Банктің қандай бөлімшелері заңды тұлғаларға қызмет көрсетеді?
Заңды тұлғаларға және ЖК-ге қызмет көрсететін бөлімшелердің мекенжайларымен және жұмыс кестесімен аталған сілтеме бойынша танысуға болады
Карта отделений
Банкте шотты қалай ашу керек?
ЖК үшін
1. Шотты Банктің веб-сайтында немесе "Бизнеске арналған Onlinebank" мобильді қосымшасында қашықтан
2. қажетті құжаттар топтамасын ұсына отырып Банктің бөлімшесінде ашуға болады

Заңды тұлғалар үшін:
Сіз Банктің заңды тұлғаларға қызмет көрсететін бөлімшесіне өтініш білдіруіңіз керек. Құжаттардың толық топтамасын ұсыну.
Перейти на сайт для регистрации ИП
Страница со списком документов
Қосымша шотты қалай ашу керек?
Қосымша шотты:
1. Onlinebank жүйесі арқылы - "Шоттар" - "Жасау" - "Қосымша шот ашуға өтініш" бөлімінде;
2. Банктің заңды тұлғаларға қызмет көрсететін бөлімшесінде өтініш білдіру арқылы ашуға болады.
Onlinebank
Ағымдағы шоттан ақшаны қалай алуға болады?
Ағымдағы шоттан ақшаны:

1. Банк банкоматтарында алу үшін бизнеске арналған карта ашып;
2. ЖК үшін сайтта немесе Onlinebank мобильді қосымшасында өтінім ресімдеген кезде банкоматтарда код бойынша қолжетімді;
3. Onlinebank-те алдын ала өтінім бере отырып, автоматтандырылған касса арқылы өз бетімен;
4. Банк кассасында алуға болады.
Шот бойынша үзінді көшірмені қалай алуға болады?
1. Onlinebank мобильді қосымшасында немесе сайтта үзінді көшірме жасақтаңыз. Өзіңізге қажетті шотты таңдаңыз, шыққан құралдар панелінде кезеңді таңдаңыз - жүктеу;
2. Үзінді көшірмелерді электронды поштаға алуды баптап алыңыз - ол үшін Банкке өтініш білдіру қажет.
Корпоративтік картаны қалай ашуға болады?
Құрметті клиент, Сіз корпоративтік картаны қашықтықтан, Onlinebank мобильді қосымшасының немесе web нұсқасының көмегімен аша аласыз. Сонымен қатар Сіз Банк сайтында өтінім қалдыра аласыз.


Не Банктің заңды тұлғаларға қызмет көрсететін бөлімшелеріне өтініш білдіріңіз. Құжаттардың толық топтамасын ұсыну және тарифтермен танысу.


ҚР заңнамасына сәйкес салық берешегі болған жағдайда шот ашуға тыйым салу әрекет етеді. Салық берешегінің бар/жоқ болуын МКК сайтынан тексеруге болады
МКК сайтында
Пакет документов
На сайте КГД
Onlinebank-пен жұмыс істеу нұсқаулығымен қайда танысуға болады
Onlinebank жүйесін пайдалану бойынша нұсқаулық, сондай-ақ төлемдер мен аударымдарды жүргізу бойынша ерекшеліктер мен кеңестер бойынша қосымша пайдалы ақпаратты Сіз "Көмек" бөлімінде таба аласыз немесе сілтеме бойынша өте аласыз
Инструкция
Видео-инструкции на YouTube
ЭСҚ кілттерінің әрекет ету мерзімі?
Электрондық-сандық қолтаңбамен кілтті Банк шығарады және Onlinebank жүйесіне кіру және құжаттарға қол қою үшін компанияға беріледі.
Кілт 1 жыл мерзіммен шығарылады, бұл ретте ол аяқталғанға дейін 30 күн бұрын Сізге қайта шығару туралы хабарлама келеді - қашықтан шығаруға болады.
Егер Сіз кілтті қашықтан қайта шығармасаңыз және ЭСҚ кілтінің мерзімі өтіп кетсе, Сіз Банк бөлімшесіне қайта шығару үшін өтініш білдіруіңіз керек және Сізге жаңа құрылғы берілетін болады.

Қосымша Onlinebank-ке кіретін кезде ЭСҚ паролін енгізгенде – Сізге ЭСҚ кілтінің қолданылу күнінің қалған күндері шығады.
Ақпараттық анықтамалықтарды қайда алуға болады?
Onlinebank жүйесінде сіз Банктің электронды мөртабанымен анықтаманы 1 минуттың ішінде жасақтай аласыз.
Onlinebank жүйесінде анықтамалардың мынадай түрлері беріледі:
•Шоттың болуы туралы
•Шоттар бойынша қалдықтар туралы
•Кезең үшін шоттар бойынша айналымдар туралы

Банктің мөрі бар анықтама немесе басқа түрдегі анықтама қажет болса, Сіз Банк бөлімшесіне жүгінуіңіз керек. Сіз Банкке Onlinebank жүйесінде менеджерге хабарлама жіберу арқылы өтініш білдіре аласыз.
POS терминалдар бойынша үзінді көшірмелерді қалай алуға болады?
• Onlinebank - интернет банкингі арқылы (егер Halyk Bank-те ағымдағы шот болса)
• электрондық поштаның сенімді мекенжайына байланған автотаратылым арқылы*
*автотаратылымға жазылуды іске асыру үшін клиент менеджерге жүгініп, талап етілетін форматқа сәйкес Өтініш ресімдеуі керек. Содан кейін, клиенттің электрондық поштасының (email) сенімді мекенжайына таңдалған кезеңге сай (күніне бір рет, аптасына бір рет, айына бір рет) үзінді көшірмелер келіп түседі.