Қалай ресімдеуге болады?

Интернет-дүкенде тауарды бөліп төлеу немесе кредит арқылы қалай сатып алуға болады?
1) www.tyre-service.kz онлайн-дүкеніне өтіңіз және ұнаған тауарды таңдаңыз
2) Одан әрі Halyk Homebank-ті * ашыңыз, басты экранда "Бөліп төлеуді" таңдаңыз
3) "Kama Tyres-ді" таңдаңыз және сатып алу сомасын енгізіңіз
4 Мерзімді таңдаңыз ** және "Бұдан әріні" басыңыз
5) Талаптармен танысыңыз және Банк шығарған ЭЦҚ-ны қойыңыз
Дайын! Дүкенге хабарласыңыз және Halyk bank-те бөліп төлеуді ресімдегеніңіз туралы, сондай-ақ өзіңіздің ЖСН хабарлаңыз.

* бөліп төлеуді немесе кредитті ресімдеу үшін бөлімшеге бармай-ақ, жеке басты бейне растау арқылы Halyk Homebank-те онлайн тіркеуден өту қажет
** таңдалған мерзімге қарай кредитке немесе бөліп төлеуге ресімдеуді таңдаңыз.
Бөлшек сауда дүкенінде тауарды бөліп төлеу немесе кредит арқылы қалай сатып алуға болады?
1) Өзіңіздің қалаңыздағы Кама-Қазақстан/KamaTyres дүкендерінің бірінен тауарды таңдаңыз: Tyre&Service, Vianor, Good Year, Continental, Bridgestone, Pitelli, Колеса даром.
2) Halyk Homebank-ті* ашыңыз, басты экранда "Бөліп төлеуді" таңдаңыз
3) "Kama Tyres-ті" таңдаңыз және сатып алу сомасын енгізіңіз
4) Мерзімді таңдаңыз ** және "Бұдан әріні" басыңыз
5) Талаптармен танысыңыз және Банк шығарған ЭЦҚ-ны қойыңыз

Дайын! Тауарды алған кезде жеке куәлікті ұсыныңыз.

* бөліп төлеуді немесе кредитті ресімдеу үшін бөлімшеге бармай-ақ, жеке басты бейне растау арқылы Halyk Homebank-те онлайн тіркеуден өту қажет
** таңдалған мерзімге қарай кредитке немесе бөліп төлеуге ресімдеуді таңдаңыз.
Halyk Homebank қосымшасында қалай тіркелуге болады?
Егер сіз Halyk Bank клиенті болмасаңыз да, қазір Банктің клиенті болу оңай! Halyk Homebank қосымшасын жүктеп алыңыз және Halyk Bank-тің барлық өнімдері мен онлайн қызметтеріне қол жеткізіңіз.
1. Halyk Homebank қосымшасын Android-қа арналған Play Market-тен немесе iOS-ке арналған App Store-дан (iPhone) жүктеп алыңыз
2. Қосымшаны ашыңыз да "Тіркелуді" басыңыз:
• Телефон нөмірін енгізіңіз
• Ұялы нөмірге жіберілген SMS арқылы алынған кодты енгізіңіз
• Өзіңіздің ЖСН енгізіңіз және Құпиялылық саясатының талаптарымен танысыңыз
• Нұсқаулыққа сәйкес жеке басты бейне-растаудан өтіңіз
• Сұрау салынған жағдайда жеке куәлікті сканерлеңіз*
• Қосымшаға әрі қарай кіру үшін қосымшаға 4 таңбалы цифрлық қолжеткізу кодын орнатыңыз
Дайын! Halyk Homebank-тің барлық артықшылықтарын бүкіл әлем бойынша 24/7 пайдаланыңыз.
Кредит/бөліп төлеу арқылы қанша тауар сатып ала аламын?
Тауарды несиеге / бөліп төлеуге сатып алу бойынша шектеулер жоқ.
Бұл ретте, тапсырыс сомасы 4 000 теңгеден кем болмауы және 300 000 теңгеден аспауы тиіс.
Шешім қаншалықты тез қабылданады?
Бөліп төлеуді/ кредитті мақұлдау туралы шешімді жүйе санаулы минут ішінде автоматты түрде қабылдайды, бірақ бұл ретте әрбір өтінім жеке қаралатынын ескеруді сұраймыз.
Шартқа қол қою қажет пе?
Шартқа электрондық цифрлық қолтаңба қойылады. Сіз ЭЦҚ шығару туралы келісімді Halyk Homebank қосымшасында тіркеуден өткен сәтте, бөліп төлеуді/ кредитті ресімдеу кезінде бересіз.
Шартты/өтеу кестесін қалай ала аламын?
"Берешек және өтеу кестесі бойынша ақпарат Halyk Homebank қосымшасында қолжетімді:
• Кредит бойынша борыш қалдығының сомасы: "Шоттар" бөлімі,"Кредиттер" блогы
• Өтеу кестесі: бөліп төлеуді/кредитті басқан кезде тиісті мәртебесі бар ақпарат қол жетімді болады