Баспасөз орталығы

Halyk Bank және Halyk Life Қазақстанның бейінді салаларындағы үздік қаржылық компаниялар атанды

09.06.2021

2021 жылғы 9 маусым, Алматы қ. World Economic Magazine беделді халықаралық басылымы жыл сайынғы World Economic Magazine Awards 2021 сыйлықақысы жеңімпаздарының тізімін жариялады. Halyk тобының екі компаниясы бірнеше номинациялар бойынша жеңімпаз атанды.

Атап айтқанда, Halyk Bank («Қазақстан Халық Банкі» АҚ) Most Innovative Digital Initiative Kazakhstan 2021 («Қазақстанның ең инновациялық цифрлық бастамасы 2021») номинациясында үздік атанды.

Қазақстан Халық Банкінің өмірді сақтандыру бойынша «Халык-Life» (Halyk Life) еншілес компаниясы Best Life Insurance Company Kazakhstan 2021 («Қазақстанның өмірді сақтандыру бойынша үздік компаниясы 2021») номинациясында жеңімпаз атанды.

Марапат жөніндегі толық ақпарат https://worldecomag.com/awards-2021-award-winners/ сілтемесі бойынша жарияланған.

***

World Economic Magazine Inc. журналы, заманауи жаһандық экономика мен халықаралық саудадағы қаржылық сауаттылық пен экономикалық көпполярлықтың артуына ықпал етуге ұмтылатын америкалық басылым. Басылым аудиториясы – жоғары буын басшылары, қаржы сарапшылары мен мамандары, әлемдік бизнес тәжірибелер мен тенденцияларды зердеуге және қалыптастыруға мүдделі кәсіпкерлер мен ұйымдар.

Halyk Bank («Қазақстан Халық Банкі» АҚ) – бөлшек сауда, ШОБ және корпоративтік банктік қызметтер, сақтандыру, лизинг, брокерлік қызметтер және активтерді басқаруды қоса алғанда, түрлі сегменттерде жұмыс істейтін Қазақстандағы жетекші қаржы тобы. Банктің 1998 жылдан бері Қазақстан Қор Биржасында, 2006 жылдан бері Лондон Қор Биржасында және 2019 жылғы қазаннан бастап Astana International Exchange листингі бар.

2021 ж. 31 наурыздағы жағдайы бойынша 10,389.6 млрд. теңге мөлшеріндегі активтерге ие бола отырып, Банк Қазақстандағы жетекші кредиттік ұйым болып табылады. Банктің ең ірі клиенттер базасы мен филиалдық желісі – ел бойынша 600 филиал мен бөлімшесі бар. Банк Грузия, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанда да жұмыс істейді.

«Халык-Life» АҚ («Қазақстан Халық Банкінің өмірді сақтандыру бойынша «Халык-Life» еншілес компаниясы» АҚ) 2005 жылы құрылды. Компанияның меншікті капиталы шамамен 43 млрд теңгені құрайды. Компания АM Best халықаралық рейтинг агенттігінің өмірді сақтандыру бойынша барлық қазақстандық компаниялар арасында ең жоғары болып табылатын  «B+» деңгейіндегі  қаржылық тұрақтылық рейтингіне және «bbb-» деңгейіндегі кредиттік рейтингіне ие. «Халык-Life» АҚ «Сақтандыру төлемдерін кепілдендіру қоры» АҚ-тың қатысушысы болып табылады. Қазақстанның ең ірі банкі - «Қазақстан Халық Банкі» АҚ компанияның жалғыз акционері. Сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия 2006 жылы берілген, Компанияның бас офисінің нақты орналасқан жерінің өзгеруіне байланысты 04.11.2016 ж. №2.2. нөмірімен жаңартылды.


«Қазақстан Халық Банкі» АҚ PR-қызметі

 тел. +7 727 259 0301, +7 727 3301719 | pr@halykbank.kzwww.halykbank.kz