Картаға аударымдар

Телефон нөмірі бойынша ақшаны қалай аударуға болады?
Мобильді телефон нөмірі бойынша аудару талаптары:
• аударым Halyk Bank клиентінің мобильді нөміріне жіберіледі, қаражат алушының Halyk негізгі картасына аударылады.
• негізгі карта - басты бетте дербес таңдалады және мобильді нөмір бойынша аударымдарды алуға арналған карта болып табылады. Әдепкі қалпы бойынша белсенді карта негізгі карта болып табылады.

Halyk Bank карталары арасында аударымдар комиссиясыз жүргізіледі.
• Halyk Homebank-те негізгі экранда"Нөмір бойынша аудару" белгішесін басыңыз
• Алушының мобильді нөмірін енгізіңіз немесе мекенжай кітабынан таңдаңыз
• Аударым сомасын енгізіп, "Әрі қарай" батырмасын басыңыз
• Аударма деректерін тексеріп,"Растау"-ды басыңыз
Дайын! Сіз ақшаны сәтті аудардыңыз.
Halyk Homebank-те Halyk картасына ақшаны қалай аударуға болады?
Halyk Bank карталары арасында аударымдар комиссиясыз жүргізіледі:
• Halyk Homebank-те "Аударымдар"бөліміне өтіңіз
• "ҚР кез келген банкінің картасына" қызметін таңдаңыз
• Аударым жіберілетін картаны таңдаңыз
• "Қайда" өрісінде "Картаны сканерлеу"-ді таңдаңыз немесе карта нөмірін қолмен енгізіңіз
• Аударым сомасын енгізіп, "Әрі қарай" батырмасын басыңыз
• Аударым деректерін тексеріп,"Растау"-ды басыңыз
Дайын! Сіз ақшаны сәтті аудардыңыз.
Halyk Homebank қосымшасында ҚР басқа банкінің картасына ақшаны қалай аударуға болады?
Halyk Bank картасынан ҚР басқа банкінің картасына ақша аударған кезде 150 теңге мөлшерінде комиссия алынады.
• Halyk Homebank-те "Аударымдар" бөліміне өтіңіз
• "ҚР кез келген банкінің картасына "қызметін таңдаңыз
• Аударым жіберілетін картаны таңдаңыз
• "Қайда" өрісінде "Картаны сканерлеу"-ді таңдаңыз немесе карта нөмірін қолмен енгізіңіз
• Аударым сомасын енгізіп,"Әрі қарай" белгішесін басыңыз
• Аударма деректерін тексеріп "Растау"-ды басыңыз
• Аударымды растау үшін SMS арқылы нөміріңізге келіп түскен кодты енгізіңіз
Дайын! Сіз картаға ақшаны сәтті аударыңыз.
Halyk Homebank қосымшасында ақшаны шетелдік картаға қалай аударуға болады?
Шетелдік картаға аудару комиссиямен жүзеге асырылады:
• Halyk Homebank-те "Аударымдар" - "Барлық аударымдар" бөліміне өтіңіз
• "Шетелдік картаға" қызметін таңдаңыз
• Аударым жүзеге асатын картаны таңдаңыз
• Сұратылған деректерді енгізіп, "Әрі қарай" белгішесін басыңыз
Депозитті карталық/ағымдағы шоттардан соманы бір мезгілде айырбастау мүмкіндігімен онлайн толықтыру мүмкін бе?
Иә, картадан немесе ағымдағы шоттан депозитті толтыру үшін:
• Halyk Homebanк-ті ашыңыз және "Аударымдар" бөліміне өтіңіз
• "Өз шоттарымның арасында" таңдаңыз
• есептен шығару шотын (карталық/ағымдағы шот) және ақша аудару қажетті депозитті таңдаңыз
• бұдан әрі аударым валютасын көрсету керек, бұл ретте Сізге ыңғайлы болу үшін айырбастау бағамы автоматты түрде көрсетіледі
• "Әрі қарай"-ды басыңыз
Дайын!
Бір мезгілде соманы айырбастау мүмкіндігімен депозиттен картаны немесе шотты толтыру (депозиттен ішінара алуды жүргізу) мүмкін бе?
Иә, депозиттен картаны немесе шотты толықтыру үшін (депозиттен ішінара алу):
• Halyk Homebank-ті ашыңыз және"Аударымдар" бөліміне өтіңіз
• "Өз шоттарымның арасында" белгішесін таңдаңыз
• ақша аудару қажетті депозит пен шотты таңдаңыз
• бұдан әрі аударым валютасын көрсету керек, бұл ретте Сізге ыңғайлы болу үшін айырбастау бағамы автоматты түрде көрсетіледі
• "Әрі қарай"-ды басыңыз Дайын!
Halyk Bank-те аударымдар бойынша қандай лимиттер мен шектеулер бар?
Сіздің қаражатыңызды үшінші тұлғалардың заңсыз әрекеттерінен қосымша қорғау мақсатында Halyk Bank-тің барлық картасына белгілі бір операцияларды жүргізудің ең жоғары/ең төменгі сомасына әдепкі лимиттер белгіленген, оларды сіз Halyk Homebank-тен уақытша алып тастай/орната аласыз.

Halyk Homebank қосымшасындағы аударымдар/ операциялар бойынша лимиттердің жоғары мөлшерлері Halyk Homebank-те толық тіркеуден өткен клиенттер үшін сенімді құрылғыны орнату және жеке басын бейне-растау арқылы қолжетімді.

Halyk Homebank-тегі өз шоттары арасында аударуға шектеулер (депозиттен алуды қоспағанда, өнім бойынша шектеулерге байланысты):
• аударымның ең төменгі сомасы - 50 KZT/1 USD/1 EUR
• сенімді құрылғы арқылы аударымның ең жоғары сомасы: тәулігіне - 50 000 USD, айына - 1 млн USD
• сенімсіз құрылғы арқылы аударымның ең жоғары сомасы: тәулігіне - 30 000 USD, айына - 1 млн USD

Halyk Homebank-тегі депозиттен (депозиттен картаға ақша аударымы) салымнан шектеулер:
• ең төменгі сома - 50 теңге / 1 USD / 1 EUR;
• сенімді құрыл??ы арқылы алудың максималды сомасы: 1 операция үшін - 2500 USD, күніне - 5000 USD (соманы банкомат арқылы 40 000 000 KZT / 100 000 USD / 80 000 EUR дейін көбейтуге болады), айына - қол жетімді емес
• сенімсіз құрылғы арқылы алудың максималды сомасы: 1 операция үшін - 750 USD, күніне - 750 USD (соманы банкомат арқылы 10 000 000 KZT / 25 000 USD / 20 000 EUR дейін көбейтуге болады), айына - жоқ

Halyk Bank клиентіне мобильді нөмір бойынша картаға аудару лимиті:
• аударымның ең төменгі сомасы - 50 KZT
• сенімді құрылғы арқылы аударымның ең жоғары сомасы: 1 операция үшін - 5 000 USD, тәулігіне - 10 000 USD, айына - 150 000 USD
• сенімсіз құрылғы арқылы аударымның ең жоғары сомасы: 1 операция үшін - 750 USD, тәулігіне - 750 USD, айына - 10 000 USD
• аударымдардың ең көп саны - тәулігіне 100 аударым.

Halyk Bank картасынан Halyk Bank картасына аудару лимиті:

Halyk Bank картасынан басқа банктің картасына аудару лимиті:
• аударымның ең төменгі сомасы - 50 KZT
• сенімді құрылғы арқылы аударымның ең жоғары сомасы: 1 операция үшін - 2 500 USD, тәулігіне - 5 000 USD, айына - 10 000 USD.
• сенімсіз құрылғы арқылы аударымның ең жоғары сомасы: 1 операция үшін - 750 USD, тәулігіне - 750 USD, айына - 10 000 USD
• аударымдардың ең көп саны - тәулігіне 100 аударым.

Картадан/шоттан 20-таңбалы шотқа аударуға шектеу:
• сенімді құрылғы арқылы ЕДБ-дағы үшінші тұлғаның шотына аударымның ең жоғары сомасы: 1 операция үшін - 3 500 USD, тәулігіне - 7 000 USD, айына - 150 000 USD (сенімсіз құрылғы арқылы аударымның ең жоғары сомасы: 1 операция үшін - 750 USD, тәулігіне - 750 USD, айына - 10 000 USD)
• сенімді құрылғы арқылы Halyk Bank-тегі үшінші тұлғаның шотына аударымның ең жоғары сомасы: 1 операция үшін - 5 000 USD, тәулігіне - 10 000 USD, айына - 150 000 USD (сенімсіз құрылғы арқылы аударымның ең жоғары сомасы: 1 операция үшін - 750 USD, тәулігіне - 750 USD, айына - 10 000 USD)

Картадан Halyk (Cash by Code) желісінің кез келген банкоматына аудару лимиті:
• сенімді құрылғы арқылы ең жоғары ақша шешіп алу сомасы: 1 операция үшін - 750 USD, тәулігіне - 2 500 USD, айына - 10 000 USD
• сенімсіз құрылғы арқылы аударымның ең жоғары сомасы: 1 операция үшін - 750 USD/ 300 000 KZT, тәулігіне - 1200 USD/ 500 000 KZT, айына - 10 000 USD/ 4 200 000 KZT
• ең төменгі ақша шешіп алу сомасы: тәулігіне 2 000 теңге/ валютадағы баламасы.
• сома 1 000 теңгеге тең болуы тиіс (тек 3000 сомасын шешіп алуға болмайды)

Картадан шетелдік картаға аударуға лимиті:
• сенімді құрылғы арқылы аударымның ең жоғары сомасы: 1 операция үшін - 2 500 USD, тәулігіне - 5 000 USD, айына - 150 000 USD.
• сенімсіз құрылғы арқылы аударымның ең жоғары сомасы: 1 операция үшін - 750 USD, тәулігіне - 750 USD, айына - 10 000 USD
• аударымдардың ең көп саны - тәулігіне 100 аударым.

QR-кодқа аударымдар:
• сенімді құрылғы арқылы аударымның ең жоғары сомасы: 1 операция үшін - 5 000 USD, тәулігіне - 10 000 USD, айына - 150 000 USD.
• сенімсіз құрылғы арқылы аударымның ең жоғары сомасы: 1 операция үшін - 750 USD, тәулігіне - 750 USD, айына - 10 000 USD
• аударымдардың ең көп саны - тәулігіне 100 аударым.

Western Union аударымы:
• аударымның ең жоғары сомасы: 1 операция үшін - 1 000 USD, тәулігіне - 3 000 USD, айына - 25 000 USD.
• аударымдардың ең көп саны - айына 8 аударым.

Сіз Halyk Homebank қосымшасында лимиттерді өз бетіңізше уақытша алып тастай/белгілей аласыз.
• карта бойынша шығыстарға шектеулер қою
• интернет желісінде онлайн төлемдер/транзакциялар/POS-терминалдарда транзакциялар жүргізуге шектеуді алып тастау
• банкоматтар арқылы қаражаты қолма-қол ақша түрінде алуға шектеуді алып тастау
Лимиты на переводные операции в Halyk Homebank
Halyk Homebank-те телефон нөмірі бойынша картаға аудару үшін қандай лимит белгіленген?
Halyk Bank клиентіне телефон нөмірі бойынша картаға аударым жасау лимиті:
• аударымның ең төменгі сомасы - 50 KZT
• сенімді құрылғы арқылы аударымның ең жоғары сомасы: 1 операция үшін - 5 000 USD, тәулігіне - 10 000 USD, айына - 150 000 USD
• сенімсіз құрылғы арқылы аударымның ең жоғары сомасы: 1 операция үшін - 750 USD, тәулігіне - 750 USD, айына - 10 000 USD
• аударымдардың ең көп саны - тәулігіне 100 аударым.

ҚР басқа банкінің картасына телефон нөмірі бойынша аударым жасау лимиті:
• аударымның минималды сомасы - 350 KZT
• сенімді/ сенімсіз құрылғы арқылы аударымның максималды сомасы: 1 операция үшін/ тәулігіне/ айына - 300 000 KZT

Halyk Homebank қосымшасындағы аударымдар/операциялар бойынша лимиттердің жоғары мөлшерлері Halyk Homebank-те сенімді құрылғыны орнату және жеке басын бейне-растау арқылы толық тіркеуден өткен клиенттер үшін қолжетімді.
Halyk Homebank-тегі депозиттен картаға қаражат аудару көлемінде шектеулер бар ма?
Иә, Halyk Homebank-те депозиттен ішінара алудың (депозиттен ақшаны картаға/шотқа аудару) максималды сомасына шектеулер:
• минималды сома 50 KZT/1 USD/1 EUR
• сенімді құрылғы арқылы алудың максималды сомасы: 1 операция үшін - 2500 USD, күніне - 5000 USD (соманы банкомат арқылы 40 000 000 KZT / 100 000 USD / 80 000 EUR дейін көбейтуге болады), айына - қол жетімді емес
• сенімсіз құрылғы арқылы алудың максималды сомасы: 1 операция үшін - 750 USD, күніне - 750 USD (соманы банкомат арқылы 10 000 000 KZT / 25 000 USD / 20 000 EUR дейін көбейтуге болады), айына - жоқ

Маңызды! Аударым шоттар мен депозиттердің кейбір түрлері үшін қол жетімсіз (олар ашылмалы тізімде сұр түспен бөлінген).
Шешіп алу сомасы депозиттегі төмендетілмейтін қалдықпен шектеледі.

Құрылғыны сенімді ету үшін Halyk Homebank қосымшасының "Мәзір" бөліміндегі "Толық тіркеуден өтуді" басу немесе қосымшаны толығымен жабу керек, кіру экранындағы "Тіркелу" батырмасынн басып, нұсқауларды орындаңыз. Тіркелу кезінде Сізге жеке куәлік қажет болуы мүмкін, оның бар екеніне көз жеткізіңіз.
Halyk Homebank қосымшасы арқылы ақшаны картасыз қалай алуға болады?
Halyk Bank банкоматтарынан картасыз қолма-қол ақша алыңыз/аударыңыз:
1. Аударымды жүзеге асыру үшін:
• Halyk Homebank қосымшасында "Аударымдар" бөлімін ашыңыз
• "Ақшаны картасыз алу (Halyk Bank-тің кез келген банкоматында)" таңдаңыз
• Алушының сомасы мен телефон нөмірін көрсетіңіз
• SMS арқылы аударымды растаңыз
• Сіз SMS арқылы ақшаны алу үшін кодтың бірінші бөлігін аласыз, ал ақшаны алушы кодтың екінші бөлігін алады
2. Банкоматтан ақша алу үшін Сіз/Алушы:
• Halyk Bank банкоматында кез келген батырманы басу керек
• "Код бойынша қолма-қол ақша алу"-ды таңдаңыз
• Соманы және SMS арқылы жіберілген кодтың екі бөлігін енгізіңіз

Halyk Bank банкоматтарынан қолма-қол ақшаны картасыз алу шарттары:
• Комиссия:
- жалақы, зейнетақы, жәрдемақы, депозиттік қаражат – 0%;
- басқа да түсімдер: айына 300 000 теңгеге дейін - 0 теңге, 300 000 теңгеден артық – транзакция сомасымнан 1%
• сенімді құрылғы арқылы ең жоғары ақша шешіп алу сомасы: 1 операция үшін - 750 USD, тәулігіне - 2 500 USD, айына - 10 000 USD
• сенімсіз құрылғы арқылы аударымның ең жоғары сомасы: 1 операция үшін - 750 USD/ 300 000 KZT, тәулігіне - 1200 USD/ 500 000 KZT, айына - 10 000 USD/ 4 200 000 KZT
• Минималды алу сомасы – 2 000 теңге
• Алу сомасы 1 000 теңгеге еселік болуы тиіс (3 000 теңге алу үшін қолжетімсіз)
• Код 24 сағат ішінде жарамды

МАҢЫЗДЫ!
1. Welcome to Homebank (Visa Classic Instant) карталары және "Қазкоммерцбанк" АҚ-та шығарылған мультивалюталық карталар бойынша қолма-қол ақша бергені үшін комиссия 1% құрайды
2. Mastercard World Elite Imperial карталары бойынша банкоматтан қолма – қол ақша алу (код бойынша қолма-қол ақша алу) комиссиясы теңгемен, Банк желісінде-1%, айына 250 000 АҚШ доллары лимиті шеңберінде-0 теңге
Halyk желісінің кез келген банкоматына картадан ақша аудару үшін қандай лимит белгіленген?
• сенімді құрылғы арқылы ең жоғары ақша шешіп алу сомасы: 1 операция үшін - 750 USD, тәулігіне - 2 500 USD, айына - 10 000 USD
• сенімсіз құрылғы арқылы аударымның ең жоғары сомасы: 1 операция үшін - 750 USD/ 300 000 KZT, тәулігіне - 1200 USD/ 500 000 KZT, айына - 10 000 USD/ 4 200 000 KZT
• ақша алудың минималды сомасы: тәулігіне - 2 000 теңге/валютадағы эквивалентте.
• сома 1 000 теңгеге еселенуі керек (тек 3000 сомасын алуға болмайды)
Halyk Homebank қосымшасында басқа банктің картасынан Halyk Bank картасына ақша аударуға бола ма?
Ия, Сіз Halyk Homebank қосымшасында басқа банктің картасынан Halyk Bank картасына ақша аудара аласыз.
Қандай операцияларды жүргізуге шектеулерді орнатуға/алып тастауға болады?
Сіздің қаражатыңызды үшінші тұлғалардың құқыққа қайшы әрекеттерінен қосымша қорғауды қамтамасыз ету мақсатында,карталарда келесі төлемдер мен қолма-қол ақшаға айналдыру лимиттері белгіленген:
• Қолма-қол ақшаның максималды сомасына шектеулер
• Интернет желісіндегі транзакцияларға шектеулер
• POS-терминалдардағы транзакцияларға шектеулер
• АТМ-да чип жоқ транзакцияларға шектеулер
• Брокерлік қызметтерге шектеулер
Сіз Halyk Homebank қосымшасына лимиттерді уақытша алып тастай аласыз/орната аласыз.
Halyk Homebank-те картадан картаға аударуға қандай лимиттер белгіленген?
Halyk Bank картасынан Halyk Bank картасына аудару лимиті:
• аударымның ең төменгі сомасы - 50 KZT
• сенімді құрылғы арқылы аударымның ең жоғары сомасы: 1 операция үшін - 5 000 USD, тәулігіне - 10 000 USD, айына - 150 000 USD
• сенімсіз құрылғы арқылы аударымның ең жоғары сомасы: 1 операция үшін - 750 USD, тәулігіне - 750 USD, айына - 10 000 USD
• аударымдардың ең көп саны - тәулігіне 100 аударым.

Halyk Bank картасынан басқа банктің картасына аудару лимиті:
• аударымның ең төменгі сомасы - 50 KZT
• сенімді құрылғы арқылы аударымның ең жоғары сомасы: 1 операция үшін - 2 500 USD, тәулігіне - 5 000 USD, айына - 10 000 USD.
• сенімсіз құрылғы арқылы аударымның ең жоғары сомасы: 1 операция үшін - 750 USD, тәулігіне - 750 USD, айына - 10 000 USD
• аударымдардың ең көп саны - тәулігіне 100 аударым.

• сенімсіз құрылғы арқылы Halyk карталарына түсетін аударымның максималды сомасы: 2 500 USD (теңгедегі эквивалентте), Halyk картасынан Halyk карталарына сенімді құрылғымен - шексіз
• алушыға аударымды есепке алу сомасы мен валютасы алушының эмитент банкінің баптаулары мен шарттарына байланысты жүзеге асады

Картадан шетелдік картаға ақша аударуға шектеулер:
• сенімді құрылғы арқылы аударымның ең жоғары сомасы: 1 операция үшін - 2 500 USD, тәулігіне - 5 000 USD, айына - 150 000 USD.
• сенімсіз құрылғы арқылы аударымның ең жоғары сомасы: 1 операция үшін - 750 USD, тәулігіне - 750 USD, айына - 10 000 USD
• аударымдардың ең көп саны - тәулігіне 100 аударым.

Halyk Homebank қосымшасындағы аударымдар/операциялар бойынша лимиттердің жоғары мөлшерлері Halyk Homebank-те сенімді құрылғыны орнату және жеке басын бейне-растау арқылы толық тіркеуден өткен клиенттер үшін қолжетімді.
Лимиты на переводные операции в Halyk Homebank
Картадан Halyk Homebank-ке аудару арқылы депозитті толтыру бойынша шектеулер бар ма?
Иә, Halyk Homebank-те депозитті толықтырудың ең төменгі сомасына шектеулер қойылды:
1.Картадан депозитке:
• минималды сома 50 KZT/1 USD/1 EUR
• максималды сома - шектеусіз

Депозитті кредит карталарынан толықтыру мүмкін емес.
2. Шоттан депозитке:
• минималды сома 50 KZT/1 USD/1 EUR
• максималды сома - шектеусіз
Halyk Homebank-те онлайн төлемдер жүргізуге лимитті қалай алып тастауға болады?
Карталар бойынша онлайн төлемдер жүргізуге шектеуді Halyk Homebank қосымшасында алып тастай аласыз:
1.Halyk Homebank-ті ашыңыз
2. Қажетті картаны таңдаңыз
3. "Шектеулерді алып тастау"-ды басыңыз
4. Ашылған тізімнен"Интернет желісіндегі транзакциялар үшін" белгішесін таңдаңыз
5. Шектеу алынып тасталатын күндердің қажетті санын көрсетіңіз
Дайын!
Halyk Homebank-те қолма-қол ақшаға, POS-терминалдардағы транзакцияларға және басқа операцияларға лимитті қалай алып тастауға болады?
Картадан лимитті Halyk Homebank-те алып тастай аласыз: 1. Halyk Homebank-ке кіріңіз
2. Қажетті картаны таңдаңыз
3. "Шектеулерді алып тастау"-ды басыңыз
4. Ашылған тізімнен қажетті опцияны таңдаңыз
5. Шектеу алынып тасталатын күндердің қажетті санын көрсетіңіз
Банкоматтан қолма-қол ақша алуға лимитті қалай алып тастауға болады?
Банкоматтар арқылы қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру шектеуін Halyk Homebank-те алып тастауға болады:
1. Halyk Homebank-ке кіріңіз
2. Қажетті картаны таңдаңыз
3. "Шектеулерді алу"-ды басыңыз
4. Ашылған тізімнен"Қолма-қол ақшаға айналдырудың максималды сомасына" таңдаңыз
5. Шектеу алынып тасталатын күндердің санын көрсетіңіз
Дайын! Сіз күніне 700 000 теңгеден астам ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыра аласыз.
Карта шығындарына шектеулерді қалай орнатуға болады?
Карта бойынша шектеулерді Halyk Homebank-те орнатуға болады:
• Қажет картаны таңдаңыз
• "Баптаулар"-ды басыңыз
• "Карта бойынша лимиттер"/"Шығындар лимиттері " бөлімінде "Лимиттерді белгілеу"-ді таңдаңыз
Депозиттен картаға ақша аудару үшін шектеулерді қалай алып тастауға болады?
Депозиттен картаға ақша аудару лимитінің мөлшерін Halyk Bank банкоматы арқылы өзгертуге болады:
1. Картаны банкоматқа салыңыз да "Қосымша сервистер"-ді таңдаңыз
2. "Депозиттен алу лимитін ұлғайту"-ды таңдаңыз және қажетті соманы енгізіңіз
Картаның көмегімен аударымдарды жүзеге асыру кезінде қандай комиссиялар бар?
• Halyk Homebank арқылы Halyk Bank карталары арасында - 0 теңге
• Halyk Bank картасынан Halyk Homebank арқылы ҚР басқа банкінің картасына - 150 теңге*
• Halyk Homebank арқылы ҚР басқа банктерінің карталары арасында - 150 теңге*
• Halyk Bank картасынан халықаралық карталарға (аударым валютасындағы эквивалентте) - 2 USD
• "Ақшаны картасыз алу" қызметі (Halyk Bank-тің кез келген банкоматында):
- жалақы, зейнетақы, жәрдемақы, депозиттік қаражат – 0%;
- басқа да түсімдер: айына 300 000 теңгеге дейін - 0 теңге, 300 000 теңгеден астам – транзакция сомасынан 1%
• ҚР кез келген картасынан халықаралық карталарға (аударым валютасындағы эквивалентте) минимум - 1% (мин. 2 USD)

*Halyk Homebank-те тіркелмеген пайдаланушылар үшін (немесе басқа банк карталарына) - 0,85%, мин. 250 теңге, макс. 700 теңге
Банкомат арқылы ақша аударымын жүзеге асыру кезінде қандай комиссиялар бар?
Карталар арасындағы аударымдар (Visa немесе MasterCard бір төлем жүйесі шеңберінде):
• ҚР кез келген басқа банкінің картасынан Halyk Bank картасына - 0 теңге
• Банк картасынан ҚР кез келген басқа банкінің картасына - 1% + 200 теңге
• ҚР басқа банкінің карталары арасында - 1% + 200 теңге
• шетелдік банк карточкасының қатысуымен аударымдар - 1% + 2 USD

Halyk Bank/Банк-агент/Банк-серіктес карталары арасында Card2Card аударымдары*:
• Банк-агенттің картасынан Банктің/Банк-агенттің картасына - 150 теңге
• Банк картасынан Банк-агенттің картасына - 150 теңге

* Банк-агенттердің және Банк-серіктестердің тізімімен Банк сайтының "Тарифтер" бөлімінде (процессингтік қызметтерді пайдаланатын Банктердің тізімі) таныса аласыз.
Halyk Bank-те карта мен шот болмаса, Halyk Homebank-те аударымдар мен төлемдерді қалай жүргізуге болады?
Halyk Homebank-тің басты бетінде жеке кабинетке кірмей, төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыруға болады.
Маңызды! Жіберуші картасында 3D secure қызметі болуы керек. Бастапқы бетте жіберілген төлемдер мен аударымдар төлем/аударым архивінде көрсетілмейді.
Банк бөлімшесіне баруды қалай брондауға болады?
Halyk Homebank-тің веб-нұсқасына кіріңіз:
• Өз логиніңіз мен парольді енгізіңіз
• "Қызметтер" бөліміне өтіңіз
• "Баруды брондау" сілтемесіне өтіңіз
• Нысанды толтырып, "Жіберу"-ді басыңыз
Өрістерді толтырғаннан кейін жүйе Сізге беретін брондау кодын жазыңыз.

Бөлімшеден талон алу үшін электронды кезек терминалына келесіні басу арқылы брондау кодын енгізу қажет:
1. Уақыт белгілеу (қазақ тілі)
2. Бронирование (орыс тілі)
3. Appointment (ағылшын тілі)

Келу уақытын брондауға дейін Сіздерден бөлімшелердің жұмыс кестесімен танысуды сұраймыз.
Басқа банктердің кредиттерін өтеу мүмкін бе?
Halyk Homebank-те "Аударымдар"бөліміндегі алушының шот нөмірі бойынша үшінші тұлғаларға аударым қолжетімді. Бұл опцияның көмегімен Сіз кез келген банкте ашылған карталық шотқа немесе тексеру шотына ақша аудара аласыз, сонымен қатар депозиттік шоттарды толтырып, басқа банктердегі кредиттерді төлей аласыз.
Комиссия Сіздің картаңыз немесе Сіз аударым жасаған шотыңыз бойынша тарифтерге сәйкес есептен шығарылады.
Бұл қызмет жұмыс күндері 9:00-ден 17:00-ге дейін қолжетімді.