Шарттары мен артықшылықтары

Депозит талаптары
1. Сыйақы мөлшерлемесі:
• KZT-мен - 8,6%-ға дейін (СЖТМ 9,1%*)
• USD-мен - 1% (СЖТМ 1%)
2. Мерзімі аймен:
• KZT - 12, 24
• USD - 12, 24
3. Салымды толықтыру - иә
4. Ішінара шешіп алу - жоқ
5. Бастапқы жарнаның ең төменгі мөлшері - 15 000 теңге/50 USD
6. Депозиттің ең жоғары сомасы шектеусіз.
7. Салымшының таңдауына капиталдандырумен немесе капиталдандырусыз ай сайынғы сыйақы төлеу
8. Салымның автоматты түрде мерзімін ұзарту ең көп дегенде 3 рет болады, содан кейін салым Салымшының шотына аударылады.
9. Салым Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорымен сақтандырылған.

* СЖТМ - сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі, тиімді мөлшерлемелер мәнінде ауытқулар болуы мүмкін (жылдығы+/- 0,1%)."
Депозиттің артықшылықтары
Қазақстанның ірі банкіндегі сенімді салымдар!
• сақтандырылған депозит
• кез келген кезеңділікпен кез келген мөлшерде қосымша ақшалай жарналар енгізу.
• пайыздарды төлеу-ай сайын, капиталдандыру мүмкіндігімен.
Депозит бойынша сыйақыны алдын ала есептеуді жүргізу мүмкін бе?
Иә, Halyk Homebank-те, сондай-ақ Банк сайтының "Депозиттер" бөлімінде депозиттік калькулятор қолжетімді, ол арқылы Сіз депозит бойынша есептеуді жүзеге асыра аласыз.
Раздел «Депозиты»
Банк бөлімшесіне бармай-ақ депозитті қалай толықтыруға болады?
Иә, Сіз Halyk Homebank қосымшасында депозитті өз шоттарыңыздан/ карталарыңыздан комиссиясыз толықтыра аласыз, сондай-ақ банкоматтар, төлем терминалдары арқылы немесе басқа банктерден аударым жасауарқылы депозиттерді толықтыра аласыз.
Halyk Homebank қосымшасында аудару: "Шоттар" бөлімінде депозитті таңдаңыз - "Толықтыру" - аударым жүргізгіңіз келетін картаны таңдаңыз және толтырғыңыз келетін депозитті көрсетіңіз - аударым сомасын енгізіңіз - одан кейін аударымды растаңыз.
Депозитті картадан толықтыру бойынша шектеулер бар ма?
Иә, Halyk Homebank-те депозитті толықтырудың ең төменгі сомасына шектеулер белгіленген:
1. Картадан депозитке:
• ең төменгі сома 50 KZT/1 USD/1 EUR
• ең жоғарғы сома - шектеусіз

Депозитті кредиттік карталардан толықтыру мүмкін емес.
2. Шоттан депозитке :
• ең төменгі сома 50 KZT/1 USD/1 EUR
• ең жоғарғы сома - шектеусіз
Депозитті карталық /ағымдағы шоттардан соманы бір мезгілде айырбастау мүмкіндігімен онлайн толтыру мүмкін бе?
Ия, депозитті толықтыру үшін Сізге:
• Halyk Homebank-ті ашу және "Аударымдар" бөліміне өту керек
• "Өз шоттарыңыз арасынданы" таңдау керек.
• есептен шығару шотын (карталық/ағымдағы шот) және ақша аудару қажет депозитті таңдау керек
• әрі қарай аударым валютасын көрсету керек, бұл ретте Сізге ыңғайлы болу үшін айырбастау бағамы автоматты түрде көрсетіледі
• "Бұдан әріні" басу керек
Дайын!

Операция жасалған кезде операция жүргізілген сәтте қолданыстағы қолма-қол ақшасыз айырбастау бағамы қолданылатын болады.
Депозиттен картаға онлайн ақша аудара аламын ба?
«Оңтайлы» депозиті бойынша депозитті ішінара алуға тыйым салынады.
Мен баламның атына депозит аша аламын ба?
Иә, Halyk Bank-те Сіз ұсынылған топтамада бар кез келген салымды балаңыздың атына аша аласыз.
Қазақстан Республикасының бейрезиденті есептелген сыйақыдан салық төлеуге тиіс пе?
2018 жылғы 01 қаңтарда Қазақстан Республикасының Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге байланысты бейрезиденттер депозиттер бойынша ай сайынғы сыйақыдан 15% мөлшерінде салық төлеуге міндетті.
Клиентке салық органдарының Қазақстан Республикасының резиденттігін растайтын құжаты болған кезде салық резиденті мәртебесі берілуі мүмкін. Мұндай клиенттер Қазақстан Республикасының салық заңнамасының нормаларына сәйкес сыйақы түріндегі түсімнен төлем көзінен салық төлеуден босатылады.
Депозит бойынша есептелген сыйақы сомасын қайдан біле аламын?
Банк бөлімшесіне келмей-ақ, кез келген уақытта Halyk Homebank қосымшасында үзінді көшірмесін көре саласыз.
Үзінді көшірмені Halyk Homebank қосымшасында PDF форматында онлайн алуға болады:
• Депозитті таңдаңыз
• Қажетті кезеңді таңдап, PDF белгішесін басыңыз
Долларлық салымды терминал арқылы толықтыра аламын ба?
Жоқ, терминалдар арқылы депозитті тек теңгемен тегін толықтыруға болады. Доллармен толықтыру Банк бөлімшелерінде қолжетімді.
Депозит мерзімінен бұрын бұзылған кезде сыйақы қалай есептеледі?
Депозит мерзімі аяқталғанға дейін бұзылған жағдайда, сыйақы салымның сақтау мерзіміне байланысты төленеді:
• 1 айға дейін - төленбейді
• 1 айдан бастап (коса) 6 айға дейін – номиналды мөлшерлеменің 1/8
• 6 айдан бастап (қоса) 12 айға дейін - номиналды мөлшерлеменің 1/4
• 12 айдан бастап (қоса) және одан көп - номиналды мөлшерлеменің 1/2
Мен Банктік салым шартымен қайдан таныса аламын?
Сіз Шарттың талаптарымен Банк сайтының "депозиттер" бөлімінде, сондай-ақ Halyk Homebank-те депозит ашқан кезде таныса аласыз.
Банк бөлімшесіне бармай-ақ депозитті жаба аламын ба?
Депозитті тек Банк бөлімшесінде жабуға болады, өзіңізбен бірге жеке басты куәландыратын құжат болуы қажет.