• Депозиттер

    Ақша бала сияқты! Ол да кәсіпқой мамандардың өзіне көңіл бөліп, қамқорлығына алуын талап етеді. Сонда  олар  ертеңгі күннің қамын қамдап,  жаныңызға жайлылық ұялата отырып, күн санап емес, сағат санап өседі.  Ақша жаңа ақшаны тартуы керек. Қаражатыңызды жайлы әрі тиімді орналастырудың ең сенімді жолы-Халық Банкінің депозиттері.  Біз сіздерге теңгедегі, АҚШ долларындағы және евродағы депозиттердің кең жиынтығын  қуана ұсынамыз, олардың әрқайсысы өзінше бірегей әрі дәл Сіз үшін ыңғайлы. Халық Банкінің депозиттері  ақшаңызды сақтап қана қоймай, оның арта түсуіне көмектеседі. Депозиттердің талаптарымен танысуларыңызды сұраймыз. Өзіңізге барынша лайықты депозитті таңдап аласыз деген сенімдеміз.

  • Кредит беру

    Ең қажетті заттардан тартына отырып, тиындап ақша жинау барлығының қолынан келетін іс емес. Кейде қалаған затыңды дәл бүгін сатып алып, ақшасын  біртіндеп төлегің келеді емес пе. Ең бастысы тұрақты жұмыс пен жеткілікті жалақы болуы керек. Ал қалғанын Халық Банкі реттейді.

    Біз түрлі кредит беру бағдарламаларын қуана ұсынамыз, осы бағдарламалар арқылы сіздің тұрғынүй, автомобиль, жиһаз немесе тұрмыстық техника сатып алуға, шетелде дем алуға, қандай да бір салтанаттарды өткізуге мүмкіндігіңіз болады және көптеген басқа да қажеттіліктеріңізді өтей аласыз.  

  • Төлем карточкалары

    Карточка – әмбебап төлем құралы, оны Сіз жер шарының кез келген түпкірінде пайдалана алсыз (әрине, банк бар жерлерде). Бұл  Сіздің банктік карточкалық шотыңызды басқаруға қол жеткізетін кілт. 

    Төлем карточкасының көмегімен  үйден шықпай-ақ  тауарлар мен қызметтерді төлеуге болады немесе қолма-қол ақша алуға болады. Карточка белгілі бір мерзімге шығарылады. Бұл мерзім карточканың өзінде көрсетіледі. Өз карточкаңыздың  жарамдылық мерзімін тексеруге ұмытпаңыз, өйткені жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін карточканы қайта шығару керек.

  • Мобильдік банкинг

    Біз күн сайын әртүрлі заттарды сатып ала отырып, олардың ақысын төлем карточкалары арқылы төлейміз. Кейде қай жерде және нақты қанша ақша жұмсағаныңызды қадағалап отыру қиынға соғады. Әрине, банкке барып, өткізілген транзакциялар туралы үзінді алуға болады,  осынша ақшаны қайда,  неге жұмсап едім деп, басыңды қатырып, барлығын  ой елегінен өткізе отырып та есіңе түсіруге болады. Бірақ Халық Банкінің – «Мобильдік банкинг» деп аталатын қызметіне жәй ғана қосыла отырып, Өзіңіздің барлық ақша қозғалысыңызды үнемі қадағалап отыруға болады!

    "Мобильдік банкинг" – мобильді телефоныңызға келіп түсетін SMS-хабары арқылы карточкалық шоттағы қаражат қозғалысын тәулік бойы қадағалау жүйесі.

Интернет-банкинг

Байланыс мәліметі

Звонок из Алматы

8-727-259-07-77

Бесплатный звонок из регионов

8-8000-8000-59

Халық банкі картада

барлық бөлімшелердің адресі мен телефондары, банкоматтар мне терминалдардың мекен жайы

адрес головного офиса

050008, г. Алматы, пр. Абая 109 В

Сайттағы барлық бөлімдер картасы

Тендерлер

Halyk Group