Баспасөз орталығы

Қазақстан Халық Банкі 2019 жылдың 12 айы бойынша шоғырландырылған қаржы нәтижелерін жариялады

18.03.2020

2020 жылғы 18 наурыз, Алматы – «Қазақстан Халық жинақ банкі» акионерлік қоғамы және оның еншілес ұйымдары (бұдан әрі – Банк) 2019 жылдың 12 айындағы қызметінің нәтижелерін жариялады. 

«2019 жыл Halyk Bank және Топ компаниялары үшін осыған дейін қабылданған 2019-2021 жж. аралығындағы кезеңде «Halyk» Тобын дамытудың орташа мерзімді стратегиясын жүзеге асыруда алғашқы және іс жүзінде бизнестің барлық бағыттары бойынша өркендеудің кезекті жылы болды, - деп Қазақстан Халық банкінің басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова атап өтті, - Банк инвестициялық банкинг саласында, сақтандыру, лизинг, инкассация және телекоммуникация бағыттарында операцияларды жүзеге асыруға қажетті ресурстарға, сондай-ақ Ресейде, Қырғызстанда, Тәжікстанда, Өзбекстан мен Грузияда орналасқан еншілес банктердің мүмкіндіктеріне ие, Орталық Азия нарығындағы ең ірі табысты қаржы тобы ретіндегі беделін растай отырып, трансформациялық үдерісін жалғастыруда.

Халық банкінің өз тарихында алғашқы рет SPO-ға қол жеткізуі 2019 жылдың маңызды оқиғасына айналды. Осының нәтижесінде Банктің еркін айналымдағы акцияларының саны 10%-ға артты. Банктің тұрақты позициясы Қазақстан аймағында тек Халық банктің рейтингілерін көтерген жетекші рейтинг агенттіктері тарапынан ғана емес, сол сияқты Halyk ойдағыдай өткен AQR нәтижелерімен де расталды. Инвесторлардың пікіріне сүйенсек, бүгінгі таңда Halyk Bank – «Proxy name» ұғымына сай Қазақстан экономикасы дамуының барометріне айналды. Өйткені біз – нарықта жеке және заңды тұлғалардың кредиттер мен депозиттері бойынша қомақты нарықтық үлесті қалыптастыратын ең ірі банк болып отырмыз».

Таза пайда 2018 жылдың 12 айындағы 254.2 млрд. теңгемен салыстырғанда, 2019 ж. 12 айында 31.6%-ға, яғни 334.5 млрд. теңгеге дейін, негізінен 2019 ж. 12 айы ішіндегі таза пайыздық кірістің өсуі есебінен артты.   

Пайыздық кіріс 2018 ж. 12 айындағы 682.0 млрд. теңгемен салыстырғанда, 2019 ж. 12 айында 4.1%-ға 710.3 млрд. теңгеге дейін, негізінен пайыздық активтердің орташа қалдықтарының 9.8%-ға өсуі есебінен артты. Таза пайыздық маржа 2018 ж. 12 айындағы жылдық  5,1%-бен салыстырғанда 2019 ж. 12 айында жылдық 5,3%-ға дейін ұлғайды.

Клиенттерге берілген заемдар бойынша тәуекелдер құны 2018 ж. 4 тоқсанда құнсыздандырылған ірі корпоративтік заемды өтеумен және кейбір проблемалық корпоративтік заемдарды еншілес ОУСА ұйымдарына тапсырумен байланысты 2018 ж. 12 айындағы 0,5% көрсеткішпен салыстырғанда, 2019 ж. 12 айда айтарлықтай қалыпқа келтірілген деңгейге жетіп, 0,7% құрады.     

Қызметтер мен комиссиялар бойынша кірістер* пластикалық карталар бойынша операциялардың артуы, сондай-ақ берілген кепілдіктер мен аккредитивтердің негізінде транзакциялық бизнес көлемінің өсуі нәтижесінде 2018 ж. 12 айымен салыстырғанда 2019 ж. 12 айы ішінде 8,8%-ға артқан.

Біріккенге дейін Банк пен ККБ заңды тұлғаларының ағымдағы шоттары арасындағы аударымдар сыртқы аударымдар ретінде қаралып, оларға қатысты тиісті комиссиялар қолданылды. 

Біріккеннен кейін аталған шоттар арасындағы аударымдар ішкі аударымдарға айналды және осыған байланысты тегін жүргізіледі. Нәтижесінде банктің аударымдар – есеп-айырысу шоттарынан түсетін комиссиялық кірістер 2018 ж. 12 аймен салыстырғанда 2019 ж. 12 айы ішінде төмендеген.  Кассалық операциялар үшін комиссиялардың 2018 ж. 12 айымен салыстырғанда, 2019 ж. 12 айында төмендеуі негізінен қолма-қол ақшасыз операциялар көлемі ұлғаюынан орын алды.

Қызметтер мен комиссиялар бойынша шығындар 2018 ж. 12 айымен салыстырғанда, негізінен Банктің эквайрингтік жүйесінде басқа банктердің карталары бойынша операциялар саны ұлғаюы есебінен 40.1%-ға өсті.  

Операциялық кіріс 2018 ж. 12 айымен салыстырғанда, негізінен таза пайыздық кірістің өсуі есебінен 10.8%-ға ұлғайды.

Банктің операциялық шығыстарының операциялық кірістеріне қатынасының  2018 ж. 12 айындағы 31.7%-бен салыстырғанда, 2019 ж. 12 айындағы операциялық шығыстардың төменірек деңгейі мен операциялық кірістердің жоғарырақ деңгейі салдарынан,  26.0%-ға дейін төмендеді.

Аккредитивтер 2018 ж. аяғымен салыстырғанда, 2019 ж.аяғында 3.1%-ға ұлғайды және де жоғары табысты кредиттер үлесі ұлғаюы салдарынан олардың құрылымы жақсарды.

Клиенттерге берілген заемдар 2018 ж. аяғымен салыстырғанда, брутто негізде 6.9%-ға және нетто негізде 7.8%-ға өсті. Несиелік портфельдің 2019 ж. брутто негізде ұлғаюы корпоративтік портфельдің (5.9% брутто негізде), ШОБ портфелінің (9.4% брутто негізде) және бөлшек бизнес портфелінің (7.9% брутто негізде) ұлғаюына байланысты болды.

2019 ж. 4-тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша Stage 3 қарыздарының үлесі 2019 ж. 3-тоқсанының аяғындағы 17.9%-бен салыстырғанда, негізінен корпоративтік және бөлшек қарыз алушылардың бұрын құнсызданған берешегін есептен шығару немесе өтеу нәтижесінде 16.0%-ға дейін азайды.

2018 ж. аяғымен салыстырғанда, заңды тұлғалардың қаражаты 0.8%-ға ұлғайды және жеке тұлғалардың қаражаты негізінен Банк клиенттері өздерінің ағымдағы қажеттіліктерін өаржыландыру үшін қаражатын ішінара алуы және шетел валютасындағы бөлшек депозиттерінің бір бөлігі Astana International Exchange биржасында орналастырылған, АҚШ долларымен номинацияланған облигацияларға ауысуы салдарынан, сәйкесінше, 4.3%-ға қысқарды.

2019 ж. 31 желтоқсандағы жағдай бойынша депозиттердің жалпы сомасындағы теңгемен деноминацияланған корпоративтік депозиттердің үлесі 2019 ж. 30 қыркүйектегі 49.6%-бен салыстырғанда, 49.4%-ды құрады. Сонымен қатар, депозиттердің жалпы сомасындағы теңгемен деноминацияланған бөлшек депозиттер үлесі 2019 ж. 3-тоқсанының соңындағы 42.2%-бен салыстырғанда, 43.7%-ды құрады.

Кредиттік мекемелердің қаражаты 2018 ж. аяғымен салыстырғанда, негізінен қазақстандық банктердің жоғарырақ мөлшерлемелермен орналастыру үшін тартылған қарыздары мен салымдары (РЕПО келісімдері бойынша қарыздарды қоса) ұлғаюы есебінен 81,7%-ға өсті.

2019 ж. 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Банктің қаржы институттары алдындағы міндеттемелерінің 86.2%-ы қазақстандық банктерден алынған қарыздардан (РЕПО келісімдері бойынша қарыздарды қоса), 2014-2017 жж. Экономиканың жекелеген секторларын қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде «ҚазАгро» басқарушы холдингі» АҚ-тан, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-тан және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-тан тартылған қарыздардан құралды.

Шығарылған бағалы қағаздар 2018 ж. аяғымен салыстырғанда, негізінен 750,000,000 АҚШ доллары сомасына шығарылған Еурооблигацияларды 2019 ж. 1 наурызда мерзімінен бұрын өтеу, 2019 ж. 26 сәуірде бастапқы орналастыру сомасы 3.5 млрд. теңгені құрайтын тәртіптелген облигацияларды  өтеу және 2019 ж. 14 қарашада бастапқы орналастыру сомасы 59.9 млрд. теңгені құрайтын купондық облигацияларды өтеу есебінен 7.4%-ға азайды.


* 2019 ж. 1-тоқсаннан бастап төлем карталары бойынша бұрын кассалық операциялар мен банктік аударымдарда есепке алынатын операцияларға байланысты комиссиялардың бір бөлігі төлем карталары бойынша операциялардан алынған комиссиялар түрінде ескеріледі. 2018 ж. 4-тоқсанның көрсеткіштері тиісті түрде қайта есептелді.


Толығырақ ақпарат www.halykbank.kz сайтында:

https://halykbank.kz/about-bank/investoram мекенжайы бойынша


***

Қосымша

БӨЛШЕК БИЗНЕС, ШОБ, МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРҒА ҚАТЫСУ

БӨЛШЕК БИЗНЕС

 

2020 ж. 1 қаңтардағы жағдай бойынша Банк клиенттерінің базасы 11 млн клиентке жетті, осы ретте ең болмаса бір өнімді қолданатын, портфельдегі төлем карталар саны 9 млн бірлікті құрайтын бірегей белсенді клиенттер үлесі - 69%. Банк зейнетақы мен жәрдемақы алушыларға қызмет көрсету бойынша көшбасшы болып табылады

Банк жеке тұлғалар салымдары нарығында жетекші позицияларды ұстап тұруды жалғастыруда: бөлшек депозиттер нарығындағы оның үлесі 33,97%-ды (3,2 трлн. тг.) құрайды.

Банктің кредиттік портфелі 2020 ж. 1 қаңтардағы жағдай бойынша 1 036 млрд. тг. құрады. 2019 ж. кредит беру көлемі 597,3 млрд. теңгені құрады.

Бөлшек кредиттеу нарығында жылдың соңында Банктің үлесі - 17,33%.

Ұзақ жылдар бойы Банктің өңірлік өкілдіктер желісі Қазақстандағы ең кең тарағандардың бірі болып табылады. 2020 ж. 1 қаңтардағы жағдай бойынша ол 24 филиал мен 602 сату арнасын қамтиды. Банктің төлемдік құрылымы есепті кезеңнің соңында 4 459 банкомат пен 1 032 төлем терминалын (оның ішінде 32 мультикиоскілерді), 88 463 POS-терминалды қамтиды. 2019 жылдың 4-тоқсанындағы қорытындылар бойынша Банктің төлем терминалдары желісінде жүргізілген операциялардың жалпы саны 3,8 млн. операцияны құрады.

Банк 9 млн-нан астам карта шығарды, Банк 31 мыңнан астам жалақылық ұйымдарға карталар бойынша қызмет көрсетуде. Халыққа барынша қолжетімді етіп жасау үшін, біз карта шығару бойынша сервистерді жақсартуды жалғастырамыз, осылайша 2019 жылғы 21 қарашадан бастап Банк Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында мекенжай бойынша тегін жеткізу қызметі бар Halyk Bonus картасын шығаруға өтінімдерді қабылдай бастады.

2019 жылдың желтоқсан айында Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының барлық ірі бөлімшелерінде мобильдік эмбоссерлер орнатылды. Осылайша, Банк клиенттері атаулы карталарын 5 минут ішінде алады.  

Homebank-ті пайдаланушылардың саны 4.4 млн. клиентке дейін артты. 2019 жылдың 4-тоқсанында интернет-банкингті пайдаланушылар 11 млн-нан астам операциялар мен төлемдер жүргізді.

2019 жылы Homebank инттернет-банингтің негізгі мақсаты клиенттердің Банк бөлімшелеріне баруын қысқарту үшін сервистерді дамыту және онлайн-қызметтердің барынша кең ауқымын ұсыну болды. Осылайша, Чат-бот клиенттерді онлайн-қолдау қызметі енгізілді, ол ең жиі қойылатын сұрақтарға жауап беруді, және де қажет болған жағдайда, нақты консультация алу үшін байланыс орталығының менеджеріне бағыттауды мүмкін етті.

Сонымен қатар елшіліктерге арналған анықтамаларға жеткізумен қоса тапсырыс беру сервисі енгізілді, мұнда пайдаланушылар өтінімді онлайн жолдайды, ал анықтама клиенттің орналасқан жері бойынша 3 жұмыс күні ішінде жеткізіледі. Одан бөлек, карта ашу, депозит ашу және кредиттерді онлайн ресімдеу секілді танымал сервистер клиенттер үшін қолжетімді.

Кредитті онлайн ресімдеу сервисі клиенттерге Банк бөлімшелеріне баруды қажет етпейді: скоринг онлайн баптаулы, ал келісімге клиент электрондық-цифрлық қолтаңба арқылы қол қоя алады, ол да Homebank арқылы шығарылады.

Сондай-ақ Қазақстанның ЕДБ карталарын кез келген ұстаушысына ұялы нөмірі арқылы жылдам аударым сервисі қосылды: жүйе клиентті сәйкестендіруден өткізеді, егер клиент Halyk Bank клиенті болмаса, сілтеме құрып шығарады, басқа ЕДБ картасын ұстаушы ол бойынша өтіп, карта нөмірін енгізіп, аударымды алады.

Төлемдер бөлімінде қызмет жеткізушілер тізімі кеңеюде: 2019 ж. желтоқсан айының соңындағы жағдай бойынша Homebank жүйесінде 3700-нан астам сервис қолжетімді, 2019 жылы жалпы өсім 2500-ден астам сервисті құрады.

Halyk club клубы аясында, Банк өзінің карта ұстаушыларына арналған бейілділік бағдарламасын белсенді түрде дамытуда. 2019 жылғы қазан айынан бастап клиенттердің Қазақстандағы және шетелдегі барлық карталары бойынша, барлық өзінің және басқа POS-терминалдарда барлық қолма-қол ақшасыз транзакциялары бойынша, интернет төлемдерге және Homebank-тегі төлемдерге 1% бонус есептеледі.

Бүгінгі күні бейілділік бағдарламасының серіктестері желісіндегі сауда орындарының саны 13 мың бірлікке жетті, мұнда клиенттер тұрақты 1%-дан бөлек қосымша 25%-ға дейін бонусқа ие бола алады. Транзакциялық белсенділік айтарлықтай өсті, сонымен қатар клиенттер Homebank-тегі төлемдерді қоса, жинаған бонустарын пайдалана алатын орындардың саны көбейді.

Halyk club коммерсанттар клубына, бейлділік бағдарламасы серіктестеріне  Homebank сервистерінің 90%-ы қосылып, қазірдің өзінде web-сервисте бонустармен коммуналдық қызметтер, интернет, телевизия, балабақша және басқалар үшін төлем жүргізуге болады. Жақын арада Homebank-тің мобильдік нұсқасында да төлем жүргізу қолжетімді болады.

Halyk club - бұл бейілділік бағдарламасының, QR мен бөліп төлеу арқылы сатып алудың 30 000-нан астам серіктес-қатысушыларынан құралған коммерсанттар клубы.

ШАҒЫН және ОРТА БИЗНЕС (ШОБ)

2020 жылғы 1 қаңтардағы деректер бойынша Банк 24,6 мыңнан астам қарыз берілген 7,8 қарыз алушыларды қоса алғанда, 160 мыңнан астам белсенді ШОБ клиенттеріне қызмет көрсетеді. ШОБ кредиттік портфелі 576,2 млрд. теңгені құрады, екінші жартыжылдықтан бастап портфельдің өсімі байқалады. Қаржыландыру көлемі бойынша Банк қазақстандық нарықтың шамамен 39%-ын қамтиды.

Әйелдер кәсіпкерлігін қаржыландыру мақсатында Банк өз қаражаты есебінен 3 млрд. теңге бөлді. 2019 жылы жастар үшін бастапқы бизнеске арналған «Zhas Halyk» кредит беру бағдарламасы қосылды. Бұл мақсатқа 1 млрд. теңге бөлінді. 2020 жылғы 1 қаңтардағы ақпарат бойынша бағдарлама шеңберінде  467,9 млн. теңге сомасына 54 клиентке қаржы бөлінді.

2019 жылы қаржыландыру шарттарына онлайн қол қою және ағымдағы кредит желісі шеңберінде қарыз беру мүмкіндігі іске қосылды. Бүгінгі күні филиалдар желісі арқылы ұсынылатын транштардың шамамен 70%-ы Онлайнбанк арқылы берілуде.

Банк Onlinebank жүйесі арқылы «Заңды тұлғалар үшін төлемдер 24/7» қызметін және де банкішілік операциялар жүргізу мүмкіндігін ұсынады, оның ішінде:

  • заңды тұлғалардың ағымдағы шоттарына заңды тұлғалардың төлемдері;
  • жеке тұлғалардың ағымдағы шоттарына заңды тұлғалардың төлемдері;
  • карталық шоттарға заңды тұлғалардың төлемдері;
  • корпоративтік карталарға заңды тұлғалардың төлемдері;
  • жалақылық төлемдер;
  • өзін өзі инкассациялау карталарынан аударымдар;
  • «ҚТЖ – жүк тасымалдары» АҚ пайдасына төлемдер (бірыңғай дербес шоттарға (БДШ) онлайн есепке алумен төлемдер);
  • ұзақ мерзімді тапсырмалар;
  • заңды тұлғалардың ағымдағы шоттарына жеке тұлғалардан төлемдер алу.


Onlinebank жүйесінде клиенттер контрагенттертер сенімділігін тексеру сервисі, шотты қаражатпен толықтыру және автокассада шоттан қаражатты алу, ақшалай қаражатты банкомат арқылы алу (cash by code), банк бөлімшесіне баруды онлайн брондау, шот болуы туралы, ондағы қалдықтар мен айналымдар туралы анықтама алу, төлемдер қабылдау үшін QR алу сияқты жаңа функцияларды қолдана алады.

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРҒА ҚАТЫСУ

Банк 2019 жылы «Даму» қорымен бірлесіп ҚР-да кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға белсенді қатысуын жалғастырды.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыру қорытындылары бойынша Халық банкі бағдарламаға қатысатын банктер арасында бірінші орынға ие, 3 858 жобаға (субсидиялау шарттарына) қол қойылып, субсидияланатын портфельдің көлемі 692,16 млрд теңгені құрады. Осы көрсеткіштің әрқайсысы бойынша және жалпы алғанда Халық банкі бағдарламаға қатысушы банктер арасында тұрақты түрде бірінші орынды иеленеді.

«Даму» қорымен ынтымақтастықтың тағы бір маңызды бағыты – Банк жеке кәсіпкерлік субъектілеріне ұсынатын қарыздар бойынша кепілдік беру бағдарламасы. Осы бағдарлама қосылған сәтінен бастап Халық банкі клиенттері 1591 кепілдік шартын жасады, бұл бағдарлама шеңберінде шығарылған кепілдіктер көлемінің 24 %-ын құрайды (6 663), бұл көрсеткіш бойынша Банк бірінші орынға ие. «Даму» қорының Халық банкі клиенттері үшін кепілдіктерінің жиынтық көлемі 23,47 млрд теңгені немесе осы бағдарлама бойынша шығарылған кепілдіктердің жалпы сомасының 23%-ын құрады.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасынан бөлек Банк «Даму» қорымен бірлескен жеке кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру бойынша басқа да бірқатар бағдарламаға қатысады:

2014 жылдың сәуір айынан бастап Өңдеу өнеркәсібі саласында қызмет ететін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін (бұдан әрі - ШОКС) қолдау бағдарламасы бойынша 64 млрд. теңге бөлінді, қатысу кезеңінде қайталама игеруді ескергенде, Банк 210,1 млрд. теңге сомасына 5001 жобаны қаржыландырды. Бөлінген және игерілген қаражат көлемі бойынша Банк көшбасшылар үштігіне кірді.

2016 жылдың мамыр айында Банк «Даму» қоры мен жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен ШОКС өңірлік қаржыландыру бағдарламасын іске асыруды қолға алды. 2019 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Бағдарламаға 14 облыс (Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Маңғыстау, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан) және Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары қатысуда. «Даму» қоры мен Банк арасында 22,5 млрд. теңгені құрайтын 64 келісім жасалды.

Бүгінгі күні 64 келісімнің 56 келісімі бойынша қаражатты бастапқы игеру аяқталды. 3,4 млрд. теңге сомасына жасалған 8 келісім бойынша қаражатты бастапқы игеру бойынша белсенді жұмыс жалғасуда, қаражаттың 71%-ы игерілді.

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында 2019 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Банкте 14 облыс (Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Атырау), Алматы, Астана және Шымкент қалалары бойынша 10,9 млрд. теңге орналастырылды, оның 9,8 млрд. теңгесі игерілді. Бұл ретте Банк орналастыру сомасы бойынша екінші деңгейлі банктер арасында 2 орынға ие.

2019 жылдың ішінде Банк «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жеке құрылыс салушыларды тұрғын үй салуға ынталандыру бағыты бойынша іске асыруды жалғастырды.

2018 жылғы желтоқсан айынан бастап «Басым жобаларға кредит беру тетігі» мемлекеттік бағдарламасына қатысуды қолға алды. Бүгінде Банк кәсіпкерлерден 47,8 млрд. теңге сомасына өтінім қабылдады, Банк мақұлдаған сома 26,8 млрд. теңгені құрайды.


«Қазақстан Халық Банкі» АҚ PR-қызметі

тел. +7 727 259 0301, +7 727 333 02820 | pr@halykbank.kz | www.halykbank.kz