SMS банкинг

Карта немесе шот бойынша хабарламаны қалай алуға болады?
Ақшалай қаражат қозғалысын келесі әдістердің бірімен бақылауға болады:
1. Halyk Homebank-те қажетті картаны/ шотты таңдап
2. Push-хабарламалар арқылы (Halyk Homebank пайдаланушыларына)
3. SMS-хабарламалар қызметі арқылы (Halyk Homebank қосымшасы болмаған жағдайда)
SMS банкинг қызметін пайдаланғаны үшін абоненттік төлем/комиссия бар ма?
Қызмет тегін
SMS банкинг қызметін қалай қосуға болады?
Halyk Homebank қосымшасына тіркелу мүмкіндігі болмаған жағдайда, SMS банкинг қызметін қосыңыз:
1. Halyk Bank банкоматтары арқылы:
* картаны салыңыз
* "SMS банкинг" қызметін таңдап, нұсқаулықты орындаңыз
2. Бірыңғай байланыс орталығы арқылы 7111 нөмірі бойынша (ол үшін код сөзін жазыңыз)
3. Halyk Bank-тің жақын жердегі бөлімшесіне жүгіну
SMS банкинг қызметін қалай өшіруге болады?
SMS банкинг қызметіне жазылуды:
1. Halyk Bank банкоматтары арқылы:
* картаны салыңыз
* "SMS банкинг" қызметін таңдап, нұсқаулықты орындаңыз
2. Бірыңғай байланыс орталығы арқылы 7111 нөмірі бойынша болдырмауға болады
SMS банкинг қызметін қосымша картаға қалай қосуға болады?
Қызмет барлық келісімшарттар бойынша қосылады. Кез келген картаны іске қосқаннан кейін, оған SMS хабарламалар да келеді.
SMS банкинг қызметін қанша ұялы нөмірге қоса аламын?
SMS-хабарламаларды 3 ұялы нөмірге қосуға болады