Жеңілдетілген автокредит

Кредит бойынша қойылатын талаптар
1. Сыйақы мөлшерлемесі - 4% (СЖТМ 4,1%-дан бастап)*
2. Кредит валютасы - теңге
3. Кредит мерзімі - 6 айдан 84 айға дейін
4. Кредиттң ең жоғарғы сомасы - 10 000 000 теңге
5. Автокөліктің ең жоғарғы құны - 15 000 000 теңге
6. Бастапқы жарна:
• жалақылық жобаға қатысушылар үшін 0% -дан бастап (қарыз сомасы 5 млн. теңгеге дейін болған кезде)
• қалған клиенттер үшін 20%
7. Комиссиялар - жоқ.
8. Сақтандыру - Банк қаражаты есебінен.
* СЖТМ түпкілікті есептеу Банк бөлімшелерінде қарыз алған сәтте жүргізіледі.
Кредиттің артықшылықтары
Қазақстанда құрастырылған автомобильді небәрі 4% - ға алуға үлгеріңіз (СЖТМ 4.1%з-дан бастап):
• бастапқы жарнасыз
• жылдығы 4%-дан бастап
• кредитті ресімдеу және беру бойынша комиссиялардың болмауы
Кредиттің нысаналы мақсаты қандай?
Отандық өндірістің жаңа жеңіл автокөлігін сатып алуға кредит беру.
Кредит бойынша қамтамасыз ету ретінде не болуы керек?
Сатып алынатын автокөлік.
Кредитті рәсімдеу үшін қандай жас мөлшеріне қандай талаптар қойылады?
Кредиттіі өтеу кезінде Өтініш берушінің жасы 21-ден 65 жасқа дейін болуы керек.
Кредит алу үшін ең төменгі айлық кіріс қандай болуы керек?
Ең төменгі жиынтық орташа айлық табыс 60 000 теңгеден басталған болуы тиіс.
Жұмыс өтіліне қандай талаптар қойылады?
кемінде 6 ай.
Кредитті ресімдеуге өтінім берген кезде қандай құжаттар тізбесі қажет?
Өтініш берушінің, қосарлы қарыз алушының (ол қатысқан кезде) жеке куәлігі. Бұл ретте Банк қосымша құжаттарды сұрату құқығын өзіне қалдырады.
Осы бағдарлама бойынша автомобильді қандай салондарда сатып алуға болады?
Осы бағдарлама бойынша Сіз "Азия Авто" АҚ, "СарыарқаАвтоПром" ЖШС , «Hyundai Trans Kazakhstan» ЖШС салондарында автомобиль сатып ала аласыз.
Осы бағдарлама бойынша автомобильдердің қандай маркалары сатылады?
Осы бағдарлама бойынша Сіз KIA, Skoda, Hyundai, Chevrolet, Peugeot, JAC, LADA, УАЗ, Ravon Nexia, Renault сияқты автомобиль маркаларын сатып ала аласыз.
Список автомобилей
Өтінімді қарау мерзімі қандай?
3 жұмыс күні
Кредитті қалай рәсімдеуге болады?
1. Halyk Bank-тің кез келген бөлімшесінде немесе 7111 нөмірі бойынша кредит алуға арналған өтінім беріңіз.
2. Жеке басты куәландыратын құжатты алып, Банк бөлімшесіне барыңыз.
Карта отделений
Кредит үшін ай сайынғы төлемді қалай өтеуге болады?
Сіз кредитті мынадай жолмен төлей аласыз:

• Halyk Homebank-те. Картадан ағымдағы шотқа ақша қаражатын аударыңыз, одан кесте бойынша төлем жасалатын күні кредитке арналған сома автоматты түрде есептен шығарылады
• Төлем терминалы арқылы
• Cash-In функциясы бар банкоматтар арқылы
• Банктің жақын жердегі бөлімшесіндегі касса арқылы

Шарт бойынша төлемдер Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша сағат 18.00-ге дейін жүзеге асырылуы керек. Егер шарт бойынша төлем Нұр-сұлтан қ. уақыты бойынша сағат 18:00-ден кейін жүзеге асырылса, мұндай төлем келесі жұмыс күні жасалды деп танылады.
Кредитті төлемнің жоспарлы күні басталғанға дейін немесе төлемнің жоспарлы күні қалай өтеуге болады?

Мерзімін кешіктірмеу және кредит тарихын бұзбау үшін кредитті Halyk Homebank мобильді қосымшасында уақтылы немесе жоспарлы күн басталғанға дейін төлеңіз. Ай сайынғы төлемді өтеу үшін Сізге:
• Halyk Homebank-ті ашу керек
• Басты бетте "Төлемді өтеуді" басу керек
• Төлемді өтегіңіз келетін кредитті таңдау керек
• "Төлемді өтеуді" басу керек
• Төлем жасау үшін картаны немесе шотты таңдау және төлем сомасын енгізу керек
• Төлемді растау керек
Назар аударыңыз! Halyk Homebank-те кредитті өтеу сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін қолжетімді. Ай сайынғы төлемді өтеу Android (нұсқасы 5.4.2-ден төмен емес) және IOS (нұсқасы 5.5.2-ден төмен емес) смартфондарында қолжетімді.

Қосымша:
1) Ай сайынғы төлемді төлеуді бір қарыз бөлінісінде ғана жасауға болады.
2) Сіз ай сайынғы төлемді төлеуге жоспарлы төлеммен салыстырғанда белгіленген сомадан көп ақша салсаңыз, онда ақшаның қалған бөлігі Сізде кесте бойынша келесі ай сайынғы төлемді өтеу үшін шарттың алдын ала төлем шотында қалады.
3) шартты толық өтеген жағдайда, шарттың алдын ала төлем шотындағы артық төленген сома автоматты түрде Сіздің өзекті шотыңызға аударылады.
Кредиттің ішінара (толық) мерзімінен бұрын өтелгені үшін қандай комиссия алынады?
0,1%, бірақ борыш қалдығынан кемінде 30 000 теңге. Несиені ішінара (толық) мерзімінен бұрын өтеу Банк филиалында қол жетімді.