Карта бойынша лимиттер

Карталарда лимиттер не үшін белгіленген?
Шектеулер сіздің қаражатыңызды үшінші тұлғалардың заңсыз әрекеттерінен қосымша қорғау үшін енгізілген.
Halyk Homebank-те операциялардың қандай түрлерін жүргізу кезінде лимиттер бар?
* Өз карталарың арасындағы аударым сомасына лимит
* Картадан ҚР кез келген банктерінің картасына аудару сомасына лимит
* Картадан кез келген шетелдік картаға аудару сомасына лимит
* Halyk желісінің кез келген банкоматына картадан аудару сомасына лимит
* Қазақстанда және шетелде банкоматтар арқылы қолма-қол ақшаға айналдырудың ең жоғары сомасына лимит
Қандай операцияларды жүргізуге шектеулерді орнатуға/алып тастауға болады?
Сіздің қаражатыңызды үшінші тұлғалардың заңға қайшы әрекеттерінен қосымша қорғауды қамтамасыз ету мақсатында, әдепкі бойынша карталарда келесі төлемдер мен қолма-қол ақшаға айналдыру лимиттері белгіленген.
* Қолма-қол ақшаның максималды мөлшеріне шектеулер
* Интернет желісіндегі транзакцияларға шектеулер
* POS-терминалдардағы транзакцияларға шектеулер
* чипі жоқ АТМ-да транзакцияларға шектеулер
Сіз Halyk Homebank қосымшасына лимиттерді уақытша алып тастай/ орната аласыз."
Интернет желісінде онлайн төлемдерге/ транзакциялар жүргізуге/POS-терминалдарда транзакцияларға лимитті қалай алып тастауға болады? (шоттың негізгі ұстаушысы)
Сіз Halyk Homebank-те карталар бойынша төлемдер мен транзакцияларды жүргізуді шектей аласыз:
1. Halyk Homebank-ке кіріңіз
2. Қажетті картаны таңдаңыз
3. "Шектеулерді алып тастау" батырмасын басыңыз
4. Ашылмалы тізімнен қажетті опцияны таңдаңыз - "Интернет желісіндегі транзакцияларға"/ "POS-терминалдардағы транзакцияларға"/ "Чипсіз АТМ-дағы транзакцияларға" / "Брокерлік қызметтерге"
5. Шектеу алынып тасталатын күндердің қажетті санын көрсетіңіз
Дайын!
Банкоматтан қолма-қол ақша алуға лимитті қалай алып тастауға болады? (шоттың негізгі ұстаушысы)
Сіз Halyk Homebank-те банкоматтар арқылы қолма-қол ақша алуға шектеуді алып тастай аласыз:
1. Halyk Homebank-ке кіріңіз
2. Қажетті картаны таңдаңыз
3. "Шектеулерді алып тастау" батырмасын басыңыз
4. Ашылмалы тізімнен "Қолма-қол ақшаның ең жоғары сомасына" батырмасын таңдаңыз
5. Шектеу алынып тасталатын күндердің қажетті санын көрсетіңіз
Дайын! Сіз күніне 700 000 теңгеден артық қолма-қол ақша ала аласыз.
Карта шығындарына шектеулерді қалай орнатуға болады? (шоттың негізгі ұстаушысы)
Карта бойынша шектеулерді Halyk Homebank-те орната аласыз:
* қажетті картаны басыңыз
* "Баптаулар" батырмасын басыңыз
* "Карта бойынша лимиттер"/"Жұмсау лимиттері" бөлімінде "Лимиттерді белгілеу" батырмасын таңдаңыз
Байланыс орталығы арқылы карта бойынша қандай лимиттерді өзгертуге болады? (шоттың негізгі ұстаушысы)
Байланыс орталығы арқылы лимиттерді өзгерте аласыз (мобильді телефоннан 7111 нөміріне қоңырау шалыңыз):
* банкоматтарда ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға
* POS-терминалдардағы транзакцияларға