Баспасөз орталығы

Moody’s халықаралық агенттігі Halyk Bank рейтингін инвестициялық деңгейге дейін көтерді

07.06.2021

2021 ж. 07 маусым, Moody’s халықаралық рейтингтік агенттігі (бұдан әрі – Moody’s, АгенттікҚазақстан Халық жинақ банкінің (бұдан әрі - «Halyk Bank, Банк) ұзақ мерзімді банктік депозиттері рейтингін «Baa3» деігейінен «Ba1» деңгейіне дейін көтердіболжам «Позитивті». Нәтижесінде Банк рейтингі рейтингтердің инвестициялық санаты деңгейіне дейін көтерілді

«Биыл қатарынан екінші халықаралық рейтингтік агенттігі Halyk Bank қызметіне жоғары баға беріп отыр. Fitch Ratings-тен кейін Moody’s агенттігі Банктің рейтингін инвестициялық деңгейге дейін көтерді. Мен Moody’s рейтингінің тәуелсіз бағалау деңгейімен қосымша сәйкес келгенін ерекше атап өткім келеді, бұл халықаралық сарапшылар, бизнес пен инвесторлар тарапынан қаржы институтына деген сенімнің жоғары деңгейін білдіреді, Банктің нарықтағы сенімді позицияларын және Halyk Bank-тің тұрақты кредиттік әлеуетін көрсетеді. Екі беделді халықаралық рейтингтік агенттіктердің жоғары бағасы - бұл бизнес-үлгі тұрақтылығының дәлелі және түрлі дағдарыстық жағдайларда бірнеше рет расталған Банктің нарықтағы тиімді қызметінің мойындалуы", - деп Halyk Bank Басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова атап өтті.

Рейтингтің жоғарылауы жаһандық пандемиядан туындаған экономикалық құлдыраудың соңғы кезеңінде жоғары өтімділікпен және Банктің бизнес-үлгісінің тұрақтылығымен қатар төлем қабілеттілігінің дәйекті жақсарғанын білдіреді. Moody's сарапшыларының пікірінше, соңғы экономикалық сын-қатерлерге және 2020 жылы жергілікті экономиканың 2,6%-ға қысқаруына қарамастан, Halyk Bank проблемалық («3-ші сатыда» және «СҚКҚ» (сатып алынған немесе құрылған кредиттік-құнсызданған активтер) деп анықталатын) кредиттерінің брутто-кредиттерге арақатынасы 2019 жылдың аяғындағы жағдай бойынша 16%-дан 2020 жылдың аяғында 12,3%-ға дейін төмендеді, ал кредиттер бойынша шығындар өте төмен деңгейде қалды - 2020 жылғы брутто-кредиттердің орташа мөлшерінен 0,43%  (2019 жылы - 0,71%).

Активтердің сапасын жақсарту үрдістерімен қатар Банк жоғары пайда әкелуді жалғастырды, активтердің рентабельділігі 2020 жылы 3,6%-ды (2019 жылы 3,7%) құрады. Агенттік сарапшылары қорландырудың салыстырмалы түрде арзан базасы мен жақсы операциялық тиімділігі Банкке 2021 жылы және одан кейінгі кезеңде активтердің ағымдағы жоғары рентабельділігін 3%-дан астам деңгейде сақтауға мүмкіндік береді деп күтеді. Банктің депозиттік базасының құрылымы да соңғы жылдары жақсарғанын көрсетті, өйткені Банктің клиенттердің негізгі тобына тәуелділігі төмендеп келеді.

Рейтингтер жоғарылағаннан кейін Halyk Bank-тің ұзақ мерзімді депозиттік және борыштық рейтингтері оң болжамға ие болды. Онда банктің мықты және жақсарып келе жатқан қаржылық көрсеткіштері, сондай-ақ операциялық ортаны жақсартудың ықтимал сценарийі және мемлекеттік қолдау мүмкіндіктерінің әлеуетті ұлғаюы көрініс тапқан, бұл қазіргі уақытта берілген тәуелсіз рейтингтегі оң болжамда көрініс тапқан.

***

Halyk Bank (Қазақстан Халық Банкі) – бөлшек бизнес, ШОБ және корпоративтік банктік қызметтер, сақтандыру, лизинг, брокерлік қызметтер және активтерді басқаруды қоса, түрлі сегменттердер жұмыс жасайтын Қазақстандағы жетекші қаржы тобы. Банк 1998 жылдан бастап Қазақстан Қор Биржасында, 2006 жылдан бастап Лондон Қор Биржасында және 2019 жылғы қазан айынан бастан Astana International Exchange-де листингісі бар.

Активтері 2021 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша 10,387.8 млрд. теңгені құрап, Банк Қазақстандағы жетекші кредиттік ұйым болып табылады. Банктің ең ірі клиенттер базасы және филиалдар желісі бар – республика бойынша 611 филиал және бөлімше. Банк сондай-ақ операцияларын Грузияда, Қырғызстанда, Ресейде, Тәжікстанда және Өзбекстанда жүзеге асырады.


«Қазақстан Халық Банкі» АҚ PR-қызметі

тел. +7 727 259 0301, +7 727 3301719 | pr@halykbank.kz | www.halykbank.kz