Қалай ресімдеуге болады?

Интернет-дүкенде тауарды бөліп төлеуге немесе кредитке қалай сатып алуға болады?
1) www.fora.kz интернет-дүкенге кіріңіз және тауарды таңдаңыз
2) таңдалған өнімді себетке қос??ңыз
3)байланыс деректерін толтырыңыз және тауарды алу тәсілін таңдаңыз (жеткізу немесе өзі алып кету)
4) "Төлем тәсілі" бағанында Halyk Bank-тің кредитке немесе бөліп төлеуге төлемін таңдаңыз және кредит берудің немесе бөліп төлеудің қалаулы мерзімін көрсетіңіз;
5) тапсырысты растаңыз және тапсырыс нөмірін SMS арқылы алыңыз
6) Halyk Homebank* ашыңыз, Басты экранда "бөліп төлеу" таңдаңыз
7) "Fora" таңдаңыз және SMS арқылы алынған тапсырыс нөмірін енгізіңіз
8)таңдалған тауарларды, соманы, мерзімді * * тексеріңіз және "бұдан әрі" батырмасын басыңыз.
9) шарттармен танысыңыз және Банк шығарған ЭЦҚ-ны қойыңыз
Дайын! Тауарды алған кезде жеке куәлікті беріңіз.

* бөліп төлеуді немесе кредитті ресімдеу үшін бөлімшеге бармай-ақ, жеке тұлғаның видео растауымен Halyk Homebank-те онлайн тіркеуден өту қажет
** таңдалған мерзімге қарай кредитке немесе бөліп төлеуге ресімдеуді таңдаңыз.
Бөлшек сауда дүкенінде тауарды бөліп төлеу немесе кредит арқылы қалай сатып алуға болады?
1) "Fora.kz" дүкенінде тауарды таңдаңыз және кеңесшіден тапсырыс нөмірін алыңыз
2) Halyk Homebank-ті* ашыңыз, басты экранда "Бөліп төлеуді" таңдаңыз
3) "Fora-ны" таңдаңыз және тапсырыс нөмірін енгізіңіз
4) Таңдалған тауарларды, соманы, мерзімді ** тексеріңіз және "Бұдан әрі" батырмасын басыңыз.
5) Талаптармен танысыңыз және Банк шығарған ЭЦҚ-ны қойыңыз

Дайын! Тауарды алған кезде жеке куәлікті ұсыныңыз.

* бөліп төлеуді немесе кредитті ресімдеу үшін бөлімшеге бармай-ақ, жеке басты бейне растау арқылы Halyk Homebank-те онлайн тіркеуден өту қажет
** таңдалған мерзімге қарай кредитке немесе бөліп төлеуге ресімдеуді таңдаңыз.
Halyk Homebank қосымшасында қалай тіркелуге болады?
Егер сіз Halyk Bank клиенті болмасаңыз да, қазір Банктің клиенті болу оңай! Halyk Homebank қосымшасын жүктеп алыңыз және Halyk Bank-тің барлық өнімдері мен онлайн қызметтеріне қол жеткізіңіз.
1. Halyk Homebank қосымшасын Android-қа арналған Play Market-тен немесе iOS-ке арналған App Store-дан (iPhone)жүктеп алыңыз
2. Қосымшаны ашыңыз да "Тіркелуді" басыңыз:
• Телефон нөмірін енгізіңіз
• Ұялы нөмірге жіберілген SMS арқылы алынған кодты енгізіңіз
• Өзіңіздің ЖСН енгізіңіз және Құпиялылық саясатының талаптарымен танысыңыз
• Нұсқаулыққа сәйкес жеке басты бейне-растаудан өтіңіз
• Сұрау салынған жағдайда жеке куәлікті сканерлеңіз*
• Қосымшаға әрі қарай кіру үшін қосымшаға 4 таңбалы цифрлық қолжеткізу кодын орнатыңыз
Дайын! Halyk Homebank-тің барлық артықшылықтарын бүкіл әлем бойынша 24/7 пайдаланыңыз.
Бөліп төлеу арқылы қандай тауарларды сатып ала аламын?
www.fora.kz сайтында немесе Fora.kz дүкенінде - сату орнында көрсетілген кез келген тауарлар.
Кредит/бөліп төлеу арқылы қанша тауар сатып ала аламын?
Тауарды кредитке/бөліп төлеу арқылы сатып алуға саны бойынша шектеулер жоқ. Бұл ретте, тапсырыс сомасы 4 000 теңгеден кем болмауы және 6 000 000 теңгеден аспауы тиіс.
Шешім қаншалықты тез қабылданады?
Бөліп төлеуді/ кредитті мақұлдау туралы шешімді жүйе санаулы минут ішінде автоматты түрде қабылдайды, бірақ бұл ретте әрбір өтінім жеке қаралатынын ескеруді сұраймыз.
Шартқа қол қою қажет пе?
Шартқа электрондық цифрлық қолтаңба қойылады. Сіз ЭЦҚ шығару туралы келісімді Halyk Homebank қосымшасында тіркеуден өткен сәтте, бөліп төлеуді/ кредитті ресімдеу кезінде бересіз.
Шартты/өтеу кестесін қалай ала аламын?
"Берешек және өтеу кестесі бойынша ақпарат Halyk Homebank қосымшасында қолжетімді:
• Кредит бойынша борыш қалдығының сомасы: "Шоттар" бөлімі,"Кредиттер" блогы
• Өтеу кестесі: бөліп төлеуді/кредитті басқан кезде тиісті мәртебесі бар ақпарат қол жетімді болады