Білім беру жинақтау салымы

Халық банкінде «Білім беру жинақтау салымын» ашып, негізгі мөлшерлемеге қосымша + 7%-ға дейін мемлекеттің сыйлықақысын алыңыз!

Салым мерзімі: 5, 10 жыл, салым мерзіміне ұзарту мүмкіндігімен, алайда 20 жылдан аспайды;

 Салым валютасы: теңге;

Нысаналы мақсаты Қазақстанда және шетелде берілген білімге ақы төлеу;

Мемлекеттік жыл сайынғы сыйлықақы*:

1) салым қалдығынан 5%** ;

2) Салымшылардың басым санатына арналған салым қалдығынан 7%**  ***

Салымның ең төменгі мөлшері /төмендемейтін қалдық: 15 000 теңге

Салымды толықтыру: шектеусіз.

Капиталдандыру: ай сайын

Салымды ішінара алу: оқу орнының шотына қолма-қолсыз аудару арқылы білімге ақы төлеуге көзделген

Салым мерзімінен бұрын бұзылғанда сыйақы мөлшерлемесі: Салым кем дегенде 30 күнтізбелік күнді қоса алған нақты мерзімге сақталғанда салым сомасына сыйақы есептелмейді.   

30 күнтізбелік күннен ұзақ нақты сақталған мерзімге сыйақы стандарттық мөлшерлеме бойынша есептеледі.

Ерекше талаптар: жасына қарамастан, тек ҚР азаматы Салымшы болуы мүмкін.

Бір Салымшыға республика бойынша тек бір салым шарты ресімделуі мүмкін.

Салымды ресімдеуге қажетті құжаттар:

- ЖСН-і бар, Салымшының жеке басын куәландыратын құжат;

- Салымышының әлеуметтік жағдайын куәландыратын құжат (Салымшылардың басым санаты бойынша);

Салымды үшінші тұлғалар кәмелетке толған/толмаған Салымшының атына ашатын болса, Салымшыдан/Салымшының заңды өкілінен (-дерінен) сенімхаты қажет.

Білім беру жинақтау салымы» депозиті жеке тұлғалардың депозиттеріне міндетті кепілдік беру нысаны болып табылады. 

*Мемлекеттік сыйлықақы есептік жылдың 1 қаңтардағы жағдайы бойынша салым сомасының нақты жинақталған қалдығына есептеліп, негізгі салым сомасына қосылады (капиталдандырылады). 

   Мемлекеттік сыйлықақы мынадай жағдайларда:

-  нақты салым мерзімі 20 жылдан асып кеткен жағдайда;

-   шарттың қолданылу мерзімі өтіп кеткен жағдайда;

- Салымшы қайтыс болғанда, Салымшы іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған сот шешімі күшіне енген күннен бастап, белгісіз жағдайлармен жоқ болып кеткенде немесе қайтыс болды деп жарияланғанда тоқтатылады.

   Мемлекеттік сыйлықақы мынадай жағдайларда:  

1)        мерзімінің өтіп кетуіне байланысты Салымшының немесе оның заңды өкілінің бастамасымен нысаналы мақсатты сақтамастан, шарт бұзылғанда немесе салым шарты бойынша міндеттемелер тоқтатылғанда;

2)        салымшы білім берілетін ұйымнан оқудан шығарылған күннен бастап үш күнтізбелік жыл өткенде;

3)        жинақтау МБЖЖ туралы заңнамада белгіленген мерзімнен аз болған жағдайда мемлекеттік сыйлықақының төлену фактісі анықталғанда;

4)        Салымшы Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылғанда қайтарылады.

** Тиісті қаржылық жылға белгіленген 100 есе айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен аспайды.

***  Салымшылардың басым санаттары:

-     жетім қалған балалар және ата-ана қамқорынсыз қалған балалар, соның ішінде кәмелет жасына толған, алайда жасы 23-тен аспаған;

-     мүгедектер;

- көп балалы отбасынан шыққан балалар, төрт және одан көп бірге тұратын, жасы кәмелетке толмаған балалар, соның ішінде орта, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі, жоғарғы және жоғарғы білімнен кейінгі (магистратура) білім беретін ұйымдарда күндізгі оқу түрінде оқитын балалар, олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейін кәмелет жасына толғаннан кейін, алайда 23 жастан аспаған балалар;
-    орта есеппен адам басына шаққандағы кірісі азық-түлік кәрзеңкесінің құнынан төмен отбасының балалары.

«Білім беру жинақтау салымы» депозиті бойынша Банктік сыйақы мөлшерлемелері*

Банктік сыйақы мөлшерлеме: жылдығы 10%-ға дейін (сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің жылдығы 10,60%-ға дейін).

валютасы

% мөлшерлемесі

60 ай

120 ай

KZT

жылдық

14,0

13,0

СЖТМ**

15,2

14,0

* Банк белгілеген мерзімін ұзартулардың ең көп саны аяқталғаннан кейін салым салымшының ағымдағы шотына аударылады. Салымшының ағымдағы шоты болмаған жағдайда сыйақының кейінгі есептелуі 0% мөлшерлемесі бойынша есептеледі.  

**Салымшы салым бойынша таңдаған шарттарға байланысты СЖТМ өзгерілуі мүмкін


Интернет-банкинг

Байланыс мәліметі

Звонок из Алматы

8-727-259-07-77

Бесплатный звонок из регионов

8-8000-8000-59

Халық банкі картада

барлық бөлімшелердің адресі мен телефондары, банкоматтар мне терминалдардың мекен жайы

адрес головного офиса

050008, г. Алматы, пр. Абая 109 В

Сайттағы барлық бөлімдер картасы

Тендерлер

Halyk Group