Homebank Pay

Homebank Pay дегеніміз не?
Homebank Pay – бұл Android смартфондарында жүргізілетін жылдам төлемдер. Visa картасын байлаңыз да, Android смартфондарымен төлем жүргізіңіз.
Homebank Pay Android төлемдерін қалай қосуға болады?
Орнату үшін NFC модулі бар Android смартфоны қажет.
1. Телефонда NFC деректер беруді қосыңыз - смартфонда "Баптаулар" опциясын таңдаңыз - Қосылу және ортақ қосылу - NFC және төлеу - қосу.
2. Play Market-тен Halyk Homebank қосымшасын орнату
3. Halyk Homebank-ке NFC кіруді қосыңыз - (Смартфон баптаулары - Қосымша - Halyk Homebank - NFC - қосу)
4. Авторизациядан өтіп, NFC төлем белгішесін басыңыз
5. "Homebank Pay-ге карталарды қосу" басыңыз
6. Visa төлем картасына қарама қарсы тұрған "+" белгісін басыңыз
7. Картаны қосуды SMS кодпен растаңыз

Дайын! Енді Сіз Homebank Pay арқылы сатып алулар жүзеге асыра аласыз

Android смартфондарында баптаулардағы тармақтар басқаша аталуы мүмкін, бастысы: NFC беруді смартфон баптауларында қосу және Halyk Homebank қосымшасына NFC пайдалануға рұқсат ету.
Мынаған назар аударыңыз:
• Halyk Bank-тің Visa төлем картасы белсенді болуы керек және бұғатталмауы керек
• Visa төлем картасында онлайн операцияларды растайтын 3D Secure коды орнатылған
• сенімді нөмір орнатылған және өзекті болса, оған карта қосылғанын растайтын SMS жіберіледі.
Смотреть видео-инструкцию
Homebank Pay-ді Halyk Bank-тің қандай карталарына байлай аламын?
Homebank Pay Halyk Bank-тің барлық Visa карталарына (корпоративтік карталарды қоспағанда), соның ішінде виртуалды карталарға да бекітіледі.
Homebank Pay арқылы қалай төлем жүргізуге болады?
Сіз телефонда байланыссыз төлемдерді қабылдайтын Homebank Pay арқылы төлей аласыз:
• бас мәзірде NFC төлем белгішесін басыңыз
• картаны таңдаңыз
• телефонды терминалға тақаңыз
• төлем сәтті өткен жағдайда, телефон экранында "Дайын!" жазуы пайда болады

Терминалға деректерді сәтті беру картаның сәтті оқылғанын білдіреді, бірақ бұл операция сәтті екенін білдірмейді. Операцияның сәтті өткендігі тек POS-терминалда кассирде ғана көрінеді. Сәтті емес операция әртүрлі себептерге байланысты болуы мүмкін: қаражаттың жеткіліксіздігі, картаның бұғатталуы, байланыстың болмауы және т. б.
Смотреть видео-инструкцию
Homebank Pay қандай құрылғыларда жұмыс істейді?
Тек NFC модулі бар смартфондарға қолдау көрсетіледі. Смартфонда NFC модулінің бар-жоғы өндірушінің веб-сайтында көрсетілген.

Samsung, Huawei, Meizu, Xiaomi, LG, Sony, Google Pixel, Oneplus және басқа да NFC бар танымал ондаған смартфондарды тестілеуден сәтті өттік.
Бұл қызметке қосылу қанша тұрады?
Homebank Pay-ге қосылу және одан әрі пайдалану тегін.
Homebank Pay көмегімен қайда төлемдер жүргізуге болады?
Homebank Pay көмегімен төлемдерді жүзеге асыруға және сатып алулар жасауға болады:
• дүкендерде және басқа да төлем қабылдау нүктелерінде (қызметтер)
• онлайн сатып алу.
Homebank Pay-ге қанша карталарды байлай аламын?
Сіз Homebank Pay-ге 10 төлем картасын байлай аласыз
Егер операция/ транзакция қабылданбаса, мен бұл туралы хабарлама аламын ба?
Жоқ, операцияның/транзакцияның ауытқуы тек ПОС терминалдағы кассирге көрсетіледі.
Сәтсіздік әртүрлі себептерге байланысты болуы мүмкін: картаның бұғатталуы, қаражаттың жеткіліксіздігі, байланыстың болмауы және т. б.
Homebank Pay бойынша "Сіздің картаңыз бұғатталған" деген қателік пайда болса не істеу керек?
Бұл тек токен бұғатталғанын, ал карта бұғатталмағанын білдіреді. Бұғаттау көбінесе байланысқа қатысты мәселелер кезінде, атап айтқанд?? push-хабарламаларға байланысты болады.
Картаны қайта токендеу үшін деректерді өшіру керек:
• смартфон баптауларында қосымшалар тізімдерінен Halyk Homebank қосымшасын табыңыз
• деректерді босатыңыз (қосымшаа токенді жою керек болғандықтан толық босатуды жүзеге асырыңыз)
• Halyk Homebank қосымшасына пароль арқылы қайта кіріңіз
• картаны қайта қосыңыз
Visa-дан басқа төлем жүйесінің картасын қашан байлауға болады және болашақта мұндай мүмкіндік бола ма?
Мұндай мүмкіндік жақын арада пайда болады. Halyk Bank жаңалықтарын қадағалаңыз.
Менің смартфонымда NFC қолдану мүмкіндігі бар-жоқтығын қайдан біле аламын?
Смартфон баптауларында немесе смартфонның пайдаланушы нұсқаулығында тексеру қажет
Homebank Pay-де төлем жасау үшін картаны байлау қауіпсіз бе?
Homebank Pay-де транзакцияларды қорғау сіздің құрылғыңыздың аппараттық және бағдарламалық жасақтамасына енгізілген қауіпсіздік функциялары арқылы қамтамасыз етіледі. Homebank Pay жүйесі пайдаланушының жеке деректерін қорғауға арналған.