлық клиенттеріне арналады, сонымен қатар резиденттер үшін, сондай-ақ, резидент емес тұлғалар үшін. Тегін қосылу, толық мән-жайлы нұсқаулар, барынша жеңілдетілген интерфейс мүлдем дайындығы жоқ адамға банк шоттарымен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бүкіл дүние жүзінде миллиондаған халық банк шоттарын Интернет арқылы басқарып келеді. Олардың басым көпшілігі қаржыгерлер емес, компьютермен шамалы түрде ғана жұмыс істей алады, алайда бұл оларға «Интернет - банкинг» қызметінің пайдасын көруге бөгет жасамайды.

4. Интернет арқылы операцияларды жүргізген кезде ақпараттың қауіпсіздігі мен құпиялылығы қалай қамтамасыз етіледі?

Ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Интернет-банкинг» қорғаудың келесі құралдарын қамтиды:

-       «Интернет-банкинг» жүйесіне қосылу және онымен жұмыс істеу жалпыға қол жетімді интернет желісі арқылы қорғаулы режимде SSL (Secure Sockets Layer) хаттамасы арқылы іске асырылады, аталмыш хаттама web-сервер мен пайдаланушы браузері арасындағы байланыс арнасының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және сервермен деректер алмасуды рұқсатсыз ұстап қалу және бұрмалау үшін толық қолжетімсіз қылады;

-      жүйеге пайдаланушының аты мен паролін көрсету арқылы конфиденциалды кіру;

-     жүйеге кірген кезде графикалық түрде көрсетілетін біржолғы растау кодын пайдалану;

-     парольді қате енгізу бірнеше рет қайталанған жағдайда пайдаланушы оқшауланады;

-      егер Сіздің компьютеріңіз біраз уақыт бойы жұмыссыз тұрып қалса, сеанс автоматты түрде аяқталады;

 5. «Интернет-Банкинг» жүйесінде жұмыс істеуді бастау үшін не істеуім керек?

  1. «Интернет-банкинг» жүйесіне қосылу үшін Клиентте:

1)    Банктің қолданыстағы карточкасы болуы керек, егер төлем карточкасы жаңадан ғана алынған болса, оны банкоматта ДСН-кодын енгізіп, кез келген карточкалық операцияны жасау арқылы іске қосу керек, мысалы, балансты сұрауға болады;

2)        «SMS-парольдерді жеткізу» жүйесіне қосылу;

3)        Интернет желісіне шығуыңыз болу керек.

  1. Тіркелу және Клиенттерге «Интернет-банкинг» жүйесінің қызметтерін көрсету:

-  Банктің https://www.myhalyk.kz web-сайтында Интернет желісінің қорғаулы арнасы арқылы қашықтықтан;

-  Банкомат арқылы іске асырылады.

Жүргізілген тіркелу нәтижесінде жүйеге кірудің өзіңіздің жеке параметрлеріңізді (пайдаланушы аты мен парольді) есте сақтап, оларды ешкімге жария ептеу керек. Кейін жүйеге логинді, пароль мен растау кодын енгізу арқылы кіруге болады.

6. Тіркелген кезде парольге қандай талаптар қойылады?

Пароль кем дегенде 8 белгіден тұрып, онда әріптер, сандар мен арнайы белгілер (!@#$%&*) бір уақытта қолданылуы керек.

7. Интернет-банкингте валюталар айырбасталуы қандай бағаммен жүргізіледі?

Банкте ашылған банк шоттары арасындағы валюталардың қолма-қол ақшасыз айырбасталуы Банктің бағдарламалық жасақтамасында операция жасалған сәтте белгіленген валюталарды қолма-қол ақшасыз сатып алу/сату бағамдары бойынша жүргізіледі.

8. Ағымдағы/карточкалық шот бойынша үзінді көшірмені қандай мерзім үшін тегін сұратуға болады?

Ағымдағы және карточкалық шоттар бойынша үшінді көшірмелерді құрудың ең жоғарғы мерзімі – бір жыл. Бұған қоса, экранға шығарылатын жолдар саны бойынша шектеу бар, сондықтан үзінді көшірмені құрған кезде, 3 айдан аспайтын мерзімді көрсету керек. Депозиттер бойынша үзінді көшірмені жүйеде шоттың барлық қолданыс мерзімі бойынша алуға болады.

9. Банктің бір филиалында рәсімделген кредитті өтеуге ақшаны қалай аударуға болады?

Бұл үшін өтеуге жататын соманы өтеу жүргізілетін ағымдағы шотқа аудару керек.

10. Аударымның сәтті өткеніне қалай көз жеткізуге болады?

Аударымның сәтті өтуі соңында экранда операцияның статусы бейнеленіп көрсетіледі, мысалы «Аударым сәтті түрде өтті». Сонымен қатар, сәтті өтуді операциялар журналында «операция тарихы» бетінде тексеруге мүмкін. Сәтсіз өткен операциялар қызыл әріптермен бөлініп шығарылады және леп белгісі бар үш бұрышпен белгіленеді. Бұған қоса, карточка немесе шот бойынша көшірмені сұрап, операцияның өткеніне көз жеткізуге болады

11. Мен интернет-дүкендерінде Халық Банктің  VISA Virtuon  виртуалды картасы арқылы жиі сауда жасаймын. Оны шоттан толықтыруға бола ма, және ақша қай уақыт кейін картада пайда болады?

Сіз Халық банкінде ашылған өзініңзідің кез келген шотыңыздан басқа шоттарыңызға және карталарыңызға аударымдарды іске асыра аласыз, сонымен қатар VISA Virtuon картасын толықтыра аласыз. Сонымен бірге картадан аударылған ақша VISA Virtuon картасына нақты уақыт режимінде, яғни операция жасалғаннан кейін бірнеше секунд ішінде түсетінін есепке алу керек. Ал операцияларды Халық банкінде ашылған ағымдағы шоттар мен депозиттердің қатысуымен жасау уақыты 5-15 минут уақытыңызды алады. Шоттар мен депозиттердің қатысуымен сағат 20-00 кейін жасалған операциялар келесі операциялық күнмен өңделеді.

12. Виртуалды карточка не үшін қажет?

Visa – виртуалды карточкасы, Интернет желісінде есептесуге арналған арнайы карточка. Сіздің карточкалық шотыңыздағы қаражаттың рұқсатсыз пайдалану мүмкіндігін барынша төмендету немесе жою үшін қолданылады. Сақтану мақсатында сіз виртуалды карточканы болжамды сатып алу сомасынан кем емес етіп толықтыра аласыз.

13. Виртуалды карточка VISA Virtuon карточкасынан немен ерекшеленеді?

Бұл карточканың ерекшелігі: ол он-лайн режимінде пластиксіз, Банк бөлімшесіне келмей шығарылуы. Виртуалды карточканың толық нөмірі шығару кезеңінде бейнеленеді, ал CVC кодты және қолдану мерзімін Сіз SMS хабарлама арқылы өзіңіздің ұялы телефоныңызға аласыз.

14.  Виртуалды карточканың деректемелерін қалай қалпына келтіруге болады?

Интернет-банкингте виртуалды картаның деректемелерін қалпына келтіру үшін келесі қадамдарды орындау қажет:
Карталар және шоттар бөлімі – Картаны таңдау – Шектеулер белгісі – Виртуалды картаның деректемелерін қалпына келтіру тармағы – Деректемелерді жіберу үшін телефон нөмірін таңдау – Көрсетілген параметрлерді бір реттік SMS-құпиясөзбен растау.

Нәтижесінде Интернет-банкингтің экранында картаның 16-таңбалы нөмірі шығады, ал әрекет мерзімі мен CVC  код SMS-хабарлама арқылы көрсетілген мобильдік телефонға жіберіледі.

15. Тәуілік бойы операцияларды жүргізуге бола ма?  (мысалы: егер транзакция кезінде Сіз шетелде болсаңыз, жергілікті уақыт бойынша жұмыс уақыты болып, Қазақстанда жұмыс уақыты болмаса, онда ақша шотқа қашан түседі?)

Ол клиенттің жүргізетін операциясына байланысты. Карточкалық жүйеде, яғни карталарды қолданумен, іске асырылатын операциялар тәулік бойы қолжетімді. Ал банктік шоттар (ағымдағы және жинақ) бойынша операцияларды іске асыру тек Алматы уақыты бойынша сағат 9-00-ден 20-00 дейін ғана мүмкін. Бұл Алматы уақыты бойынша 20-00-ден кейін шоттар мен депозиттердің қатысуымен жүргізілген операциялар келесі операциялық күнмен өңделеді.

 «Жеке тұлғалар үшін интернет банкинг» жүйесінің қызмет көрсету талаптары және тәртібі «Жеке тұлғалар үшін интернет банкинг» жүйесінің қызмет көрсету талаптарында ескерілген.

16. Жүйеге кіру үшін пароль дұрыс термегендіктен оқшауланса, не істеу керек?

 Егер Сіз парольді ұмытып қалсаңыз және/немесе жүйе Сіздің есеп жазбаңызды оқшауласа, онда Сіз өз бетіңізше парольді ауыстыру үшін келесідей әрекеттерді жасай аласыз:

  •   Интернет-банкинг жүйесінің негізгі бетінде «Парольді қайта қалпына келтіруді» таңдаңыз, ашылған үлгіде  «Карточка нөмірін» және «Растама кодын» енгізіңіз және ұялы телефонға жіберілген SMS-хабарламадағы бір жолғы пароль бойынша енуді іске асырыңыз. Содан соң жаңа парольді енгізіңіз және расстаңыз.

Сонымен қатар берілген сұрақты шешу үшін Банк сайтында орналасқан телефон нөмірлері арқылы Байланыс-орталығына хабарласа аласыз:

-  егер Сіздің пароліңіз есіңізде болса, онда хабарласуыңызда Байланыс-орталығының маманы Сіздің есеп жазбаңызды оқшаудан шығарады.

-  егер Сіздің пароліңіз есіңізде болмаса, онда хабарласуыңызда Байланыс-орталығының маманы Сізді жүйе пайдаланушы ретінде жояды, ол қайта тіркеуіңізге мүмкіндік береді.

17. Парольді қалай өзгертуге болады?

Парольді «Күйге келтіру» бетінде «Парольді өзгерту» белгісін таңдау арқылы және барлық қажетті жиектерді толтыру арқылы өзгертуге болады.

18. Төлемнің өтуін растайтын берешекті қалай құруға болады?

Төлемнің өтуін растайтын берешекті төлемді өткізгеннен кейін, сонымен қатар «Операциялар тарихы, көшірмелер» бетінде операциялар журналында құруға болады. Алынған растамада экранда бейнеленген мәліметтер: карточка нөмірі, оның пайдасына төлем жүргізілген жеткізушінің атауы, төлем сәйкестендіргіші (телефон нөмірі, дербес шот нөмірі және т.б.), төлем жасалған күні, төлем сомасын және операцияның бірегей нөмірі – RRN болады.

19. Интернет-банкингте қайталанатын (жүйелі) төлемдер үшін автоматты түрде қаражатты шығысқа шығаруды құруға бола ма?

Төлем тапсырмасын бірден операцияны өткізгеннен кейін немесе жүйеде жүргізілген операциялар журналында, «төлеу тапсырмасы ретінде сақтау» аттас белгісін басып құруға болады. Келесі терезеде кезеңділікті (айына бір рет немесе аптасына бір рет) таңдау және күнін немесе датасын көрсету керек. Енгізілген деректерді  бір реттік SMS–паролімен растау қажет. Нәтижесінде экранда тапсырманың сәтті құрылуы және төлем автоматты түрде жүйемен көрсетілген күні іске асырылатыны туралы ескерту шығады.

20. Құрылған жүйелі төлемді қалай өзгертуге немесе жоюға болады?

Сақталған үлгілер мен жүйелі төлемдер туралы ақпарат «үлгілер» белгісінде «төлемдер және аударымдар» орналасқан. Тапсырмаға өзгерістерді енгізу үшін таңдалынған үлгіге/тапсырмаға басып, өзгерістерді енгізіп және  бір реттік SMS–парольмен растау керек.

«Төлемдер және аударымдар» бетінде жүйелі түрде жүргізілген төлемдер туралы тапсырманы жою мен түзетуді енгізумен бірге, іске қосуға/ажыратуға болады.

21. «SMS-құпиясөздерін жеткізу» қызметін қай жерден қосуға болады?

Интернет-банкингте операцияларды (төлемдер, аударымдар, шектеулерді алу, өтініштер) тіркеу және жүргізу үшін ақысыз «СМС-құпиясөздерді жеткізу» қызметіне қосылу міндетті талап болып табылады.
Қызметке алғашқы рет қосылу (немесе бұрын қосылған нөмір қолжетімсіз болса) Банктің банкоматында орындалады:
Бас мәзір - Интернет-банкинг - SMS-құпиясөздерді жеткізуТелефонды қосуТелефон нөмірі көрсету - Растау.

22.
Логинді ұмытқан жағдайда, не істеу қажет?

Өз Логиніңізді көру үшін, "Құпиясөзді қалпына келтіру" сілтемесі арқылы кіріңіз. Карточканың нөмірі мен  бір реттік SMS-құпиясөзді енгізген соң, жаңа құпиясөзді енгізу парақшасында жүйе Сіздің Логинінңізді көрсетеді.

23. «SMS-құписөздерді жеткізу» қызметіне қосылған телефон нөмірін қалай өзгертуге болады?

Интернет-Банкингте «SMS-құпиясөздерді жеткізу» ақысыз қызметін қайта қосу мына тәртіпте жүргізіледі:
а) жаңа нөмірді қызметке қосыңыз:
Өтініштер бөлімі - "SMS-құпиясөздерді жеткізу" – Картаны таңдау – Телефон нөмірін көрсету – Бір реттік SMS-құпиясөзбен растау;
b) одан соң ескі нөмірді қызметтен ажыратыңыз:
Өтініштер бөлімі - "SMS-құпиясөздерді жеткізу" қызметінен ажырату  - Картаны таңдау – Ажыратылуы тиіс телефон нөмірін таңдау – Бір реттік SMS-құпиясөзбен растау.
Егер телефонның ескі нөмірі өшірулі немесе жоғалған болса, онда жаңа нөмірді тек Банктің банкоматы арқылы қосуға болады:
Бас мәзір - Интернет-банкинг - SMS-құпиясөздерді жеткізу – Телефонды қосу – Телефон нөмірі көрсету - Растау.

 
24. Карта бойынша шектеулерді алу үшін не істеу қажет?

Интернет-банкингте шектеулерді алу үшін «SMS-құпиясөздерді жеткізу» ақысыз қызметіне қосылу міндетті талап болып табылады.
Шектеулерді алу үшін:
Карталар және шоттар бөлімі – Картаны таңдау – Шектеулер белгісі – Керек шектеуді таңдау – Шектеудің мәртебесін өзгерту үшін батырманы басу - Бір реттік SMS-құпиясөзбен растау.  
Егер батырма белсенді болмаса, демек осы шектеу қосулы тұр.

25. Депозитті ашқан соң қанша уақытта ол Интернет-банкингте көрінеді?

Бөлімшеде ашылған жаңа шоттар Интернет-банкинге 2-3 күннен кейін көрінеді. Егер осы уақыт өткен соң шоттар көрінбесе, myHalyk қолдау қызметіне сұрату жолдау қажет.

26.
Төлемдерді төлеу кезінде жеңілдігі бар комиссия алыну үшін не істеу қажет?


Банктіңқұрылғыларында қызмет көрсету кезінде 5 теңге мөлшеріндегі комиссия зейнетақылық карточкалары үшін ғана қарастырылған. Карточканы шығару үшін Банктің ең жақын бөлімшесіне жүгініңіз. Зейнетақылық карточканы шығару үшін қажет құжаттардың тізімін Байланыс-орталығында немесе Банктің кез келген бөлімшесінде білуге болады.

 

 

Интернет-банкинг

Байланыс мәліметі

Звонок из Алматы

8-727-259-07-77

Бесплатный звонок из регионов

8-8000-8000-59

Халық банкі картада

барлық бөлімшелердің адресі мен телефондары, банкоматтар мне терминалдардың мекен жайы

адрес головного офиса

050008, г. Алматы, пр. Абая 109 В

Сайттағы барлық бөлімдер картасы

Тендерлер

Halyk Group