Баспасөз орталығы

Танымал меценаттар жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларға азық-түлік жиынтығын сатып алу үшін қаржылай көмек бөлді

06.05.2020

2020 жылғы 6 мамыр, Алматы - «Халық» қайырымдылық қоры қаржылай көмектің операторы болып табылады.

Елге танымал кәсіпкер – меценаттар Тимур Құлыбаев, Қайрат Боранбаев және Кеңес Рақышев жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларға азық-түлік жиынтығын сатып алу үшін қаржылай көмек бөлді.

Бұл көмек елде ТЖ режіміні ң енгізілуі мен карантин шаралары салдарынан қиын жағдайға тап болған тұрғындарға бағытталған.

Бүгінде аталған бастаманың операторы болып табылатын «Халық» қайырымдылық қоры 20 мың азық-түлік жиынтығын құрады. Қазіргі уақытта бұл көмек аймақ әкімдіктері берген тізіміге сәйкес таратылуда. Жалпы көлемі 1200 тонна құрайтын азық-түлік жиынтықтары Қазақстанның барлық аймақтарында жағдайы төмен отбасыларға таратылатын болады.  

Сонымен, ел кәсіпкерлері қиын сәттерде көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, өздерінің әлеуметтік жауапкершілігін тағы да танытты.

 

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ PR-қызметі

тел. +7 727 2 590 301| pr@halykbank.kz www.halykbank.kz