Картаны қалай алуға болады?

Halyk Homebank қосымшасында картаны қалай ашуға болады?
Halyk Homebank мобильдік қосымшасында еліміздің барлық қалалары үшін тегін жеткізіумен картаны онлайн шығару қолжетімді.
Halyk Homebank қосымшасында картаны онлайн ашу үшін:
* Негізгі экранда "Карталар" батырмасын басыңыз
* "Sinooil"-ды таңдаңыз
* Карта түрін, байланыс нөмірін, жеткізу әдісі мен мекенжайын таңдап, "Картаны ашу" батырмасын басыңыз.
* Картаның ашылуын растау үшін SMS-тен кодты енгізіңіз
Дайын!

1) Картаны жеткізу тек келесі қалаларға жүзеге асырылады: Алматы, Нұр-сұлтан, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Қарағанды, Талдықорған, Қызылорда, Семей, Өскемен, Қостанай, Павлодар, Көкшетау, Петропавл, Тараз, Теміртау, Түркістан, Орал, Байқоңыр, Жезқазған, Жаңаөзен, Балқаш, Шымкент, Екібастұз.
2) демалыс және мереке күндері картаны шығару қолжетімсіз. Картаны шығаруға өтінім бірінші жұмыс күні қаралады.
Halyk Bank бөлімшесінде картаны қалай ашуға болады?
Картаны ашуға немесе қайта шығаруға өтінімді Halyk Bank-тің кез келген бөлімшесінде беруге болады.
Сонымен қатар, егер Сіз жеке куәлікті ұмытып қалсаңыз, жеке куәліктің түпнұсқасын ұсынбай, жеке басын куәландыратын сандық құжат негізінде шот ашуға мүмкіндігіңіз бар.

Сандық құжатты қалай алуға болады:
1. EGov mobile қосымшасын ашу
2. "Сервистер" бөлімінде "цифрлық құжаттарға" басу
3. Авторизациядан 2 жолмен өтуге болады:
* ЭЦҚ паролін теру арқылы немесе
* SMS арқылы (ЖСН теріп, Клиенттің телефон нөмірін енгізгеннен кейін телефон нөміріне 5 таңбалы код жіберіледі)
4. "Жеке куәлік" құжаттар бөлімінен таңдау және "Құжатқа қол жеткізуді ашу" батырмасын басу
5. Менеджерге экранда көрінетін қысқа кодты жазыңыз

Шығыс операцияларының барлық түрлерін жүзеге асыруға қатаң тыйым салынады.
Карта отделений
Карта қандай мерзімде жеткізіледі?
Halyk Homebank қосымшасында тапсырыс беру кезінде Sinooil картасын жеткізу мерзімдері:
* 3 жұмыс күніне дейін – Алматы, Нұр-Сұлтан,
* 5 жұмыс күніне дейін – Шымкент, Қарағанды, Талдықорған, Қызылорда, Жезқазған, Екібастұз, Теміртау, Жаңаөзен
* 8 жұмыс күніне дейін – Семей, Өскемен, Қостанай, Павлодар, Көкшетау, Петропавл, Тараз, Түркістан
* 10 жұмыс күніне дейін – Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Орал, Байқоңыр, Балқаш

Жеткізу шарттары:
* Жеткізу тегін
* Жұмыс күндері ғана жүзеге асырылады (сенбі, жексенбі-демалыс күндері)
* Жеткізу алдында курьер сізбен хабарласады, қоңырау күтіңіз
* Сіз картаны жеткізу мәртебесі туралы SMS хабарлама аласыз.

Картаны жеткізу кешіктірілген жағдайда, Сіз өтінішіңіздің мәртебесін төмендегі сілтеме арқылы біле аласыз.
Статус заявки