Ashyq. Коронавирус бойынша мәртебе

Ashyq сервисі Halyk Homebank қосымшасында қолжетімді болды
Halyk Bank Halyk Bank қосымшасында Ashyq сервисін қосу және өшіру бойынша қосымша функционал енгізді. Қосымшада сервисті іске қосу немесе өшіруді өзіңіз шешесіз. Бұл сервис арқылы клиенттердің өз денсаулығына қауіп төндірмей қоғамдық орындарға бару мүмкіндігі бар. Сервисті пайдалану үшін Halyk Homebank қосымшасында функционалды қосу және мекеменің кіре берісінде орналасқан Ashyq бағдарламасының QR-кодын сканерлеу қажет. QR-кодты сканерлеу кезінде пайдаланушының мәртебесі мобильді қосымшаның экранына мемлекеттік органдардан алынған күйінде шығарылады.
Halyk Homebank қосымшасы QR-сәйкестендіруді қажет етпей пайдаланушыға ыңғайлы кез келген уақытта өз мәртебесін тексеруге мүмкіндік береді.
Ashyq сервисі бар Halyk Homebank қосымшасы дербес деректерді сақтамайды. Сервис пайдаланушының ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ПЦР деректер базасынан алынатын мәртебесін көрсетеді. Ashyq қосымшасы "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы болып табылатын "ҰАТ" АҚ серверлерінде қорғалған контурда орналасқан. Ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптар ең жоғары.
Кіруді тіркеуге арналған нұсқама
Қоғамдық орынға кіру үшін:
• Halyk Homebank қосымшасын AppStore және Play Market-те жаңартыңыз
• Басты бетте "Ashyq"-ты таңдаңыз немесе QR батырмасын басыңыз
• Арнайы QR кодын сканерлеңіз (камераны QR-ге апарыңыз)
• Экранда Сіздің мәртебеңіз * көрсетіледі, ол қоғамдық орынға кіруге рұқсат береді немесе шектейді

* Сервис пайдаланушының ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ПЦР деректер базасынан алынатын мәртебе мобильді қосымшасының экранында көрсетіледі. Ashyq қосымшасы "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы болып табылатын "ҰАТ" АҚ серверлерінде қорғалған контурда орналасқан. Ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптар ең жоғары.
ASHYQ мәртебелері
ASHYQ мәртебелері:

• Бейтарап – ПЦР-тест міндетті болып табылатын орындардан басқа жерлерде қозғалыста шектеулер жоқ;
• Қауіпсіз – қозғалыста ешқандай шектеулер жоқ, пайдаланушы деректер базасында теріс ПЦР тестін алған деп белгіленген;
• Жанасқан – қозғалысты ішінара шектеу: пайдаланушы ПЦР деректер базасында жанасқан деп көрсетілген, пациентке үйде оқшаулану режимін сақтайтын жерден 500 метрден аспайтын азық-түлік және тұрмыстық дүкендерге, дәріханаларға баруға рұқсат етіледі;
• Жұқтырған – қозғалыс шектеулі, үйде оқшауланудың қатаң режимін сақтау қажет.
Объектілерге кіру үшін әр уақытта ПЦР-тест тапсыру керек пе?
Жоқ, объектілерге кіру үшін ПЦР тесттерін арнайы тапсырудың қажеті жоқ. Егер соңғы ПЦР-тес??ілеудің нәтижесі сәтінен бастап 3 тәуліктен астам уақыт өтсе, Сізге объектілерге кіруге шектеу қойылмайтын "қауіпсіз" мәртебе беріледі.
Объектілерге баруды қалай жоспарлау керек? "Жанасқан" және "Жұқтырған" мәртебелері қанша уақыт сақталады?
Егер адам жанасқан немесе жұқтырған болса, ол 14 күн бойы үй карантинінде болуы керек. 14 күннен кейін оған автоматты түрде "бейтарап" мәртебесі беріледі. Егер үй карантині аяқталғаннан кейін оның ПЦР тесті теріс нәтиже берсе, онда оған "қауіпсіз" мәртебесі беріледі.

"Жұқтырған" мәртебесі 14 күн өткеннен кейін теріс ПЦР-тест нәтижесін алған күні жойылады. Теріс нәтиже алынғаннан кейін - пациент "қауіпсіз" мәртебесіне ауыстырылады, ол 3 күнге созылады. Егер қайта тестілеу тапсырылмаса, онда мәртебе "бейтарап"болады.

"Жанасқан" мәртебесі бар тұлғалар COVID-19-ға оң нәтижесі бар адаммен байланыста болған күннен бастап күнтізбелік 14 күн өткен соң "қауіпсіз" мәртебесіне ауыстырылады.
Ashyq арқылы мекемелерге кіру азаматтардың еркін қозғалу конституциялық құқығын бұзады ма?
Азаматтардың конституциялық құқықтары бұзылмайды.
Келушілердің мәртебесін тексеру, ең алдымен, келушілердің өздері үшін артықшылықтар береді. Ashyq-пен жұмыс істейтін объектіге кіргенде, COVID-пен жанасу қаупі азаяды.
Шығу кезінде QR кодын сканерлеу керек пе?
Ashyq жобасы басталған сәттен бастап мұндай шарт міндетті болып табылған. Алайда бас санитарлық дәрігердің ағымдағы жылғы 13 сәуірдегі қаулысына сәйкес шығу кезінде QR-кодты сканерлеу талап етілмейді.
Ashyq сервисі бойынша сұрақтар туындаған жағдайда қандай нөмір бойынша хабарласуға болады?
Ashyq пайдаланушы-жеке тұлғаларға кеңес алу үшін- 1414
Бизнес өкілдері үшін 1432 нөміріне хабарласу қажет.