Баспасөз орталығы

Halyk Bank өз клиенттеріне жалғасып жатқан карантин жағдайында өздеріне сақ болуға және Банктің қашықтан басқару онлайн қызметтерін пайдалануға шақырады

11.05.2020

Елде Төтенше Жағдайдың аяқталуымен Қазақстанның бірқатар жергілікті аймақтарында Банк бөлімшелерінде клиенттердің ағымы байқалады.

Естеріңізге саламыз, елде ТЖ аяқталса да бірқатар аймақтарда карантин режимі сақталып отыр. Сол себепті, карантин режимінде қауіпсіздікті сақтау мақсатында Банк өз клиенттеріне барынша Halyk Bank-тің тәуілік бойы қашықтан жұмыс жасайтын банк қызметтері мен жеке тұлғалар үшін Homebank, ал жеке тұлғалар үшін Onlinebank сервистерін пайдалануға шақырады.    

Жеке тұлғаларға арналған Homebank қосымшасында Сіз қашықтан:

  • шот пен картаны, соның ішінде 42 500 тг әлеуметтік төлемді алу үшін шот аша аласыз;
  • өз шотыңыздың нөмерін/IBAN анықтай аласыз;
  • БЖТ төлемін жүргізе аласыз;
  • бір мезеттік виртуалды картаны аша аласыз, сондай-ақ үйіңізге тегін жеткізілетін пластик картаға тапсырыс беріп, ала аласыз;
  • Halyk Bank-тің кез келген банкоматынан төлем картасымен немесе «Код арқылы қолма-қол ақша» (Cash-by-сode) функциясы арқылы қолма-қол ақшаны ала аласыз;  
  • арнайы шоттан картасыз қолма-қол ақша ала аласыз;
  • онлайн депозит аша аласыз;
  • онлайн кредит ала аласыз;
  • Halyk Bank картасына комиссиясыз аударымдар орындай аласыз;
  • Қазақстанның немесе әлемнің кез келген картасына аударым жасай аласыз;
  • халықаралық Western Union Online аударымдарын орындай аласыз;
  • Homebank-те 4000 артық қызметтерді: коммуналды қызметтер, ұялы байланыс, интернет, және басқа қызметтерді төлей отырып, 1% бонус пайда таба аласыз. Жинақталған  бонустарды осы қызметтерді өтегенде пайдалана аласыз.


Заңды тұлғаларға арналған Onlinebank қосымшасында қашықтан Сіз:

  • Onlinebank жүйесі бойынша жолданған басқа банктерге теңгемен төлемдер жүргізе аласыз;
  • тәуілік бойы, демалыссыз банк ішінде теңгемен төлемдерді жасай аласыз;
  • Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша сағат 16.00-ге дейін валютада аударымдар орындай аласыз; 
  • Қазақстан мен Ресей контрагенттерін тексере аласыз;
  • төлемдерді қабылдау үшін QR-код ала аласыз;
  • төлемге шотты шығарып бере аласыз;
  • валюталық операцияларға өтінім бере аласыз (валюталық келесім-шарттарды тіркеу және өзгерту);
  • шот, шоттағы қалдықтар, шот бойынша орындалған ақша айналымы туралы анықтамаларды қалыптастыра аласыз;
  • Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша сағат 16.00-ге дейін айырбастау жүргізіп, FX платформасын пайдалана аласыз;
  • Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша сағат 15.00-ге дейін депозиттерді орналастыра аласыз;
  • қажет болған жағдайда Банк бөлімшесіне бару уақытын белгілей аласыз.


Құрметті клиенттер! 

Өздеріңізге сақ болып, Halyk Bank-тің ыңғайлы әрі қауіпсіз қашықтан басқару қызметтерін пайдаланыңыз.


BIZ BIRGEMIZ! 


«Қазақстанның Халық Банкі» АҚ PR-қызметі

тел. +7 727 2 591 719 | pr@halykbank.kz | www.halykbank.kz