Онлайн-кредиттің талаптары мен артықшылықтары

Кредит талаптары
Кредитті таңдауыңызға қарай рәсімдеуге болады:
Қарыз алушының өмірін сақтандырусыз:
1. Кредит валютасы - теңге
2. Сыйақы мөлшерлемесі 20%-дан бастап (СЖТМ 21,9%)*
3. Кредит сомасы - 20 000 теңгеден 7 000 000 теңгеге дейін
4. Кредит мерзімі - 3 айдан 60 айға дейін
5. Кредитті ұйымдастырғаны үшін комиссия - 8%

Қарыз алушының өмірін сақтандырумен:
1. Өмірді сақтандырғаны үшін сақтандыру сыйлықақысы - 4% (50% жеңілдікпен)
2. Кредитті ұйымдастырғаны үшін комиссия - жоқ

* СЖТМ түпкілікті есептеу кредит алу сәтінде жүргізіледі
Онлайн кредит бойынша артықшылықтар
Кредит алып, ай сайын пәтер ұтыс ойынына қатысыңыз. Толық ақпарат halykbank.kz сайында

• кредит мерзімі - 5 жылға дейін
• бөлімшеге бармай-ақ және кезексіз онлайн
• кредит бойынша шешім қабылдау - 5 минут
• әскери қызметшілер мен зейнеткерлерге кредит беру
• өмірді сақтандыру үшін 50% жеңілдік
• ішінара және толық мерзімінен бұрын өтеу Halyk Homebank қосымшасында комиссиясыз
• Halyk Bank және басқа банктердің кредиттерін қайта қаржыландыру
• Halyk Bank карталарына жалақы алатын зейнеткерлер мен әскери қызметшілерге кредит беру қолжетімді
Онлайн-кредиттің нысаналы мақсаты
1. Тұтынушылық мақсаттар - қарыздың нысаналы мақсатта пайдаланылуын қадағалаусыз;
2. Қосымша соманы алумен қайта қаржыландыру (сыртқы/ішкі). Бұл ретте қарыздың нысаналы мақсатта пайдаланылуын қадағалау міндетті болып табылады.
Онлайн-кредит алуға өтінім берген кезде өтініш берушіге қандай талаптар қойылады?
Жас мөлшеріне қойылатын талаптар:
• қарызды өтеу кезінде жасы 21-ден 65 жасқа дейін болуы керек

Соңғы жұмыс орнындағы еңбек өтілі мынадай болуы керек:
• жалақылық жобаның қатысушылары үшін - кемінде 3 ай
• жалақылық жобаға қатыспағандар үшін - кемінде 4

Онлайн-кредит алу үшін ең төменгі айлық кіріс қандай болуы керек?
Ең төменгі орташа айлық табыс - 30 000 теңгеден басталуы керек. Әрбір нақты жағдайда шешім жеке қабылданады және Сіздің кредит тарихыңыздың сапасына және төлем қабілеттілігіңізге байланысты болады.
Онлайн-кредитке өтінім беру үшін қандай құжаттар қажет?
Өтінім беру үшін қажетті құжаттар - клиенттің жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа).
Бұл ретте Банк қосымша құжаттарды сұрату құқығын өзіне қалдырады.
Қарыз алушыны сақтандыруы бар онлайн-кредит талаптарын таңдаған кезде сақтандыру қандай мерзімге қолданылады?
12 ай және одан жоғары мерзімге кредит алған жағдайда:
* қарыз алушының өмірін сақтандыру кезеңі - 12 ай;

12 айдан аз мерзімге кредит алған жағдайда:
* қарыз алушының өмірін сақтандыру кезеңі кредит мерзіміне тең.
Онлайн-кредит қандай нысанда беріледі?
Қарыздарды беру Halyk Bank картасына ақшаны есепке жатқызу арқылы жүзеге асырылады.
Онлайн-кредит бойынша берешекті қалай білуге болады?
"Берешек және өтеу кестесі бойынша ақпарат Halyk Homebank қосымшасында қолжетімді:
• Кредит бойынша борыш қалдығының сомасы: "Шоттар" бөлімі,"Кредиттер" блогы
• Өтеу кестесі: бөліп төлеуді/кредитті басқан кезде тиісті мәртебесі бар ақпарат қол жетімді болады
Бөліп төлеуді/ кредит??і жоспарлы төлем күні басталғанға дейін немесе жоспарлы төлем күні қалай өтеуге болады?

Мерзімін кешіктірмеу және кредит тарихын бұзбау үшін кредитті Halyk Homebank мобильді қосымшасында уақтылы немесе жоспарлы күн басталғанға дейін төлеңіз. Ай сайынғы төлемді өтеу үшін Сізге:
• Halyk Homebank-ті ашу керек
• Басты бетте "Төлемді өтеуді" басу керек
• Төлемді өтегіңіз келетін кредитті таңдау керек
• "Төлемді өтеуді" басу керек
• Төлем жасау үшін картаны немесе шотты таңдау және төлем сомасын енгізу керек
• Төлемді растау керек
Назар аударыңыз! Halyk Homebank-те кредитті өтеу сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін қолжетімді. Ай сайынғы төлемді өтеу Android (нұсқасы 5.4.2-ден төмен емес) және IOS (нұсқасы 5.5.2-ден төмен емес) смартфондарында қолжетімді.

Қосымша:
1) Ай сайынғы төлемді төлеуді бір қарыз бөлінісінде ғана жасауға болады.
2) Сіз ай сайынғы төлемді төлеуге жоспарлы төлеммен салыстырғанда белгіленген сомадан көп ақша салсаңыз, онда ақшаның қалған бөлігі Сізде кесте бойынша келесі ай сайынғы төлемді өтеу үшін шарттың алдын ала төлем шотында қалады.
3) шартты толық өтеген жағдайда, шарттың алдын ала төлем шотындағы артық төленген сома автоматты түрде Сіздің өзекті шотыңызға аударылады.
Онлайн-кредитті қалай өтеуге болады?

Кесте бойынша төлем күні сома автоматты түрде Halyk Bank шотынан немесе картасынан есептен шығарылады.
Шотты немесе картаны Сіз мынадай жолмен толықтыра аласыз:
1) Halyk Homebank мобильді қосымшасында шоттан немесе картадан комиссиясыз аудару арқылы
2) Cash-In функциясы бар банкомат арқылы:
- картамен: картаны банкоматқа салыңыз және PIN-кодты енгізіңіз - "Қолма-қол ақша енгізу" - ақша енгізіңіз
- картасыз: банкоматтың кез келген батырмасын басыңыз - "Картаға енгізу" - картаның нөмірін енгізіңіз - ақша енгізіңіз
3) Төлем терминалы арқылы: "Банк операциялары" - "Карталар мен шоттарды толықтыру" - "Картаны толықтыру" функцияларын таңдаңыз - бұдан әрі ЖСН мен картаның соңғы 4 цифрын енгізіңіз - соманы енгізіңіз
4) бөлімшелердегі касса арқылы Шарт бойынша төлемдер Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша сағат 18.00-ге дейін жүзеге асырылуы керек. Егер шарт бойынша төлем Нұр-сұлтан қ. уақыты бойынша сағат 18:00-ден кейін жүзеге асырылса, мұндай төлем келесі жұмыс күні жасалды деп танылады.
Онлайн-кредит бойынша ішінара және толық мерзімінен бұрын өтеуді жүзеге асыруға бола ма?
Иә, Банктің кез келген бөлімшесінде де, сондай-ақ Halyk Homebank қосымшасында да.

Halyk Homebank қосымшасында бұл опция қандай да бір комиссияларды алусыз қолжетімді:
1) Halyk Homebank-ті ашыңыз
2) Бас мәзірде "Төлемді өтеу" опциясын таңдаңыз 3) "Қолма-қол ақшалай кредитті" таңдаңыз
4) "Алдын-ала төлем" опциясын басыңыз
5) мерзімінен бұрын өтегіңіз келетін кредитті және төлеуге арналған шотты таңдаңыз. Экранда ішінара мерзімінен бұрын өтеуге арналған ең төменгі сома көрсетіледі.
6) "Төлеуді" басыңыз
7) Төлемді тексеріңіз және растаңыз
8) Өз келісіміңізді SMS-тен келген кодпен растаңыз
9) Тарихқа өту кезінде өтінімнің мәртебесін бақылауға болады
Halyk Homebank-те ішінара және толық мерзімінен бұрын өтеу, демалыс/мереке күндерін қоспағанда, мұндай күнге жоспарлы төлем түседі, күн сайын сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін қол жетімді.
Мерзімінен бұрын ішінара өтеудің ең төменгі сомасы - кемінде бір ай сайынғы төлем.

Банк бөлімшесінде кепілсіз кредитті ішінара немесе толық мерзімінен бұрын өтеген кезде шектеулер бар: 1) 12 айға дейінгі мерзімге берілген қарыздар бойынша талаптар:
• 6 айға дейін өтелген жағдайда - қарыз сомасының 0,1% мөлшерінде айыппұл (бірақ 3 000 теңгеден кем емес) + 6 ай үшін Банк толық алмаған сыйақы (кредит мерзімінен артық емес) алынады
• 6 айдан кейін өтеу кезінде қарыз берілген сәттен бастап нақты есептелген сыйақы алынады
2) 12 айдан астам мерзімге берілген қарыздар бойынша талаптар:
• 12 айға дейін өтелген кезде - қарыз сомасының 0,1% мөлшерінде айыппұл (бірақ 3 000 теңгеден кем емес) + 12 ай үшін Банк толық алмаған сыйақы (кредит мерзімінен артық емес) алынады
• 12 айдан кейін өтеу кезінде қарыз берілген сәттен бастап нақты есептелген сыйақы алынады
Halyk Homebank қосымшасында ішінара немесе толық мерзімінен бұрын өтеу қалай жүзеге асырылады?
Halyk Homebank қосымшасында мерзімінен бұрын ішінара және толық өтеу комиссиясыз және мораторийсіз жүзеге асырылады.
1) Halyk Homebank-ті ашыңыз
2) Бас мәзірде"Төлемді өтеу" опциясын таңдаңыз
3) "Қолма-қол кредитті" таңдаңыз
4) "Алдын-ала төлем" опциясын басыңыз
5) мерзімінен бұрын өтегіңіз келетін кредитті және төлеуге арналған шотты таңдаңыз. Экранда ішінара мерзімінен бұрын өтеуге арналған ең төменгі сома көрсетіледі.
6) Төлеуді" басыңыз
7) Төлемді тексеріңіз және растаңыз
8) Өз келісіміңізді SMS-тен келген кодпен растаңыз
9) Тарихқа өту кезінде өтінімнің мәртебесін бақылауға болады

Жаңартылған төлем кестесі электрондық форматта Halyk Homebank мобильдік қосымшасында "Кредиттер" бөлімінде қолжетімді.

Halyk Homebank қосымшасында мерзімінен бұрын ішінара өтеу мынадай жағдайларда қолжетімсіз:
• кредит алған күні;
• егер кредит бойынша төлемнің мерзімін ұзарту қолданылса;
• жоспарлы төлемі демалыс/мереке күніне түскен кредит бойынша демалыс және мереке күндері

Толық мерзімінен бұрын өтеу мынадай жағдайларда қолжетімсіз:
• кредит алған күні;
• жоспарлы төлемі демалыс/мереке күніне түскен кредит бойынша демалыс және мереке күндері

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
* ішінара мерзімінен бұрын өтеу кезінде төлем мөлшері сақталады және кредит мерзімі қысқарады
• ішінара мерзімінен бұрын өтеу ағымдағы айда жоспарлы төлемді алып тастамайды
• мерзімінен бұрын өтеу сәтінде жоспарлы төлем басталғанға дейін алдын ала төлем шотына енгізілген сома "Толтырылды" деген жолда көрсетіледі және мерзімінен бұрын өтеуге бағытталатын болады. Ішінара мерзімінен бұрын өтегеннен кейін ағымдағы ай үшін кредитті өтеуге арналған жоспарлы төлем сомасын қайтадан қамтамасыз ету қажет
• сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін қол жетімді
• мерзімінен бұрын ішінара өтеудің ең төменгі сомасы - кемінде бір ай сайынғы төлем.
Halyk Homebank қосымшасында ішінара мерзімінен бұрын өтеу сомасы бойынша шектеулер бар ма?
Halyk Homebank қосымшасында-кемінде бір ай сайынғы төлем.
Банк бөлімшесінде онлайн-кредит бойынша ішінара немесе толық мерзімінен бұрын өтеген жағдайда қандай комиссиялар мен мораторий бар?
Банк бөлімшелері арқылы өтеу кезінде Банктің белгіленген тарифтеріне сәйкес стандартты комиссия алынады:

1) 12 айға дейінгі мерзімге берілген қарыздар бойынша талаптар:
• 6 айға дейін өтелген жағдайда - қарыз сомасының 0,1% мөлшерінде айыппұл (бірақ 3 000 теңгеден кем емес) + 6 ай үшін Банк толық алмаған сыйақы (кредит мерзімінен артық емес) алынады
• 6 айдан кейін өтеу кезінде қарыз берілген сәттен бастап нақты есептелген сыйақы алынады
2) 12 айдан астам мерзімге берілген қарыздар бойынша талаптар:
• 12 айға дейін өтелген кезде - қарыз сомасының 0,1% мөлшерінде айыппұл (бірақ 3 000 теңгеден кем емес) + 12 ай үшін Банк толық алмаған сыйақы (кредит мерзімінен артық емес) алынады
• 12 айдан кейін өтеу кезінде қарыз берілген сәттен бастап нақты есептелген сыйақы алынады
Міндеттемелер орындалмаған жағдайда қандай айыппұлдар мен өсімпұлдар көзделген?
90 күнге дейін мерзімі өткен жағдайда - мерзімі өткен әрбір күн үшін мерзімі өткен төлем сомасының 0,5%.
Halyk Bank ҚР резидент еместеріне онлайн-кредит бере ме?
Жоқ.
Алынған онлайн-кредиттен қалай бас тартуға болады?
Онлайн-кредитті ресімдеу кезінде, кредитті болдырмау Банк бөлімшесіндегі өтініш негізінде (кредитті ресімдеу сәтінен бастап 14 күн ішінде) мүмкін болады.
• Кредит берілген күні кредиттен бас тарту - қарыз алушылардан кредитті қайтаруға өтініш жұмыс күндері Нұр-сұлтан қ. уақыты бойынша сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін қабылданады. Өтініштерді қабылдау және қарызды қайтару демалыс күндері жүзеге асырылмайды. Кредитті қайтару комиссияны ұстаусыз жүзеге асырылады;
• Кредитті ресімдеген сәттен бастап кредитті 14 күн ішінде қайтарған кезде - қарызды ұйымдастырғаны үшін/ сақтандырғаны үшін төленген комиссияны Банк қайтармайды, сондай-ақ клиент негізгі борыштың қалдық сомасын және кредитті нақты пайдаланған күндері үшін сыйақыны қамтамасыз етуі тиіс.