3D Secure

Құрметті «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (бұдан әрі - Банк) карточкаларын ұстаушылар, сіздерге  2017 жылғы 3 сәуірден бастап  Банктің барлық карталарының 3D Secure қызметіне қосылатынын қуана хабарлаймыз. Сіз енді 3D Secure қызметіне қосылған карточканы пайдалана отырып, интернетте сатып алуды кедергісіз жүзеге асыра аласыз.   

Қосылу мына  жағдайларда  қажет емес:

  • карточка 3D Secure қызметіне  қосылып қойған болса
  • Сіз  myHalyk Интернет банкингке тіркелген және Банкомат арқылы бір  реттік  SMS-парольдер жеткізу қызметіне қосылған  болсаңыз. Сізге 3D Secure паролі SMS-парольдер жеткізу қызметіне қосылған кезде көрсеткен телефон нөміріне келетін болады.
  • егер Сіз Халық Банктің банкоматтары арқылы телефон нөмірін жаңартқан  болсаңыз, 3D Secure паролі байланыс деректерін жаңарту кезінде көрсеткен телефон нөміріне келетін болады.

Қауіпсіздік  шаралары!

Сіздің 3D Secure пароліңізді  Сіз ғана (карточка ұстаушысы) біле аласыз. Өтінеміз, өз 3D Secure пароліңізді   жария етпеңіз, бұл Сіздің карточкаңызбен алаяқтық операциялар мен қаражатты  ұрлауға  әкеп соқтырады.

3D Secure қызметі

2017 жылғы үшінші сәуірден бастап Халық банкі төлем карточкаларын ұстайтын өз клиенттеріне 3D Secure интернет желісіндегі қауіпсіз төлемдердің: Verified by Visa (VISA карточкалары үшін) және Secure Code (MasterCard карточкаларын) және Authentication Mode by UPI (UnionPay International карточкалары үшін) қосылудың – жаңа схемасын ұсынады. Интернетте сатып алу 3D Secure технологиясын қолдана отырып қана жүзеге асырылады.

Егер интернет-саудагер 3D Secure технологиясын қолдамаса, онда Сізге қажет стандартты режимде интернет-шектеуді алып тастау қажет.

3D Secure  деген не?

3D Secure* – Visa (Verified by Visa жүйесі) және MasterCard (Secure Code жүйесі) төлем жүйелері жасаған, карточка иесіне 3D-паролін енгізу арқылы қосымша сәйкестендіру жүргізуге мүмкіндік беретін үздік технология. 3D Secure Интернет желісіндегі төлем карточкалармен жүргізілетін даулы және алаяқтық операциялар санының деңгейін айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді.

3D Secure  қалай жұмыс істейді?

3D Secure технологиясын пайдалану арқылы төлем жасай отырып, Сіз Интернет желісінде төлем жүргізу процесінде жаңа мүмкіндіктерге ие боласыз. 3D Secure технологиясымен жұмыс істейтін Интернет-дүкенде сауда жасау кезінде Сізге өзіңізге ғана белгілі 3D паролін енгізу ұсынылады. Пароль енгізілгеннен кейін Интернет-дүкен мен Банктің арасында қорғалған қосылыс орнатылады және Сіздің енгізген мәліметтеріңізге сәйкестендіру жүргізіледі. Жасалған сауданың төлемақысын Интернет-дүкен сәйкестендірудің сәтті жүргізілгендігі туралы Банк растамасын алғаннан кейін  ғана жүргізеді.

Халық Банкінің 3D Secure қорғанысы бар карточкасын иеленушінің қандай артықшылықтары болады?

Кредит карточкаларын да, дебет карточкаларын да пайдалану арқылы жүргізілетін интернет-төлемдерінің қауіпсіздігі артады.

Тауарлар немесе қызметтерге жаңа технология бойынша ақы төлеу үшін Сізге карточкаңызды ауыстырып жату қажет емес – тек 3D Secure көмегімен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін парольді ғана алу керек.

Аталған қызмет түріне қосылу үшін ұсталатын комиссия сомасы қандай? 

Қызметке қосылу үшін тіркелуді және 3D Secure паролін алуды комиссия төлеместен және Банкке келіп жатпай-ақ жүргізуге болады.

3D Secure қызметіне қалай қосылуға болады?

 Нұсқаулықтармен  танысыңыз. 

3D Secure-ге   https://3ds.halykpay.kz/way4acs/enroll  сілтемесі бойынша тегін  тіркелуге болады.

Егер Сіз қолданыстағы телефон нөмірін өзгертуді қаласаңыз не істеуге болады?

Бір реттік парольге  арналған қолданыстағы телефон нөмірін өзгерту үшін Сізге тіркелу рәсімінен ұайта өту қажет.

Қызметті қалай өшіруге болады?

Сіздің қаражатыңызды  қорғау мақсатында қызметті өшіру қарастырылмаған. Интернеттегі төлемдер 3D Secure технологиясын қолдана отырып жүзеге асырылады. Егер интернет-саудагер 3D Secure технологиясын қолдамаса, онда Сізге қажет стандартты режимде интернет-шектеуді  алып  тастау қажет.

Егер Интернет-дүкен 3D Secure  (VbV немесе SecureCode) технологиясы бойынша жұмыс істейтін болса, Visa немесе MasterCard карточкасымен сауда жасауды қалай жүргізуге болады?

            Интернет-дүкеннің 3D Secure технологиясымен жұмыс істейтіндігінің белгісі Интернет-дүкен сайтында технология логотипінің орналастырылуы болып табылады.

Төлем тәртібі:

  1. Сатылымды таңдап алыңыз.
  2. Интернет-дүкен сұрататын карточка деректемелерін енгізе отырып, төлемді ресімдеуді жүргізіңіз.
  3. Интернет-дүкен карточка нөмірі бойынша қажетті тексеруді жүргізгеннен кейін Сіздің мәліметіңіз автоматты түрде қызмет көрсетуші банктің сайтына жіберіледі.
  4. Тиісті жолдарды толтырыңыз.
  5. Пайдаланушыны сәйкестендіру үшін Сіз Халық Банкінің қорғалған сайтына жіберілетін боласыз, онда Сіз.

– қызметке қосылған қазақстандық ұялы байланыс операторларының ұялы телефон нөмірі арқылы алған бір рет қолданылатын 3D Secure парольді және/немесе

– егер Сіз осы 3D Secure сервисінің жүзеге асырылуына 03.04.2017 жылға дейін қосылған болсаңыз, тұрақты 3D Secure енгізуіңіз қажет

Бір реттік 3D Secure парольді алу үшін қызметке  қосылған телефон нөмірі тізімінен нөмерді таңдаңыз, телефон нөмірлерінің өзектілігін тексеріңіз.

Егер интернет-саудагер 3D Secure технологиясын қолдамаса, онда Сізге myHalyk-тың Жеке тұлғаларға арналған  интернет банкинг жүйесі  арқылы  стандартты режимде интернет-шектеуді  алып  тастау қажет.

Назар аударыңыз!!!

Интернеттің басқа беттерінің қайсысында болсын, пароль енгізуге қатаң тыйым салынған. Сайтты таңдау және сайттың  түпнұсқалығын тексеру үшін  жауапкершілік  Сізге жүктеледі. Банк 3D Secure парольді енгізу үшін Банктің беттерінің түпнұсқалығын тексеру үшін ұсыныстар береді, бұл ұсыныстарды міндетті түрде қолданыңыз.

Клиентке дәл біздің сайтқа түскендігін анықтауға мына жағдай көмектесе алады:

біздің сайт бетінің электрондық мекен-жайы былайша басталу керек: https://3ds.halykpay.kz/



6. Жүргізілген операция нәтижесін күтіңіз.

Мүмкін болатын нәтижелер:

— Егер 3D Secure паролі дұрыс енгізілмесе немесе енгізілмеген болса, карточка бойынша операция жүргізуден бас тартылады.

— Егер 3D Secure паролі дұрыс енгізілген болса, операция мақұлданады. Операцияны жүргізуден басқа талаптарды тексеру талаптарының нәтижесіне қарай бас тартылуы мүмкін, бұл талаптар карточка бойынша операция жүргізу кезінде тексеріледі (шоттағы ақшаның жеткіліктілігі, карточканың мәртебесі және әрекет мерзімі, операцияны жүргізу үшін қол жетімді лимит, т.б.).

Егер сіз тұрақты парольді ұмытып қалған болсаңыз не істеу керек?

Өзіңіздің тұрақты (статикалық пароліңізді) ұмытып қалған жағдайда, 3D Secure динамикалық іске асыруға  қосыла отырып  қосылу рәсімінен қайталап өту керек. Статикада (тұрақты пароль) 3D Secure қызметі бойынша  қайта  тіркелу  көзделмеген.

Интернет-банкинг

Байланыс мәліметі

Звонок из Алматы

8-727-259-07-77

Бесплатный звонок из регионов

8-8000-8000-59

Халық банкі картада

барлық бөлімшелердің адресі мен телефондары, банкоматтар мне терминалдардың мекен жайы

адрес головного офиса

050008, г. Алматы, пр. Абая 109 В

Сайттағы барлық бөлімдер картасы

Тендерлер

Halyk Group