Баспасөз орталығы

Аз қамтылған отбасылар "Халық" қайырымдылық қорынан 20 мың азық-түлік жиынтығын алды

08.05.2020

08.05.20, Алматы - Алғашқы азық-түлік көмегі Қазақстан өңірлерінің тұрғындарына жеткізілді. 

Бұған дейін хабарлағандай, "Халық" қайырымдылық қоры төтенше жағдай режимі мен карантиндік кезең салдарынан қиын жағдайға тап болған аз қамтылған және көп балалы отбасыларға арналған 20 мың азық-түлік жиынтығын құрады.

Азық-түлік жиынтығына ең қажетті: ұн, макарон, өсімдік майы, күріш, шай және тәттілер – әрбір отбасы үшін салмағы 60 килограмм құрайтын тағамдар үлестірілді. Көмек өңірлік әкімдіктер ұсынған тізім бойынша бөлінді.

"Халық" қайырымдылық қорының бастамасын еліміздің еріктілер қозғалысы қолдады. ҚР Президенті жариялаған "Волонтер жылы" аясында олар азық-түлік жиынтығын жеткізуге көмектесті.

Алғашқы азық-түлік жиынтығын Қазақстан өңірлеріндегі көмекке мұқтаж отбасылары ала бастады. Өңірлерге, жалпы көлемі 1200 тоннаға жуық азық-түлік үлестіру жоспарланды.

 

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ PR-қызметі

тел. +7 727 2 590 301| pr@halykbank.kz | www.halykbank.kz