Баспасөз орталығы

Halyk Bank 2020 жылғы 2-тоқсан үшін шоғырландырылған қаржылық нәтижелерін жариялады

21.08.2020

2020 жылғы 21 тамыз, Алматы – «Қазақстан Халық Жинақ Банкі» акционерлік қоғамы және оның еншілес ұйымдары (Halyk Bankбұдан әрі – Банк) 2020 жылғы 2-тоқсандағы қызметінің нәтижелері туралы хабарлады

«2020 жылдың екінші тоқсанында Қазақстанның жалпы экономикасына секілді банк секторына да әлемдік нарықтардың құбылмалылығы және ДДҰ жариялаған COVID-19 пандемиясы, карантин режимі және осы кезеңде әрекет еткен карантиндік шектеу шаралары салдары әсерін тигіздіЛокдаунның сынақтарына қарамастан, Halyk Bank жаңа жағдайда жедел түрде бейімделіп, әрбір клиентке барлық қажетті банктік қызметтері, өнімдері мен операциялары тәулік бойы қолжетімді болу үшін бар күшін бизнес процестердің үздіксіздігін қамтамасыз етуге бағыттадыБанк жеткілікті тәжірибесі мен қажетті ресурстары бола отырып, халық пен бизнес үшін ТЖ режимі әсерін жұмсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыруға белсенді қатыстыҚабылданған шаралардың, сондай-ақ Банк бизнесінің тиімді ұйымдастырылған үлгісінің, сонымен қатар жеткілікті ресурстардың, шетелдік қатысуынсыз қазақстандық екінші деңгейлі банктер арасында ең үздік қаржылық тұрақтылық рейтингтердің, қолдағы ресурстарды, сондай-ақ жаңа технологиялық процестерді ұтымды және оңтайлы пайдаланудың арқасында Halyk Bank сенімді түрде дамуды жалғастыруда», - деп Halyk Bank Басқарма Төрайымы Үміт Шаяхметова атап өтті.  

Таза пайда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша шоғырландырылмаған негізде және теріс табысы бар банктерді қоспағанда, Банктің табысы қазақстандық банк секторында ең жоғары болып тұр, сондай-ақ Банктің шоғырландырылған негіздегі таза пайдасы 74.9 млрд. теңгені құрады.

Пайыздық кірістер 2019 ж. 2-тоқсандағы 179.9 млрд. теңгемен салыстырғанда, негізінен пайыздық активтердің орташа қалдықтары өсуінен 2020 ж. 2-тоқсанда 0.3%-ға 180.5 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. Валюталық банкаралық депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлеменің төмендеуі және табысы төменірек валюталық құралдарға орналастыру үлесі ұлғаю нәтижесінде таза пайыздық маржа 2019 ж. 2-тоқсанмен салыстырғанда, 0.1%-ға азайды.

Кредиттік заладар бойынша шығыстар 2019 ж. 2-тоқсандағы 0.3%-бен салыстырғанда, COVID-19 өршуіне және карантиндік шектеулерге байланысты ұлғайған тәуекел мен белгісіздікті көрсететін ықтимал кредиттік залалдар үшін резервтің есебінен  1.0%-ға дейін ұлғайды.

Қызметтер және комиссиялар бойынша кірістер 2019 ж. 2-тоқсанмен салыстырғанда, 2020 ж. 2-тоқсанда COVID-19 карантині ықпалынан және төлем карталары бойынша операцияларға байланысты бірқатар комиссиялар тоқтатылуы салдарынан қолма-қол операциялар бойынша кірістер төмендеуі нәтижесінде  4.2%-ға төмендеді.

Қызметтер және комиссиялар бойынша шығыстар қолма-қол ақшасыз транзакциялар көлемі өскендіктен, халықаралық төлем жүйелері пайдасына сервистік комиссиялар өсуі есебінен 2019 ж. 2-тоқсанмен салыстырғанда, 12.2%-ға ұлғайды.

2020 ж. 2-тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша активтердің барлығы 2019 жылдың аяғымен салыстырғанда, депозиттер мен капиталдың өсімі есебінен 5.4%-ға ұлғайды. Сондай-ақ 2020 ж. 1-тоқсанның аяғымен салыстырғанда 3.0%-ға азаю 2020 ж. 2-тоқсанда теңгенің АҚШ долларына қатысты нығаюы салдарынан баланстың валюталық позицияларын қайта бағалаумен және РЕПО мәмілелері бойынша тартылған қаражат көлемі төмендеуімен байланысты.

Заңды және жеке тұлғалардың қаражаты 2019 жылдың аяғымен салыстырғанда, негізінен Банк клиенттерінен қаражат ағымы және 2020 ж. 1-жартыжылдықта теңгенің АҚШ долларына қатысты құнсыздануына байланысты  шетел валютасындағы депозиттерді оң қайта бағалау есебінен сәйкесінше 4.1% және 6.7%-ға өсті. 2020 ж. 2-тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша депозиттердің жалпы сомасында заңды тұлғалардың теңгемен деноминацияланған депозиттерінің үлесі 2020 ж. 1-тоқсанның аяғындағы 50.8%-бен салыстырғанда, 56.7%-ды құрады, сонымен қатар депозиттердің жалпы сомасында теңгемен деноминацияланған бөлшек депозиттердің үлесі 2020 ж. 1-тоқсанның аяғындағы 37.6%-бен салыстырғанда, 43.6%-ды құрады.

Кредиттік мекемелердің қаражаты 2020 ж. 1-тоқсанның аяғымен салыстырғанда, негізінен Банктің операциялық қызметі шеңберінде теңгемен күнделікті төлемдер ағымын қамтамасыз ету үшін РЕПО келісімі бойынша заемдардың азаюы салдарынан 35.3%-ға азайды. 2020 ж. 30 маусымдағы жағдай бойынша Банктің қаржы институттар алдындағы міндеттемелерінің 77.3%-ы «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-тан, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-тан және «Қазақстанның даму банкі» АҚ-тан экономиканың жекелеген секторларын қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде тартылған қарыздарынан құралды.

Шығарылған бағалы қағаздар 2020 ж. 2-тоқсанның аяғымен салыстырғанда, 2020 ж. 2-тоқсанда теңгені АҚШ долларына қатысты нығаюына байланысты шетел валютасындағы борыштық бағалы қағаздарды қайта бағалау нәтижесінде 5.8%-ға азайды.

2020 ж. 30 маусымда аяқталған алты ай үшін шоғырлардырылған қаржылық ақпарат, ескертулерді қоса, Банктің вэб-сайтында қолжетімді: http://halykbank.com/financial-results


Halyk Bank (Қазақстан Халық Банкі) – бөлшек, ШОБ және корпоративтік банктік қызметтерді, сақтандыруды, лизингті, брокерлік қызметтерді және активтерді басқаруды қоса алғанда, түрлі сегменттерде қызмет көрсететін Қазақстандағы ждетекші қаржы тобы. Банктің 1998 жылдан бері Қазақстан Қор Биржасында, 2006 жылдан бастап Лондон қор биржасында және 2019 жылғы қазаннан бастап Astana International Exchange биржасында листингі бар. Активтері 2020 ж. 30 маусымдағы жағдай бойынша 9,731.2 млрд. теңгені құрайды, Банк Қазақстандағы жетекші кредиттік ұйым болып табылады. Банк ең ірі клиенттер базасына және филиалдар желісіне ие – еліміз бойынша 621 филиалдар мен бөлімше. Банк Грузияда, Қырғызстанда, Ресейде, Тәжікстанда және Өзбекстанда қызметін жүзеге асырады.

 

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ PR-қызметі

тел. +7 701 220 31 53, | pr@halykbank.kz | www.halykbank.kz