Western Union

Western Union аударымдары бойынша талаптар
1. Halyk Homebank-те бөлімшелерге бармай-ақ Western Union аударымдарын жіберу және алу мүмкіндігі бар.
2. Жөнелту географиясы - әлемнің 200-ден астам елі мен аумақтарында
3. Қызмет көрсету бекеттері - 515 000-нан астам
4.Аударым валютасы - KZT, USD
5. Жіберудің максималды сомасы - 7 499 USD/теңгедегі эквивалент
6. Клиент үшін тарифтер мен комиссияны Western Union компаниясы белгілейді, тарифтер Банктің сайтында орналастырылған
Halyk Homebank тарифі - аударым сомасынан 0,5% (min 1 USD / 380 KZT)
7. Жіберуші/ алушы жасы - 18 жастан бастап.
*Ақша аударымын бірнеше минут ішінде алу мүмкіндігі агенттердің алу жағындағы жұмыс сағаттарына және жергілікті заңнамаға байланысты.
Тарифы Банка
Halyk Homebank-те аударымды қалай жіберуге болады?
1. Нalyk Homebank-ке кіріңіз
2. "Аударымдар" бөлімінде "Барлық аударымдар" бөліміне өтіңіз де, "Western Union: аударымды жіберу"-ді таңдаңыз
3. Маңызды ақпаратпен танысыңыз және растаңыз
4. Электрондық нысанды толтырыңыз
5.Деректерді тексеріңіз және аударма шарттарымен танысыңыз
6. Сенімді телефон нөміріне жіберілген SMS-кодты енгізіңіз
7. Аударымның бақылау нөмірі (MTCN) аударым архивінде басып шығаруға болатын клиенттің сенімді телефон нөміріне SMS түрінде келетін аударым өтінішінде қолжетімді болады.
Halyk Homebank-те аударымды қалай алуға болады?
1. Halyk Homebank.kz порт??лына кіріңіз
2. "Аударымдар" бөлімінде "Барлық аударымдар" бөліміне өтіңіз
3. «Western Union: аударымды алу»-ды таңдаңыз
4. Электрондық нысанды толтырыңыз
5. Деректерді тексеріңіз және аударым шарттарымен танысыңыз
6. Аударымды алуды SMS-кодпен растаңыз
7. Сома бірден көрсетілген шотқа аударылады
Halyk Homebank арқылы Western Union аударымдарында қандай шектеулер бар?
Halyk Homebank арқылы Western Union Online ақша аударымына қойылған шектеулер:
• бір аударымның максималды сомасы 1 000 USD (немесе эквиваленті теңгемен)
• тәулігіне аударымдардың максималды сомасы 3 000 USD (немесе эквиваленті теңгемен)
• айына аударымдардың максималды сомасы 25 000 USD (немесе эквиваленті теңгемен)
• айына 8 аударымнан артық емес (жіберу/алу)
• 18 жастан асқан жеке тұлғалар (резиденттер/бейрезиденттер) жіберуші/алушы бола алады
Western Union аударымын Halyk Homebank арқылы қалай болдырмауға/қайтаруға/алуға болады?
Аударманы Астана қаласының уақыты бойынша күнбе-күн және Halyk Homebank веб-нұсқасында ғана болдырмауға болады. Тек Western Union арқылы төленбеген аударымдары қайтарылып алуға/болдырмауға болады.

Western Union аударымын қайтарып алу/болдырмау үшін:
1. Halyk Homebank жеке кабинетінде "Аударымдар архивінен" аударымын табыңыз
2. "Аударымды қайтарып алу" немесе "Аударымды болдырмау" опциясын және есепке алу шотын таңдаңыз
3. SMS арқылы келген кодпен операцияны растау
Аударымды қайтарып алған/болдырмаған жағдайда сома клиенттің көрсетілген шотына аударылады.

Аударымды қайтарып алған кезде Western Union комиссиясы қайтарылмайды.
Western Union бойынша аударымдарға қатысты нені білу маңызды?
1. Қызмет көрсету талаптарына сәйкес аударымдарды төлеу кешіктірілуі мүмкін немесе қызметтер көрсету ерекшеліктеріне, сондай-ақ аударымның нақты сомасын, межелі елді, валютаның бар-жоғын, қолданылатын заңнаманы, сәйкестендіру бойынша талаптарды, төлем пунктінің жұмыс сағаттарын, сағат белдеулері арасындағы уақыт айырмасын, аударымды төлеуді кейінге қалдыра отырып тарифтер тала??тарын немесе басқа да қолданылатын шектеулерді қоса алғанда байланысты қызметтер қолжетімді болмауы мүмкін. Толығырақ Ақша жіберуге арналған өтініштен қараңыз.
2. Аударымды жіберу үшін төлемге қосымша Western Union аударымды жіберу валютасынан төлем валютасы өзгеше болған жағдайда бағамдық айырмадан кіріс ала алады. Аударымдар жүйесін таңдаған кезде тарифке ғана емес, операцияның айырбас бағамына да назар аударыңыз. Аударым ақысы мен айырбастау бағамы аударымдар жүйесіне, қызмет көрсетілетін арна мен бөлімге байланысты бірқатар факторларға байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Тарифтер мен бағам алдын ала ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
Western Union аударымын жасау кезінде қандай қауіпсіздік шараларын білу керек?
Құрметті "Қазақстан Халық Банкі" АҚ клиенттері, ақша аудармыдары бойынша алаяқтық операциялардың алдын алу үшін Сізден бірнеше қарапайфм қауіпсіздік шараларын ұстануыңызды сұраймыз:
1. Аударымдарды жүзеге асырған кезде аударым жөніндегі деректерді үшінші тұлғаларға (аударым нөмірін қоса алғанда, ішінара да, толық да деректерді)жария етпеңіз.
2. Ақша аударымын ресімдеген кезде аударым туралы ақпаратты ешкім естіп/көріп қоймауын мұқият қадағалаңыз, себебі алаяқтар осы ақпаратты пайдалана отырып, ақша аударымын алу үшін құжаттарды қолдан жасап алуы мүмкін. Аударым туралы деректерді үшінші тұлғалар үшін қолжетімсіз жерде сақтаңыз.
3. Аударымдарды бейтаныс тұлғаларға жіберуден сақ болыңыз. Есіңізде болсы, мұндай жағдайда Сіз алаяқтық құрбаны болып қалуыңыз мүмкін. Ақшалай қаражатты өзіңіз танитын және сенімді тұлғаларға аударыңыз.
4. Егер сіз бейтаныс адамнан ақша аударымын жіберу туралы өтініштің көшірмесін немесе операция туралы басқа ақпаратты беру туралы өтініш алсаңыз – бұл адаммен сөйлесуді дереу тоқтатыңыз, себебі бұл алаяқтық әрекеті болуы мүмкін.Ақша аударымдары ешқандай жағдайда төлем қабілеттілігін растау ретінде пайдаланылмайды.
5. Ақша аударымдарын алғанға дейін көп уақыт болса, әзірше жібермеңіз, мысалы, шетелге сапарды жоспарлау кезінде. Ақша аударымдары қызметтері аударымды 10-15 минут ішінде алуға мүмкіндік береді.
6. Аударымды жіберу/алу қажеттілігі туралы Сізге Банк атынан келіп түскен қоңырауларға/электрондық хабарламаларға/смс-ке жауап бермеңіз. Банк аударымды жіберу/алу туралы клиенттерге қоңырау шалмайды және хабарлама/смс жібермейді.
7. Сіз лотереяда жеңгеніңіз/жүлде ұтып алғаныңыз туралы қоңырауларға/электрондық хабарламаларға/смс хабарламаларға жауап бермеңіз, ??ны алу үшін рәсімдеу, салықтарды, кедендік алымдарды және т. б. төлеу үшін белгілі бір ақша сомасын жіберуіңіз қажет деген жалған ақпарат.