Бөліп төлеуді/ кредитті қалай өтеуге болады?

Бөліп төлеуді/ кредитті жоспарлы төлем күні басталғанға дейін немесе жоспарлы төлем күні қалай өтеуге болады?
Мерзімін кешіктірмеу және кредит тарихын бұзбау үшін кредитті Halyk Homebank мобильді қосымшасында уақтылы немесе жоспарлы күн басталғанға дейін төлеңіз. Ай сайынғы төлемді өтеу үшін Сізге:
• Halyk Homebank-ті ашу керек
• Басты экранда "Төлемді өтеуді" басу керек
• Төлемді өтегіңіз келетін бөліп төлеуді/кредитті таңдау керек
• "Төлемді өтеуді" басу керек
• Төлем жасау үшін картаны немесе шотты таңдау және төлем сомасын енгізу керек
• Төлемді растау керек
Назар аударыңыз! Halyk Homebank-те кредитті өтеу сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін қолжетімді. Ай сайынғы төлемді өтеу Android (нұсқасы 5.4.2-ден төмен емес) және IOS (нұсқасы 5.5.2-ден төмен емес) смартфондарында қолжетімді.

Қосымша:
1) ай сайынғы төлемді төлеуді топтастыру арқылы жасауға болады. Топтастыру арқылы өтеуді таңдаған кезде - "өтеуге" деген опцияда алдын ала төлем шотына бұрын енгізілген және "енгізілді" деген опцияда көрсетілген соманы шегергенде, барлық тауарлық кредиттер бойынша төлемдердің жалпы сомасы көрсетіледі.
2) Сіз ай сайынғы төлемді төлеуге жоспарлы төлеммен салыстырғанда белгіленген сомадан көп ақша салсаңыз, онда ақшаның қалған бөлігі Сізде кесте бойынша келесі ай сайынғы төлемді өтеу үшін шарттың алдын ала төлем шотында қалады.
3) шартты толық өтеген жағдайда, шарттың алдын ала төлем шотындағы артық төленген сома автоматты түрде Сіздің өзекті шотыңызға аударылады.
Бөліп төлеуді/ кредитті қалай өтеуге болады?
Өтеу автоматты түрде жүргізіледі, есептен шығару Сіздің Банкте ашылған картаңыздан/шотыңыздан/ Halyk Homebank Wallet электрондық әмияныңыздан жүргізіледі.
1) сіз картаны/шотты мыналар арқылы толықтыра аласыз:
• Cash-In функциясы бар банкоматтар
• Halyk Homebank арқылы картадан картаға аудару
• картадан картаға ақша аударуды қолдайтын басқа банктерден
• төлем терминалы арқылы
• банк бөлімшелеріндегі кассалар арқылы
2) Halyk Homebank Wallet электрондық әмиянын Сіз келесі жолмен толықтыра аласыз:
• аудару арқылы:
- Halyk Homebank арқылы картадан Halyk Homebank Wallet электрондық әмиян нөміріне
- басқа банктердің картасынан Halyk Homebank Wallet электрондық әмиян нөміріне
• Cash-In функциясы бар банкоматтар арқылы:
- "төлем картасына енгізуді" таңдаңыз
- Halyk Homebank Wallet электрондық әмиян нөмірін енгізіп, қажетті сомаға толықтырыңыз
• Төлем терминалы арқылы:
- "Банктік қызметтер" - "Шотты/картаны толықтыру" - "картаны толықтыру" функцияларын таңдаңыз
- бұдан әрі ЖСН мен Halyk Homebank Wallet электрондық әмиян нөмірін енгізіңіз
3) Банк бөлімшесінде.

Halyk Homebank қосымшасында Halyk Homebank Wallet электрондық әмиянының деректемелерін білу үшін:
• басты экранда "Halyk Homebank Wallet-ті" таңдаңыз
• "Баптауларды" ашып, "Сұрау салуды" таңдаңыз
Тауарлық кредит /бөліп төлеу бойынша ішінара немесе толық мерзімінен бұрын өтеуді қалай жүзеге асыруға болады?
Сіз Halyk Homebank қосымшасындағы банктік шоттан/ картадан тауарлық кредит/бөліп төлеу бойынша ішінара және толық мерзімінен бұрын комиссиясыз өтей аласыз.
• Halyk Homebank ашыңыз
• Негізгі экранда "Төлемді өтеу" опциясын басыңыз
• "Тауарларды кредитке/бөліп төлеуге" таңдаңыз
• "Алдын-ала төлем" опциясын басыңыз
• Төлем жасау үшін картаны немесе шотты таңдап, төлем сомасын енгізіңіз
• Егер сізде бірнеше тауарлық кредит болса, мерзімінен бұрын төлегіңіз келетін кредитті таңдаңыз
• Экранда мерзімінен бұрын ішінара өтеу үшін ең аз сома көрсетіледі
• Төлемді тексеріңіз және растаңыз
• Смс растау кодын енгізіңіз

"Тарих" қосымша бетіне өту кезінде өтінімнің мәртебесін бақылауға болады.
Halyk Homebank-те ішінара және толық мерзімінен бұрын өтеу демалыс/мереке күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін қолжетімді.
Мерзімінен бұрын ішінара өтеудің ең аз сомасы - кемінде бір ай сайынғы төлем.