Шарттары мен артықшылықтары

Талаптар
Дүкенге және Банк бөлімшесіне бармай-ақ, бөліп төлеу арқылы немесе кредитке жылдам сатып алуды ресімдеңіз.
1. Бөліп төлеу бойынша сыйақы мөлшерлемесі - 0%, кредит бойынша - 20% бастап (жеке белгіленеді)
2. Мерзімі:
• Бөліп төлеу - 3 ай.
• Кредит – 6, 12, 24, 36, 48, 60 ай.
3. Ең жоғарғы сома:
• бөліп төлеу - 2 000 000 теңгеге дейін
• кредит - 6 000 000 теңгеге дейін
4. Комиссиялары - жоқ
5. Ішінара мерзімінен бұрын өтеу - Halyk Homebank қосымшасында комиссиясыз (кемінде бір төлем мөлшерінде)
6. Толық мерзімінен бұрын өтеу - Halyk Homebank қосымшасында комиссиясыз
Артықшылықтар
• Пайызсыз және артық төлеусіз бөліп төлеу - 3 ай
• Кредит - 60 айға дейін
• Ең жоғарғы сома - 6 000 000 теңгеге дейін
• Кредиттік менеджерге жүгінбей онлайн рәсімдеу
• Тауарларды таңдау және тапсырысты қалыптастыру App Store-де және Play Market-те қолжетімді Vlife серіктесінің қосымшасында жүзеге асырылады.
• Комиссиялардың болмауы
• Ішінара/ толық мерзімінен бұрын өтеу комиссиясыз Halyk Homebank қосымшасында қолжетімді
Кредит немесе бөліп төлеу арқылы тауарды қайдан сатып алуға болады?
Тауарларды таңдау және тапсырысты қалыптастыру App Store-де және Play Market-те қолжетімді Vlife серіктесінің қосымшасында жүзеге асырылады.
Бөліп төлеуді ресімдеу үшін қандай талаптар қойылады?
• жас мөлшері 18 жастан 67 жасқа дейін
• жеке куәлік
• ұялы телефонның болуы
Жұмыс өтіліне қандай талаптар қойылады?
Еңбек өтіліне қойылатын талаптар жоқ.
Тауарды бөліп төлеу немесе кредит арқылы алу үшін ең төменгі айлық кіріс қандай болуы керек?
Клиенттің алатын табысы мен төлем қабілеттілігіне байланысты, бұл ретте Банк аралық минимумнан асырмау туралы ҚР Заңының талаптарын көздейді.
Маған қандай соманы бөліп төлеумен бере алады?
Кредиттің / бөліп төлеудің ең төменгі сомасы - 4 000 теңге, ең жоғарғы сомасы - 6 000 000 теңге. Бұл ретте ең жоғарғы соманы есептеу тәсілі әр клиентке жеке болып табылады.
Тауарлық кредитті/ бөліп төлеуді қайта қаржыландыра аламын ба?
Иә, тауарлық кредитті Halyk bank-те де, сондай-ақ ЕДБ-да да қайта қаржыландыруға болады. Бөліп төлеуді қайта қаржыландыруға кеңес бермейміз, өйткені бөліп төлеу бойынша артық төлеу мен пайыздар жоқ.
Тауардан бас тартқан/тауарды қайтарған жағдайда, кредитті/ бөліп төлеуді қалай жоя аламын?
Шарттың күшін жою / тауарды қайтару шартқа қол қойылған сәттен бастап 200 күн ішінде ғана мүмкін болады. Ол үшін серіктес дүкеніне хабарласу керек. Банкке хабарласудың қажеті жоқ. Дүкеннің өтініші бойынша кредит автоматты түрде жойылады.
Егер мен төлемді кешіктірсем не болады?
Жоспарлы төлем бойынша мерзімін өткізіп алуға жол берілген жағдайда, Банктік қарыз шартының талаптарына сәйкес күніне борыш сомасының 0,5% мөлшерінде өсімпұл есептеледі.
Мерзімін өткізіп алуға жол беру Сіздің кредиттік тарихыңызға әсер етеді және кейіннен кредит алуға теріс әсер етуі мүмкін.
Тауарға қандай кепілдік мерзімі беріледі?
Кепілдік мерзімі таңдалған тауардың түрі мен брендіне байланысты.
Кепілдіктің нақты мерзімін тауарды тікелей сатып алу / алу алдында нақтылай аласыз.