Депозит кепілімен берілетін кредит

Кредит бойынша қойылатын талаптар
1. Сыйақы мөлшерлемесі - салым бойынша сыйақы мөлшерлемесіне Банк маржасы: жылдығы 1,5%-дан 6%-ға дейін*
2. Кредит валютасы - салым валютасына байланысты теңге, АҚШ доллары, еуро
3. Кредит мерзімі - 1 айдан 120 айға дейін
4. Кредиттің ең жоғары сомасы - салым сомасының 90%-дан астам емес
5. Кірісті растау, сақтандыру - талап етілмейді
6. Қамтамасыз ету - өтініш берушінің Банкте ашқан салымы
7. Комиссиялар:
• кредитті ұйымдастырғаны үшін - кредит сомасының 1%
• қарызды ішінара (толық) мерзімінен бұрын өтегені үшін - Банк тарифтеріне сәйкес
* сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі теңгемен жылдығы 10,5%-дан бастап, АҚШ долларымен 2%-дан бастап, еуромен 1,53% -дан бастап
Кредиттің артықшылықтары
• Депозит сомасының 90%
• 100% мақұлдау
• жылдам рәсімдеу
• барлық желі бойынша өтеу
• 3 жұмыс күні ішінде
Кредитті қалай рәсімдеуге болады?
1. Сайтта жылдам өтінім беріңіз немесе Halyk Bank-тің кез келген бөлімшесіне хабарласыңыз немесе 7111 нөміріне қоңырау шалыңыз.
2. Құжаттарды ұсыну және шартқа қол қою үшін банк бөлімшесіне барыңыз.
3. Мақұлданған соманы алу үшін бөлімге барыңыз.
Карта отделений
Кредиттің нысаналы мақсаты қандай?
Нысаналы мақсаты - қарыздың мақсатқа сай пайдаланылуын қадағалаусыз тұтынушылық мақсаттарға арналған*.

* мақсатқа сай пайдаланылуы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының Кредиттеу жөніндегі құжаттаманы жүргізу ережелерін бекіту туралы 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс кредиттерді қоспағанда.
Кредит бойынша қамтамасыз ету ретінде не болуы керек?
Өтініш берушінің Банкте ашқан салымы (депозиті).
Кредитті рәсімдеу үшін қандай жас мөлшеріне қандай талаптар қойылады?
Кредитті өтеу кезінде Өтініш берушінің жасы 21-ден 60 жасқа дейін болуы керек.
Өтініш берушіге кредит бойынша кіріс бойынша қойылатын талаптар бар ма?
Жоқ.
Кредиттік өтінімді қарау мерзімі қандай?
Өтінім бар болғаны 3 жұмыс күні қаралады.
Кредит үшін ай сайынғы төлемді қалай өтеуге болады?
Сіз кредитті мынадай жолмен төлей аласыз:

• Halyk Homebank-те. Картадан ағымдағы шотқа ақша қаражатын аударыңыз, одан кесте бойынша төлем жасалатын күні кредитке арналған сома автоматты түрде есептен шығарылады
• Төлем терминалы арқылы
• Cash-In функциясы бар банкоматтар арқылы
• Банктің жақын жердегі бөлімшесіндегі касса арқылы

Шарт бойынша төлемдер Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша сағат 18.00-ге дейін жүзеге асырылуы керек. Егер шарт бойынша төлем Нұр-сұлтан қ. уақыты бойынша сағат 18:00-ден кейін жүзеге асырылса, мұндай төлем келесі жұмыс күні жасалды деп танылады.